Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 211 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының клиринг ұйымдары есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2 және 3 қосымшаларға сәйкес клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілердің нетто-талаптары мен нетто-міндеттемелері туралы есеп нысаны;
3) осы қаулыға 4 және 5 қосымшаларға сәйкес клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілер туралы есеп нысаны;
4) осы қаулыға 6 және 7 қосымшаларға сәйкес клирингтік қызмет көрсетуге қабылданған қаржы құралдары туралы есеп нысаны;
5) осы қаулыға 8 және 9 қосымшаларға сәйкес мәмілелер бойынша өзінің міндеттемелерін жосықсыз орындайтын клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілер туралы есеп нысаны;
6) осы қаулыға 10 қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы клиринг ұйымдарының есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Клиринг ұйымы уәкілетті органға электрондық нысанда:
1) күн сайын, келесі жұмыс күнінің соңына дейін осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілердің нетто-талаптары мен нетто-міндеттемелері туралы есепті;
2) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей:
осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілер туралы есепті;
осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес клирингтік қызмет көрсетуге қабылданған қаржы құралдары туралы есепті;
осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес мәмілелер бойынша өзінің міндеттемелерін жосықсыз орындайтын клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілер туралы есепті ұсынады.
3. Мыналардың:
1) "Клиринг ұйымдарының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 119 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7673 болып тіркелген, 2012 жылғы 8 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 477-482 (27555) жарияланған);
2) "Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті белгілеу, Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтің мәндерін есеп айырысу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 7 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9410 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 3-тармағының күші жойылды деп танылсын.
4. Банктік емес ұйымдарды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 5-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Сыртқы коммуникациялар департаменті-Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А. Біртановқа жүктелсін.
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
2019 жылғы "__" ___________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 16 тамыздағы № 133 қаулысына 1-қосымша |
Клиринг ұйымдарының есептілік тізбесі
Клиринг ұйымдарының есептілігіне мыналар жатады:
1) клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілердің нетто-талаптары мен нетто-міндеттемелері туралы есеп;
2) клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілер туралы есеп;
3) клирингтік қызмет көрсетуге қабылданған қаржы құралдары туралы есеп;
4) мәмілелер бойынша өзінің міндеттемелерін жосықсыз орындайтын клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілер туралы есеп.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 16 тамыздағы № 133 қаулысына 2-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинау үшін арналған нысан
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылады
Әкімшілік деректерге арналған нысан www.natіonalbank.kz интернет-ресурсына орналастырылған
Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілердің нетто-талаптары мен нетто-міндеттемелері туралы есеп
Әкімшілік дереккөздер нысанның индексі: Ф1-КО
Кезеңділігі: күнделікті
Есепті кезең: 20__жылғы "___" _____________
Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: клиринг ұйымдары
Ұсыну мерзімі: күн сайын, келесі жұмыс күнінің соңына дейін .
№ | Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің атауы | Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің коды | Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің міндеттемелері | Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің талаптары | ||||
валютаның атауы | валютаның атауы | валютаның атауы | валютаның атауы | валютаның атауы | валютаның атауы | |||
1 | 2 | 3 | 4-1. | … | 4-n | 5-1. | … | 5-n |
1 | ||||||||
2 | ||||||||
n. |
Кестенің жалғасы
Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің нетто-позициясы | Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің мәмілелер саны | Кепілдік жарнаның сомасы | Маржалық жарналардң/маржалық қамтамасыз етудің сомасы | Қаржы нарығы | ||||||
валютаның атауы | валютаның атауы | валютаның атауы | валютаның атауы | валютаның атауы | валютаның атауы | валютаның атауы | валютаның атауы | валютаның атауы | ||
6-1. | … | 6-n | 7 | 8-1. | … | 8-n | 9-1. | … | 9-n | 10 |
Атауы ________________________________________________ Мекенжайы ____
Телефоны _____________________________________________
Электрондық почта мекенжайы __________________________
Орындаушы ___________________________________________ ______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Қаржылық құралдар мәмілесі бойынша клирингтік қызметін жүзеге асыратын
бөлімшенің басшысы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
______________________________________________ _____________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға
_____________________________________________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда ) қолы, телефон
Күні 20 __ жылғы "___" _________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 16 тамыздағы № 133 қаулысына 3-қосымша |
Әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілердің нетто-талаптары мен нетто-міндеттемелері туралы есеп
(индексі: Ф1-КО, езеңділігі: күнделікті)
1. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілердің нетто-талаптары мен нетто-міндеттемелері туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 2-тармағының 15) тармақшасына, 52-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды клиринг ұйымы күн сайын жасайды.
