"Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау бойынша комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығына өзгерістер енгізу тура

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № 529 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 8 қарашада № 19575 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау бойынша комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12347 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Осы бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау бойынша комиссия туралы ережеде:

      1 тарауың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1 тарау. Жалпы ережелер";

      4, 5 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер және жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарында тағылымдамадан өткен тұлғалар облыстардың, республикалық мәні бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органы (бұдан әрі - аумақтық әділет органы) жанынан құрылатын Комиссияда аттестаттаудан өтеді.

      5. Комиссия тұрақты қызмет ететін орган болып табылады және жеті адамнан – жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысымен қоса екі жеке сот орындаушысынан, әділет органының екі өкілінен, ғалым-құқықтанушыдан, мәслихат депутатынан және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшелерінен жұртшылық өкілінен тұрады. Комиссияның құрамы және оның жұмысының регламенті уәкілетті органның аумақтық органы басшысының бұйрығымен бекітіледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мәслихат депутатының кандидатурасын облыстардың, республикалық мәні бар қалалардың және астананың мәслихаттары ұсынады.";

      2 тарауың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2 тарау. Аттестаттау комиссиясының өкілеттіктері";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Осы Ереженің 14-тармағында көрсетілген мән-жайлар болған кезде Комиссияның мүшесі өздігінен бас тартады.

      Өздігінен бас тартпаған жағдайда отырысқа қатысатын Комиссияның мүшелері не үміткер қарсылық білдіреді.

      Осы Ереженің 14-тармағында көрсетілген мән-жайлар болған кезде Комиссия мүшесі аттестаттау уақытында қатысқан жағдайда аттестаттау нәтижелері жарамсыз деп есептеледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет Вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр М. Бекетаев