"Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Респ

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 588 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 31 шілдеде № 19145 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 457 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 394 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15449 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналасқан:

      1) Министрліктің – www.miid.gоv.kz, "Мемлекеттік қызметтер" деген бөлімінде;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің – www.comprom@miid.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер " деген бөлімінде;

      3) Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz орналастырылған.".

      көрсетілген Стандартқа 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      цифрлық даму, инновация және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 31 шілдедегі
№ 588 бұйрығына
1-қосымша
  "Өнеркәсіптік қауіпсіздікті
декларациялайтын заңды
тұлғалардың басшылары,
сондай-ақ аталған заңды
тұлғалардың тұрақты
жұмыс істейтін емтихан
комиссиялары мүшелерінің
білімін тексеру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметі
стандартына
3-қосымша
  Нысан

Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), телефоны және басқалар)

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрлігінің Индустриялық
даму және өнеркәсіптік
қауіпсіздік комитетінің төрағасы
____________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
(бұдан әрі – Т.А.Ә. )

Өтініш

      өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңды тұлғалардың басшылығы мен тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің емтихан тапсыруына арналған

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 79–бабы, 8–тармағының талаптарына сәйкес, басшылық пен тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында емтихан тапсыру күнін белгілеуді және емтихан қабылдауды сұраймын __________________________________

      ____________________________________________________________________

                        (заңды тұлғаның атауы)

      1. _____________________________________________________________

      2. _____________________________________________________________

      3. _____________________________________________________________

      4. _____________________________________________________________

                        (емтихан тапсырушының Т.А.Ә., лауазымы)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      ______________________________                  ____________________________

      (ұйым басшысының лауазымы)                   (басшының қолы Т.А.Ә.)