БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемелерді табыс ету және орындау қағидаларын және олардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16589 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 20 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені табыс ету және оларды орындау қағидаларын, сондай-ақ олардың нысандарын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені табыс ету және оларды орындау қағидалары;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттеме нысандары;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттеме нысандары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені табыс ету және оны орындау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені табыс ету және оларды орындау қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені табыс ету және оларды орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 449-бабының 6-тармағына және 465-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені табыс ету және оларды орындау тәртібін айқындайды.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттемеге:
алыс-беріс шикізатының әкетілуін растайтын құжаттар:
алыс-беріс шикізатын әкетуді жүзеге асыруға негіз болған шарт (келісімшарт);
тауарға ілеспе құжаттар.";
Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 1-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
| "Қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені табыс ету және оларды орындау қағидаларына 1-қосымша"; |
Қағидаларға 2-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
| "Қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені табыс ету және оларды орындау қағидаларына 2-қосымша"; |
көрсетілген бұйрыққа 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтын 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлеметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі |
А. Смаилов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі







Ескерту: * жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда.







Ескерту: * жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда.
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 26 тамыздағы № 934 бұйрығына 3-қосымша |
|
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 263 бұйрығына 2-қосымша |



Ескерту: * жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда.
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 26 тамыздағы № 934 бұйрығына 4-қосымша |
|
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 263 бұйрығына 3-қосымша |



Ескерту: * жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда.