"Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-108 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 6 тамызда № 19208 болып тіркелді

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 5-тармағына және 22-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      "Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген, 2008 жылғы наурыздағы № 3 Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер жинағында жарияланған, 311-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесінде:

      37, 48 және 51-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "37.Акушерия және гинекология, оның ішінде балалар гинекологиясы*

      48. Жалпы хирургия*

      51. Терапия*

      49 - тармаққа қазақ тілінде өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді";

      Ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "*Ескертпе: Облыс орталықтарында, астанада және республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан стационарлық көмек көрсететін ұйымдарда клиникалық практикамен айналысуға үміткер, 2019 жылға дейін интернатураға түскен адамдар үшін.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі О.А. Әбішевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі