"Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің Тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 350 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 413 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 қыркүйекте № 19399 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1."Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің Тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 350 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7837 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 22 желтоқсандағы № 842-846 (27917) санында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің тізбесі:

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Мемлекеттік білім беру мекемесінің білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне материалдық көмек көрсету.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Г.Х. Қошқарова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Аймагамбетов