БҰЙЫРАМЫН:
1. "Экстернат нысанында оқыту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13110 болып тіркелген, "Әділет" нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген Экстернат нысанында оқыту қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Экстернат нысанында оқыту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 46-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және негізгі орта, жалпы орта, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) экстернат нысанында оқыту тәртібін айқындайды.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Экстернат нысанында оқу:
негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында:
1) денсаулығы туралы дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы бар білім алушыға;
2) уақытша шетелде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары болып табылатын білім алушыларға;
3) барлық білім алу кезеңі аралығында оқытылған пәндер бойынша "4" және "5" деген бағалар алған білім алушыларға;
мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары):
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 181 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18896 болып тіркелген) бекітілген жеңімпаздарының мәдениет және өнер мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуына рұқсат етілетін халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың тізбесіне сәйкес халықаралық, республикалық конкурстардың және фестивальдардың жеңімпаздарына;
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында:
1) денсаулығына байланысты білім беру ұйымына ұзақ уақыт бойы келе алмайтын ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға және мүгедек білім алушыларға;
2) алдыңғы оқу кезеңінде "жақсы" және "үздік" үлгерімі бар, орташа балы 4,5 және одан жоғары білім алушыларға;
3) күндізгі оқу нысанында, "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлерінен басқа, бір жылға дейінгі оқу мерзімімен шетелде оқитын білім алушыларға ұсынылады.";
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқу екінші және одан жоғары курстардың "үздік" оқитын білім алушыларына бір академиялық кезеңде, бірақ бір оқу жылынан аспайтын кезеңде ұсынылады.
8. Экстернат нысанында білім алу Заңның 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес бекітілген орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім немесе жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 9-1 тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат алуға өтінішті білім алушылар ағымдағы оқу жылы басталғанға дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей ұсынады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Экстернат нысанында оқыту үшін негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары білім алушының денсаулығын және аралық, қорытынды аттестаттау нәтижелерін ескере отырып, ағымдағы оқу жылына арналған оқу жұмыс жоспарына сәйкес жеке оқу бағдарламасын және консультация беру кестесін құрады.";
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының экстерндерін аралық, қорытынды аттестаттауға жіберу туралы шешімді педагогикалық кеңес қабылдайды. Экстерндерді аралық, қорытынды аттестаттауға жіберу туралы бұйрықты негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының басшысы ағымдағы оқу жылының 10 мамырынан кешіктірмей шығарады.
15. Консультациялар мен аралық аттестаттаулар ағымдағы оқу жылының қаңтар-сәуір айлары аралығында негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген кесте бойынша өткізіледі.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының аралық және (немесе) қорытынды аттестаттаудан өтпеген экстерндері экстернат нысанынан басқа нысанда жүзеге асырылатын қайта оқу жылына қалдырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі