"Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы" Қа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 5 тамыздағы № 614 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 5 тамызда № 19202 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11333 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бекітілсін:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 5-3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында жол жүрісіне қатысатын және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органда тіркелген Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау-диагностикалық жабдық – механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін қолданылатын сынау жабдығы және өлшеу құралдары;

      2) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган – жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында басшылықты өз құзыреті шегінде және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган және оның астанадағы, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері;

      3) көліктік бақылау органы – көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органының аумақтық органдары;

      4) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган – автомобиль көлігі саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      5) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған және механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізуді, дамытуды, интеграциялауды және қолдап отыруды жүзеге асыратын акционерлік қоғам (бұдан әрі – БАЖ Операторы);

      6) механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесі – механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің меншік иесі, сондай-ақ механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында не өзге де заңды негізде (жалдау құқығы, тиісті органның осы адамға механикалық көлік құралын және оның тіркемелерін беру туралы өкімі) иеленетін адам. Өзінің қызметтік немесе еңбек міндеттерін орындауына орай, оның ішінде көлік құралының меншік иесімен немесе өзге де иесімен жасалған еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт негізінде көлік құралын басқаратын адам механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесі болып табылмайды;

      7) міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу – міндетті техникалық қарап-тексеруге қатысушы ретінде осы Қағидаларда көзделген техникалық қарап-тексерудің операторлары жүзеге асыратын іс-қимылдар;

      8) міндетті техникалық қарап-тексеруден өту – міндетті техникалық қарап-тексеруге қатысушы ретінде механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің иесі жүзеге асыратын іс-қимылдар;

      9) техникалық қарап-тексеру орталығының маманы – механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізуді жүзеге асыратын техникалық қарап-тексеру операторының қызметкері;

      10) техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасы – механикалық көлік құралы мен оның тіркемелерінің техникалық жай-күйі параметрлерінің тізбесі бар иесі және механикалық көлік құралы мен оның тіркемелері және міндетті техникалық қарап-тексеру нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын құжат.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру тәртібі";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Міндетті техникалық қарап-тексеруді өткізу тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:

      "4-тарау. Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу тәртібі

      52. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесі мәліметтерінің анықтығын қамтамасыз ету үшін БАЖ Операторы мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарына:

      1) "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5-5) тармағына сәйкес бекітілген белгіленген талаптарға сәйкестігіне (бұдан әрі - Талаптар) және белгіленген Талаптармен тыйым салынған, оның ішінде деректерді қолмен енгізуге мүмкіндік беретін тәсілмен мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарды пайдалануды қамтамасыз ететін бағдарламалық белгілердің болмауына;

      2) бастапқы кодтың компиляциялау мен құрастыру дайындығына тексеру жүргізеді.

      53. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесі мәліметтерінің анықтығын қамтамасыз ету мақсатында БАЖ Операторына мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдардан белгіленген Талаптарға сәйкес келмейтін мәліметтерді қабылдауға және модульдерден, бақылаушылардан, датчиктерден бақылау-диагностикалық жабдықтардан жіберілетін деректерді бұрмалайтын мәліметтерді қабылдауға (деректерді) жол берілмейді.

      54. Осы Қағидалардың 52-тармағымен көзделген талаптарды сақтаған кезде БАЖ Операторы мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдардың берілген нұсқасы үшін механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне қосу үшін сәйкестендіру кілтін жасайды.

      55. Сәйкестендіру кілті жасалғаннан кейін және оны мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдардың бастапқы кодына шифрланған түрде енгізгеннен кейін БАЖ Операторы техникалық қарап-тексеру орталықтарының жұмыс станцияларында орындауға арналған орындалатын және өзге де файлдар жиынтығына мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдардың бастапқы кодын түпкілікті компиляциялау мен құрастыруды жүргізеді.

      56. Соңғы мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарды шифрланған түрде сәйкестендіру кілтімен біріктіріп компиляциялағаннан және құрастырғаннан кейін, мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдардың орындалатын файлдарынан (оның ішінде DLL кітапханалары) хеш-сома алынады, ол кейінгі тексерулер жүргізу және диагностикалық картаның қызметтік алаңдарында пайдалану үшін мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарда орындалатын файлдарының нұсқасы мен жай-күйін бірдей сәйкестендіреді.

      57. БАЖ Операторы түрлендіргіштің тікелей мәнін белгілейді, ол хеш-функцияларды парольмен бірге береді және түрлі-түсті кестелерін пайдалана отырып, сөздік бойынша іріктеулерден және шабуылдардан қорғау, сондай-ақ бірдей парольдерді жасыру үшін пайдаланылады.

      Түрлендіргіштің тікелей мәнін БАЖ Операторы белгілейді және беруге жатпайды.

      58. Мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарда белгіленген Талаптарға сәйкессіздігі анықталған кезде БАЖ Операторы деректерді осы мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдар механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне беруді тоқтады.

      59. БАЖ Операторы көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органды мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарды белгіленген Талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы хабардар етеді.";

      қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қарулы Күштердің, басқа да
әскерлер мен әскери
құралымдардың механикалық
көлік құралдары мен олардың
тіркемелерін қоспағанда,
механикалық көлік құралдары
мен олардың тіркемелерін
міндетті техникалық қарап-
тексеруді ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
қосымша";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігі".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші және қырық үшінші абзацтарын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі