"Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 10 наурыздағы № 193 бұйр

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 1 қазандағы № 428 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 қазанда № 19438 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 175 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.05.2020 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 10 наурыздағы № 193 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13594 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының "Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында колледж басшыларының кәсіби дамуы" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының "Заманауи педагогикалық менеджмент негізінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқыту арттыру" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының "Дуальды білім беру жүйесін енгізу жағдайында өндірістік технологиялық процестерді модельдеуді пайдалану әдістемесі" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының баспа, полиграфия, кітап тарату саласындағы арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының "Дуальды оқыту жүйесін ендіру жағдайында техникалық және кәсіптік білім берудің оқыту іс-әрекетін ұйымдастырудың кластерлік тәсілі" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының туризм мен қонақ үй шаруашылығы саласындағы мамандықтар бойынша арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында туризм және қонақ үй шаруашылығы саласы үшін мамандарды даярлаудың инновациялық амалдары" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тамақтандыру мен мейрамханалық бизнес саласындағы мамандықтар бойынша арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының "Тамақтану саласы ұйымдарының мамандарын даярлаудағы инновациялық тәсіл – техникалық және кәсіптік білім беру түлектерін оқыту сапасының шарты ретінде" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының "Тігін өндірісі мен киімді модельдеу" мамандығы бойынша "Инклюзивті оқыту және дуальды оқыту элементтерін енгізу - техникалық және кәсіптік білім беру түлектерін бейімдеу және әлеуметтендіру шарты" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының "Шаштараз өнері және сәндік косметика" мамандығы бойынша "Инклюзивті оқыту мен дуальды оқыту элементтерін енгізу - техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде түлектерді әлеуметтендіру мен бейімдеудің шарты" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пәндер оқытушыларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының "Дуальды оқыту жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім беру процесін ұйымдастыру" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жалпы-гуманитарлық пәндер оқытушыларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының "Жалпы-гуманитарлық пәндер оқытушыларының нәтижеге бағытталған білім беру моделінде қызмет жасауға кәсіби-тұлғалық дайындығы" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндер оқытушыларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының "Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жағдайындағы жалпы білім беру пәндер оқытушыларының кәсіби құзыреттілігі" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жаратылыстану - математика пәндері оқытушыларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының "Жаратылыстану - математика пәндері оқытушысының нәтижеге бағытталған білім беру моделі жағдайындағы кәсіби-тұлғалық дайындығы" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының "Кадрлар даярлау жүйесін жаңғыртуда мемлекеттік саясаттың және әлемдік үрдістердің аясында өзгерістерді басқару" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының "Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа формациядағы педагогі" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Дуальды оқыту жүйесі жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы оқу процесін жобалау мен ұйымдастыру" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының экология мамандықтары бойынша түлектеріне "таза өндірісті" енгізу әдіснамасын оқытудың инновациялық әдістері" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "0903000 "Электр энергетикасы" мамандығы бойынша оқыту мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Мұнайгаз саласының мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында дуальды оқытудың ерекшеліктері" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің педагогикалық шеберліктерін дамыту" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында музыкалық-теориялық және арнайы пәндер бойынша білім беру процесін жобалау" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру технологияларын тиімді оқыту" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Техникалық және кәсіптік білім беруде заманауи педагогикалық және SMART-технологияларды пайдалану (СМАРТ)" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Арнайы пәндерді оқыту процесінде білім алушылардың базалық және кәсіби құзыреттерін қалыптастыру" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Инновациялық білім беру технологиялары техникалық және кәсіптік білім берудегі жаратылыстану-математика пәндері оқытушыларының кәсіби-педагогикалық қызметін дамытудың құралы ретінде" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "CLIL (КЛИЛ) әдістемесі: жалпы білім беретін пәндерді ағылшын тілінде оқыту процесінде пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Жаратылыстану-ғылыми пәндерді оқыту процесінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың жобалау-зерттеу қызметін тьюторлық сүйемелдеу" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшыларының құқықтық құзыреттілігін дамыту" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік-модульдік технологияларын енгізудің ерекшеліктері" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "CLIL (КЛИЛ) әдістемесі: арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту процесінде пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Бейіні (мамандығы) бойынша кадрлар даярлаудағы заманауи тәсілдемелер" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын іске асыру" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Модульдік-құзыреттілік тәсілдеме негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымын тиімді басқару. ISO 9001 (ИСО) халықаралық стандартына негізделген білім берудегі сапа менеджментінің жүйесі" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Өндірістік оқыту шеберінің педагогикалық құзыреттілігі: дамыту және жетілдіру" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Білім беру ұйымдары, оқу-әдістемелік кабинеттер, оқу-әдістемелік орталықтар әдіскерлерінің және облыстық білім басқармаларының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімдері қызметкерлерінің қызметіне инновациялық білім беру технологияларын енгізу" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      36) осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инклюзивті оқыту процессінің негізгі аспектілері мен шарттары" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      37) осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Арнайы пәндерді (модульдерді) ағылшын тілінде Content and Language Integrated Learning (Контент энд Лангуэдж Интэгрейтед Лернинг), Task-based Learning and Teaching (Таск-бэйзд Лернинг энд Тичинг) әдістемелері және Bridging-in - Outcomes - Pre-Assessment - Participatory learning - Post-assessment – Summary (Бриджинг-ин-Оуткамз-Пре-Ассесмент-Партисипэйтери Лернинг-Пост-ассэсмент-Саммари) моделінің интеграциясы негізінде оқыту" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      38) осы бұйрыққа 38-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында интеграцияланған білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру ерекшеліктері" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      39) осы бұйрыққа 39-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде кәсіпкерлік қызмет және қаржылық-құқықтық сауаттылықты дамыту" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      40) осы бұйрыққа 40-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқыту процесіне критериалдық бағалаудың әдістерін енгізу" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      41) осы бұйрыққа 41-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі дуальдық оқыту" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      42) осы бұйрыққа 42-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Қазақстан экономикасының негізгі секторларындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      43) осы бұйрыққа 43-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде өндірістік оқыту бойынша тәлімгерлердің тиімді қызметін ұйымдастыру" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      44) осы бұйрыққа 44-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру процесіне IT-технологияларды енгізу" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      45) осы бұйрыққа 45-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "WorldSkills (ВорлдСкилз) стандарттары бойынша аймақтық чемпионаттарды ұйымдастыру және өткізу процесінің негізгі аспектілері" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      46) осы бұйрыққа 46-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруге психологиялық-педагогикалық жетекшілік ету" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      47) осы бұйрыққа 47-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Техникалық және кәсіптік білім беру жағдайында инклюзивтік білім беру ортасын жобалауда жалпы білім беру пәндері оқытушысының кәсіби құзыреттілігін дамыту" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      48) осы бұйрыққа 48-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі әлеуметтік педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      49) осы бұйрыққа 49-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Техникалық және кәсіптік білім беру жағдайында инклюзивтік білім беру ортасын жобалауда арнайы пәндер оқытушысының кәсіби құзыреттілігін дамыту" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      50) осы бұйрыққа 50-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Ерекше білім беруге қажеттілігі бар студенттер үшін техникалық және кәсіптік білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      51) осы бұйрыққа 51-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру пәндері бойынша оқыту процесін жобалау" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      52) осы бұйрыққа 52-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Спорттық ойындар кәсіби-қолданбалы дене дайындығы құралы" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      53) осы бұйрыққа 53-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында модульдік-құзыреттілік тәсілді іске асыру барысында оқу процесін жобалау және ұйымдастыру" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      54) осы бұйрыққа 54-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Мобильді робототехника жүйелерін WorldSkills (ВорлдСкилз) стандарттарына сәйкес әзірлеу" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      55) осы бұйрыққа 55-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Электронды құрылғыларды WorldSkills (ВорлдСкилз) стандарттарына сәйкес әзірлеу және бағдарламалау негіздері" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы бекітілсін;

