"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 21 тамыздағы № 144 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 қыркүйекте № 19329 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 655 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларында:

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Қордың активтері тұрақтандыру портфеліне және жинақ портфеліне бөлінеді.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Тұрақтандыру портфелі қаржы құралдарының орташа алынған өтеу мерзімі 1 (бір) жылдан аспауға тиіс.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Жинақ портфелі облигациялар портфеліне, акциялар портфеліне, баламалы құралдар портфеліне және алтын портфеліне бөлінеді.

      Облигациялар портфелі дамыған елдердің мемлекеттік облигацияларының портфелінен, дамушы елдердің мемлекеттік облигацияларының портфелінен және корпоративтік облигациялар портфелінен тұрады.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Төмендегідей бөлу жинақ портфелінің активтерін өтпелі кезең аяқталғаннан кейін нысаналы стратегиялық бөлу болып табылады:

      1) мыналарды қоса алғанда, 60 (алпыс) пайыз – облигациялар:

      30 (отыз) пайыз – дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары;

      20 (жиырма) пайыз – дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары;

      10 (он) пайыз – корпоративтік облигациялар:

      2) 30 (отыз) пайыз – акциялар;

      3) 5 (бес) пайызға дейін – баламалы құралдар;

      4) 5 (бес) пайызға дейін – алтын.";

      5-1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-параграф. Алтын портфелінің өлшемдері";

      56-10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56-10. Алтын портфелінің көлемі Қордың активтерін алтын портфеліне аудару сәтінде жинақ портфелі активтері көлемінің 5 (бес) пайызынан аспайды.";

      3-1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Монетарлық операциялар департаменті (Молдабекова Ә.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Қасенов А.С.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Адамбаева Ә.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А. Біртановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 21 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 21 тамыздағы
№ 144 қаулысына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының
инвестициялық
операцияларын жүзеге
асыру қағидаларына
3-1-қосымша

Өту жоспары

Портфельдердің әр жылдың соңындағы жағдай бойынша жинақ портфелі құрамындағы нысаналы үлестері

Жыл

Облигациялар

Дамыған елдердің акциялары

Балама құралдар

Алтын

Мемлекеттік

Корпоративтік

дамыған елдердің

дамушы елдердің

2019

63%

5%

3%

22% және жоғары

5%-ға дейін

3%-ға дейін

2020

47%

12%

6%

26% және жоғары

4-5%-ға дейін

2021

30%

20%

10%

30% және жоғары

5%-ға дейін