"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын мәліметтерді мемлекеттік к

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 776 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 30 шілдеде № 19125 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 01.03.2024 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 01.03.2024 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының пайдалану қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 01.03.2024 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мына:

      1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар табыс ететін мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының пайдалануы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 229 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10931 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 121 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18339 болып тіркелген, 2019 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күштері жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 26 шілдедегі
№ 776 бұйрығымен
бекітілген

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының пайдалану қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 01.03.2024 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының пайдалану қағидалары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабына сәйкес әзірленді және Салық кодексіне сәйкес екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының пайдаланы тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 01.03.2024 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік кірістер органдарына Салық кодексіне сәйкес екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын мәліметтер (бұдан әрі – мәліметтер) салық құпиясын құрайды және Салық кодексінің 30-бабында және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оны мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары жария етпеуге тиіс.

2-тарау. Мәліметтерді пайдалану тәртібі

      3. Мемлекеттік кірістер органдары алған мәліметтер тек қана салықтық әкімшілендіру мақсатында пайдаланылады.

      4. Мәліметтерді салықтық әкімшілендіру мақсатында мемлекеттік кірістер органдары мынадай жағдайларда:

      1) "Салық кодексі 118-бабының 1-тармағында белгіленген жағдайларда, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодексі) 256-бабының 3-тармағында және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабының 3-тамағында белгіленген жағдайларда банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрғанда;

      2) Салық кодексінің 122-бабында белгіленген тәртіппен салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен келісімсіз өндіріп алғанда, сондай-ақ Әлеуметтік кодексінің 256-бабының 2-тармағында және Заңның 31-бабының 5-тармағында белгіленген жағдайларда әлеуметтік төлемдерді өндіріп алған кезде;

      3) салықтық бақылауды жүзеге асырғанда;

      4) орналасқан жері бойынша іс жүзінде жоқ екендігі Салық кодексінің 70-бабында белгіленген тәртіппен расталған заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің, дара кәсіпкердің қызметін тоқтату бойынша мәселені қарағанда;

      5) Салық кодексі 69-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды төлеу кезінде салық міндеттемесін орындау бойынша есеп жүргізгенде;

      6) туындаған күнінен бастап төрт ай бойы айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде өтелмеген салық берешегі бар салық төлеушілердің қаржылық жағдайының өзгеруіне және төлем қабілетсіздігіне алып келген мәмілелерді, жасырын мүлікті және мүліктік міндеттемелерді анықтағанда;

      7) Қазақстан Республикасы қол қойған Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шарттары бар шетел мемлекеттердің немесе мемлекеттердің әкімшілік-аумақтық бірліктерінің құзыретті органдарымен ақпарат алмасуда пайдаланады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 01.03.2024 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.