4. Есеп нысанына бірінші басшы, қаржылық құралдар мәмілесі бойынша клирингтік қызметін жүзеге асыратын бөлімшенің басшысы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлғалар және орындаушы қол қояды.
5. Есеп нысаны тек клиринг қызметін көрсетуге қабылданған қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша ұсынылады.
2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
6. 2-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің атауы көрсетіледі.
7. 3-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің коды көрсетіледі.
8. 4-1. бастап 4-n дейінгі бағандарда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің міндеттемелері тиісті валютада көрсетіледі.
9. 5-1. бастап 5-n дейінгі бағандарда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің талаптары тиісті валютада көрсетіледі.
10. 6-1. бастап 6-n дейінгі бағандарда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің 4 және 5-бағандарда көрсетілген деректердің айырмасы ретінде есептелген нетто-позициясы тиісті валютада көрсетіледі.
11. 7-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъекті мәмілелерінің саны көрсетіледі.
12. 8-1. бастап 8-n дейінгі бағандарда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын кепілдік жарнаның сомасы тиісті валютада көрсетіледі.
13. 9-1. бастап 9-n дейінгі бағандарда клиринг клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің маржалық жарналардың/маржалық қамтамасыз етудің сомасы тиісті валютада көрсетіледі.
14. 10-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектіге мәртебе берілген қор нарығын және (немесе) валюталық нарықты және (немесе) туынды қаржы құралдарының нарығын (деривативтер нарығын) қамтитын қаржы нарығы көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 16 тамыздағы № 133 қаулысына 4-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинау үшін арналған нысан
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылады
Әкімшілік деректерге арналған нысан www.natіonalbank.kz интернет-ресурсына орналастырылған
Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілер туралы есеп
Әкімшілік дереккөздер нысанның индексі: Ф2-КО
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезең: 20__жылғы "_____" ___________
Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: клиринг ұйымдары
Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей
№ | Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің атауы | Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің коды | Күні | |||
Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъекті мәртебесін иелену | Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъекті мәртебесін тоқтата тұру | Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъекті мәртебесін жаңарту | Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъекті мәртебесінен айыру | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | ||||||
2 | ||||||
n. |
кестенің жалғасы
Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъекті мүшесі болып табылатын қор (тауар) биржасының атауы | Қаржы нарығы |
8 | 9 |
Атауы _______________________________________________ Мекенжайы _______
Телефоны ____________________________________________
Электрондық почта мекенжайы _________________________
Орындаушы __________________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Қаржылық құралдар мәмілесі бойынша клирингтік қызметін жүзеге асыратын
бөлімшенің басшысы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
____________________________________________________ __________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға
___________________________________________________ __________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда ) қолы, телефон
Күні 20 __ жылғы "___" _________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 16 тамыздағы № 133 қаулысына 5-қосымша |
Әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілер туралы есеп
(индексі: Ф2-КО, кезеңділігі: ай сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілер туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 02 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 15) тармақшасына, 52-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды клиринг ұйымдары есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша ай сайын жасайды.
4. Нысанға бірінші басшы, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыратын бөлімшенің бастығы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлғалар және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. 2-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің атауы көрсетіледі.
6. 3-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің коды көрсетіледі.
7. 4-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъекті мәртебесі берілген күні көрсетіледі.
8. 5-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъекті мәртебесі тоқтата тұрылған күні көрсетіледі.