      56) осы бұйрыққа 56-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңарту жағдайында информатика сабақтарында робот техникасы құралдарын қолдану" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      57) осы бұйрыққа 57-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Техникалық және кәсіптік білім беру жағдайында 3D-принтинг технологияларды қолдану" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      58) осы бұйрыққа 58-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы математикалық-жаратылыстану бағытындағы оқытушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      59) осы бұйрыққа 59-қосымшаға сәйкес педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі заманауи психологиялық-педагогикалық технологиялар" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;

      60) осы бұйрыққа 60-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Кәсіпкерлік қызмет негіздері" курсы оқытушысының кәсіби құзыреттерін дамыту" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы бекітілсін.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 60-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1), 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ш.Т. Кариноваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен бастан қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 1 қазандағы
№ 428 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 10 наурыздағы
№ 193 бұйрығына
60 –қосымша

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Кәсіпкерлік қызмет негіздері" курсы оқытушысының кәсіби құзыреттерін дамыту" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы

1. Кіріспе

      1. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының "Кәсіпкерлік қызмет негіздері" курсы оқытушысының кәсіби құзыреттерін дамыту" тақырыбындағы білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - ТжКБ) педагогикалық қызметкерлерін оқытуға арналған.

      2. Аталған білім беру бағдарламасы ТжКБ ұйымдарының оқытушыларында кәсіпкерлік ойлау дағдыларын дамытуға, ситуациялық талдау әдісі негізінде оқыту техникасын қолдануға, оқу процесін геймификациялауға және ресурстарды жоспарлау мен пайдаланудың әдістері мен нысандарын қолдана білуге бағытталған.

2. Бағдарламаның мақсаты және міндеттері

      3. Бағдарламаның мақсаты ТжКБ ұйымдары үшін бағдарлама аясында оқытушылардың педагогикалық шеберлігін жетілдіру және критериалды бағалау жүйесін енгізу болып табылады.

      4. Бағдарламаның міндеттері:

      1) ТжКБ ұйымдары үшін Бағдарламаның құрылымын, мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін зерделеу;

      2) ТжКБ ұйымдарына арналған Бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын зерделеу;

      3) ТжКБ ұйымдарына арналған Бағдарламаға сәйкес оқыту мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдану дағдыларын қалыптастыру;

      4) ситуациялық талдау әдісі негізінде оқыту техникасын пайдалану дағдыларын дамыту (бизнес кейстер әдісі);

      5) оқу процесін геймификациялау әдісі негізінде оқыту техникасын пайдалану дағдыларын дамыту;

      6) ресурстарды жоспарлаудың және пайдаланудың әдістері мен нысандарын қолдану дағдыларын жетілдіру.

3. Күтілетін нәтиже

      5. Курс соңында тыңдаушылар:

      1) ТжКБ ұйымдарына арналған Бағдарламаның құрылымын, мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін біледі және түсінеді;

      2) ТжКБ ұйымдарына арналған Бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын пайдалана алады;

      3) ТжКБ ұйымдарына арналған Бағдарламаға сәйкес оқыту мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдана алады;

      4) ситуациялық талдау әдісі (бизнес кейстер әдісі) негізінде оқыту техникасын пайдалану дағдыларын меңгереді;

      5) оқу процесін геймификациялау әдісі негізінде оқыту техникасын пайдалану дағдыларын меңгереді;

      6) ресурстарды жоспарлаудың және пайдаланудың әдістері мен нысандарын қолдана алады.

4. Бағдарламаның мазмұны

      6. Бағдарлама білім беруді реформалау мәселесі бойынша ғылыми әдебиеттерді курс мақсатын шолудан одан әрі талдаудан басталады. Педагогикалық қызметкерлер ұйымдарға арналған Бағдарламаның құрылымын, педагогикалық тәсілдерін, бағалау тетіктерін, аспектілерін қарастырады.

      7. Оқытушылар ТжКБ ұйымдарына арналған Бағдарламаны және курс бойынша оқу жоспарын меңгереді. Күн сайын тақырыптық оқыту аяқталғаннан кейін рефлексия жүзеге асырылады, сондай-ақ оқыту мақсатының жетістіктері мониторингі мақсатында тапсырмалар орындалады.

      8. Оқу жоспарына сәйкес осы Бағдарлама аясында Дэвид Колба оқыту процесінің төрт сатылы эмпирикалық моделі негізінде жүзеге асырылады.

      9. Оқыту барысында оқытушылар шағын оқытушылық процесте "эксперимент" жүргізеді.

      10. Бағдарламаның оқу-әдістемелік кешені:

      1) педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламасы;

      2) презентациялар, кейстер және үлестірмелі материалдар;

      3) күтілетін нәтижелерге қол жеткізу дәрежесін анықтауға арналған тапсырмаларды қамтиды.

5. Білім беру процесін ұйымдастыру

      11. Білім беру процесі Бағдарламаның қосымшасына сәйкес курстың оқу-тақырыптық жоспарына сәйкес 80 сағатқа ұйымдастырылады.

      12. Білім беру процесін ұйымдастыру кезінде тыңдаушылардың білімін бақылау және бағалау мақсатында: өзіндік жұмыс, жобалық жұмыс (портфолионы қорғау), шағын сабақтың презентациясы (шағын іс-шаралар), мазмұндық бөлімдер бойынша аралық тестілеу, барлық бөлімдер бойынша қорытынды тестілеу өткізіледі. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар, тест тапсырмалары курстың оқу-әдістемелік кешеніне (бұдан әрі - ОӘК) енгізілген.

      13. Білім беру процесі оқытудың интерактивті нысандары мен әдістерін қамтиды: дәріс, семинар, практикалық жұмыс, тренинг, шағын сабақ презентациясы, кейстер әдісі, жобалық әдіс, бейне-фильмдерді талқылау, сондай-ақ тыңдаушының оқытушымен өзіндік жұмыстары, шағын топтарда жұмыс істеу, оқыту ойындары, кері байланыс, күрделі және пікірталас сұрақтары мен мәселелерін талқылау, мастер-класс, жеке портфолио және аналитикалық есептерді қорғау.

      14. Тыңдаушылардың кәсіби құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау үшін ОӘК бағдарламасына енгізілетін Бағдарламаның мазмұнын меңгеруді бағалау өлшемшарттары мен параметрлері әзірленеді.

6. Білім беру процесін жүзеге асырудың түрлері мен әдістері

      15. Білім беру процесі оқытудың интерактивті әдістерін қамтиды: кейс-стадия, дискуссиялар, ми шабуылы, рөлдік ойындар, жобалар әдісі, проблемалық әдіс, ситуациялық тапсырмалар, кері байланыс, рефлексия.

7. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттары

      16. Алынған білімді меңгеру деңгейін анықтау үшін тест сұрақтары пайдаланылады. Тыңдаушылардың тест бойынша білімдерін бағалау балдарды бесбалдық жүйеге төмендегідей аудару арқылы жүзеге асырылады:

      1) "Өте жақсы": 9-10 балл, (85-100%);

      2) "Жақсы": 7-8 балл, (75-84%);

      3) "Қанағаттанарлық": 5-6 балл, (50-74%).

      17. Курс тыңдаушылары шағын-сабақты (шағын іс-шараны) презентациялау кезінде сабақтың, іс-шараның түрлі кезеңдерін жоспарлау және білім мазмұнын жаңартуды есепке алып, оқыту бойынша үзінді көрсетеді.

      18. Шағын-сабақтарды (сабақты, шағын-іс-шараны) презентациялау үшін келесі өлшемшарттар анықталады:

      1) дағдылардың қалыптасу деңгейі – 0 балл осы сабақта қолдануға келмейді;

      2) 1 балл – алынатын дағды;

      3) 2 балл – дамитын дағды;

      4) 3 балл –қалыптасқан дағды.

