БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 505 бұйрығына (бұдан әрі - Қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15564 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 қыркүйекте Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларында:
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"61. Күдіктілерге және айыпталушыларға арналған сауқаттарды, сәлемдемелерді қабылдау тергеу изоляторының осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес сәлемдемелерді қабылдау бөлмесінің жиһазы мен мүккәмалы тізбесіне сәйкес жабдықталған үй-жайында жүзеге асырылады. Күдіктілерге және айыпталушыларға салмағы 20 килограммнан аспайтын сауқаттар мен сәлемдемелердің санын шектеусіз алуға рұқсат етіледі. Сәлемдемелер келушілердің кезектілік тәртібінде қабылданады. Тізбе мемлекеттік және ресми қолданылатын орыс тілдерінде сәлемдемелер қабылдауға арналған үй-жайда ілінеді.";
1-қосымшаның 1-тармағының 12) тармақшасы алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Тургумбаев |