9. 6-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъекті мәртебесін жаңарту күні көрсетіледі.
10. 7-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъекті мәртебесінен айыру күні көрсетіледі.
11. 8-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъекті мүшесі болып табылатын қор (тауар) биржасының атауы
12. 9-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектіге мәртебе берілген және (немесе) мәртебе қолданысының тоқтата тұруы және (немесе) жаңартуы болған қор нарығын және (немесе) валюталық нарықты және (немесе) туынды қаржы құралдарының нарығын (деривативтер нарығын) қамтитын қаржы нарығы көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 16 тамыздағы № 133 қаулысына 6-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинау үшін арналған нысан
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылады
Әкімшілік деректерге арналған нысан www.natіonalbank.kz интернет-ресурсына орналастырылған
Клирингтік қызмет көрсетуге қабылданған қаржы құралдары туралы есеп
Әкімшілік дереккөздер нысанның индексі: Ф3-КО
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезең: 20__жылғы "_____" ___________
Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: клиринг ұйымдары
Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей
№ | Қаржы құралының сауда коды | Қаржы құралының атауы | Қаржы құралының ІSІN коды | Қаржы құралының түрі | Номинал валютасы | Эмитенттің атауы | Күні | |
Қаржы құралын клиринг қызметін көрсетуге қабылдау | Қаржы құралын клиринг қызметін көрсетуден шығару | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1 | ||||||||
2 | ||||||||
n. |
кестенің жалғасы
Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъекті мүшесі болып табылатын қор (тауар) биржасының атауы | Қаржы нарығы |
10 | 11 |
Атауы ________________________________________________ Мекенжайы _________
Телефоны _____________________________________________
Электрондық почта мекенжайы __________________________
Орындаушы ___________________________________________ ___________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Қаржылық құралдар мәмілесі бойынша клирингтік қызметін жүзеге асыратын
бөлімшенің басшысы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
______________________________________________________ ___________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға
______________________________________________________ ___________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда ) қолы, телефон
Күні 20 __ жылғы "___" _________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 16 тамыздағы № 133 қаулысына 7-қосымша |
Әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
Клирингтік қызмет көрсетуге қабылданған қаржы құралдары туралы есеп
(индексі: Ф3-КО, кезеңділігі: ай сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) әкімшілік деректерді жинауға арналған "Клирингтік қызмет көрсетуге қабылданған қаржы құралдары туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 02 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 15) тармақшасына, 52-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды клиринг ұйымдары есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша ай сайын жасайды.
4. Нысанға бірінші басшы, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыратын бөлімшенің бастығы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлғалар және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. 2-бағанда клиринг қызметін көрсетуге қабылданған қаржы құралының тауар коды көрсетіледі.
6. 3-бағанда клирингтік қызмет көрсетуге қабылданған қаржы құралының атауы көрсетіледі.
7. 4-бағанда клирингтік қызмет көрсетуге қабылданған қаржы құралының ІSІN коды көрсетіледі.
8. 5-бағанда клиринг қызметін көрсетуге қабылданған қаржы құралының түрі көрсетіледі.
9. 6-бағанда клирингтік қызмет көрсетуге қабылданған қаржы құралының номинал валютасы көрсетіледі.
10. 7-бағанда клиринг қызметін көрсетуге қабылданған қаржы құралы эмитентінің атауы көрсетіледі.
11. 8-бағанда қаржы құралы клиринг қызметін көрсетуге қабылданған күні көрсетіледі.
12. 9-бағанда қаржы құралы клиринг қызметін көрсетуден шығарылған күні көрсетіледі.
13. 10-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъекті мүшесі болып табылатын қор (тауар) биржасының атауы көрсетіледі.