      19. Шағын сабақты, шағын іс-шараны презентациялау кезінде білімді меңгеру деңгейін бағалауға төмендегі параметрлер алынады:

      1) ақпаратты нақты және қысқа ұсынады;

      2) нұсқауды анық және дәл береді;

      3) қатысушылардың түсінгендерін анықтайды;

      4) белсенді тыңдайды (қайта құрастырады, түйіндейді, нақтылайды);

      5) ұйымдастырылған іс-шараның уақытын тиімді басқара алады;

      6) тиімді кері байланыс береді;

      7) өзара сыйластық, ынтымақтастық және қолдау жағдайын жасайды;

      8) оқыту мақсатын белгілейді және қатысушылардың қызметіне дұрыс қосылады;

      9) белсенді оқыту стратегиясы мен жаттығуларды орынды және тиімді пайдаланады;

      10) қатысушылардың сұрақтарына жауап береді, проблемалар мен түсініспеушіліктерді шеше алады, кері байланыс пен рефлексия жүргізеді;

      11) ашық сұрақтарды қолданады;

      12) тапсырмаларды талқылауды/орындауды тиімді аяқтайды және оқыту кезеңдері арасында сабақтастық байланыс жасайды;

      13) ойлау мен өзін-өзі бағалау үшін жеткілікті уақыт береді.

      20. Тыңдаушылардың шағын сабақты (сабақты, іс-шараны) таныстыру бойынша білімін бағалау балдарды бес балдық жүйеге ауыстыру арқылы жүзеге асырылады:

      1) "Өте жақсы": 35-39 балл (85-100%);

      2) "Жақсы": 29-34 балл (75-84%);

      3) "Қанағаттанарлық": 20-28 балл (50-74%).

  Техникалық және кәсіптік
білім беру ұйымдарына
арналған педагогика
кадрларының біліктілігін
арттыру курстарының
"Кәсіпкерлік қызмет негіздері"
курсы оқытушысының кәсіби
құзыреттерін дамыту"
тақырыбындағы білім беру
бағдарламасына
қосымша

80 сағаттық біліктілікті арттыру курсының оқу-тақырыптық жоспары

Сабақтың тақырыбы

Дәріс

Іскер лік ойын

Тренинг

Практикалық сабақтар

Жобаларды қорғау

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

1

ТжКБ ұйымдарына арналған "Кәсіпкерлік қызмет негіздері" курсы бойынша оқу бағдарламасына кіріспе

4


4

2


10

2

Жағдайлық талдау әдісі негізінде оқыту техникасы (бизнес-кейстер әдісі)

2


2



4

3

Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері – геймификация


4

4



8

4

1-бөлім "Бизнес-ойлау психологиясы" бойынша практикалық оқыту және сабақтарды жоспарлау

1


1



2

5

2-бөлім "Бизнес-идеяны таңдау" бойынша практикалық оқыту және сабақтарды жоспарлау



2



2

6

3-бөлім "Бизнес-модель, жоспарлау" бойынша практикалық оқыту және сабақтарды жоспарлау



2

2


4

7

4-бөлім "Маркетинг және маркетингтегі зерттеулер" бойынша практикалық оқыту және сабақтарды жоспарлау

2


4

2


8

8

5-бөлім "Сату стратегиясы" бойынша сабақтарды практикалық оқыту және жоспарлау

1


4

1


6

9

6-бөлім "Бизнестің негізгі ресурстары" бойынша практикалық оқыту және сабақтарды жоспарлау

1


2

1


4

10

7-бөлім "Операциялық қызмет" бойынша практикалық оқыту және сабақтарды жоспарлау.

1


4

1


6

11

8-бөлім "Бизнестің қаржылық моделі" бойынша практикалық оқыту және сабақтарды жоспарлау




4


4

12

9-бөлім "Инвестицияларды тарту және мемлекеттік қолдау шаралары" бойынша практикалық оқыту және сабақтарды жоспарлау

1


2

1


4

13

10-бөлім "Даму стратегиясы" бойынша практикалық оқыту және сабақтарды жоспарлау



2



2

14

11-бөлім "Кәсіпкердің жауапкершілігі" бойынша практикалық оқыту және сабақтарды жоспарлау



2



2

15

Тыңдаушылардың шағын сабақтарды (шағын іс-шараны) презентациялауы



6



6

16

Әр бөлімнің соңында сынақ жұмыстарын ұйымдастыру бойынша практикалық оқыту. Сынақ жұмыстарының тапсырмаларын бағалау бойынша практикалық жұмыс



2

2

4

8


Барлығы:

13

4

43

16

4

80