14. 11-бағанда қаржы құралдары клиринг қызметін көрсетуге қабылданатын және (немесе) клиринг қызметін көрсетуден алып тасталатын қор нарығын, валюталық нарықты, туынды қаржы құралдарының нарығын (деривативтер нарығын) қамтитын қаржы нарығы көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 16 тамыздағы № 133 қаулысына 8-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинау үшін арналған нысан
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылады
Әкімшілік деректерге арналған нысан www.natіonalbank.kz интернет-ресурсына орналастырылған
Мәмілелер бойынша өзінің міндеттемелерін жосықсыз орындайтын клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілер туралы есеп
Әкімшілік дереккөздер нысанның индексі: Ф4-КО
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезең: 20__жылғы "_____" ___________
Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: клиринг ұйымдары
Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей
№ | Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің атауы | Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің коды | Қаржы нарығы | Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің орындалмаған/уақтылы орындалған міндеттемесінің көлемі | Клиринг ұйымы қаржы құралдарымен орындалмаған/ уақтылы орындалған мәмілелер бойынша қабылдаған шаралар | ||
валютаның атауы | валютаның атауы | валютаның атауы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5-1. | … | 5-n | 6 |
1 | |||||||
2 | |||||||
n. |
Атауы _______________________________________________ Мекенжайы __________
Телефоны _____________________________________________
Электрондық почта мекенжайы __________________________
Орындаушы ___________________________________________ ____________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Қаржылық құралдар мәмілесі бойынша клирингтік қызметін жүзеге асыратын
бөлімшенің басшысы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
___________________________________________________ _______________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға
__________________________________________________ _______________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда ) қолы, телефон
Күні 20 __ жылғы "___" _________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 16 тамыздағы № 133 қаулысына 9-қосымша |
Әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
Мәмілелер бойынша өзінің міндеттемелерін жосықсыз орындайтын клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілер туралы есеп
(индексі: Ф4-КО, кезеңділігі: ай сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) әкімшілік деректерді жинауға арналған "Мәмілелер бойынша өзінің міндеттемелерін жосықсыз орындайтын клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілер туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 02 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2- тармағының 15) тармақшасына, 52-бабының 2- тармағына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды клиринг ұйымдары есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша ай сайын жасайды.
4. Нысанға бірінші басшы, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыратын бөлімшенің бастығы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлғалар және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. 2-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің атауы көрсетіледі.
6. 3-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің коды көрсетіледі.
7. 4-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъекті жұмыс істетйн қор нарығын, валюталық нарықты, туынды қаржы құралдары нарығын (деривативтер нарығын) қамтитын қаржы нарығы көрсетіледі.
8. 5-1. бастап 5-n дейінгі бағандарда есепті ай ішінде пайда болған тиісті валютада орындалмаған/уақтылы орындалмаған міндеттеменің әрбір фактісі бойынша клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің орындалмаған/уақтылы орындалмаған міндеттемесінің көлемі көрсетіледі.
9. 6-бағанда клиринг ұйымы қаржы құралдарымен орындалмаған/уақтылы орындалмаған мәмілелер бойынша қабылдаған шаралар көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 16 тамыздағы № 133 қаулысына 10-қосымша |
Қазақстан Республикасы клиринг ұйымдарының есептілікті ұсыну қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасы клиринг ұйымдарының есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы клиринг ұйымдарының (бұдан әрі – Ұйым) есептілігін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсыну тәртібін белгілейді.
2. Есептік күнгі жағдай бойынша қағаз тасымалдағыштағы есептілікке Ұйымның бірінші басшысы, Ұйымның қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыратын бөлімшенің бастығы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлғалар, орындаушы қол қояды және Ұйымда сақталады.
3. Электрондық форматтағы есептілік берілетін деректердің құпиялылығын және түзетілмеуін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныш құралдары бар ақпаратты кепілдікпен жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалана отырып ұсынылады.
4. Электрондық форматта берілетін деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін Ұйымның бірінші басшысы Ұйымның қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыратын бөлімшенің бастығы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлғалар қамтамасыз етеді.
5. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, клиринг ұйымы пысықталған есептілікті және есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін көрсете отырып, жазбаша түсіндірмені уәкілетті органға ұсынады.
6. Есептерді қарау кезінде уәкілетті орган клиринг ұйымынан есептілікте көрсетілген ақпаратты тексеру үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды сұратады.