"Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, э

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 263 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 шілдеде № 19110 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 416 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 16098 тіркелген, 2018 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларында:

      4-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Пайдалануға берілген электр станциялары бойынша жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған жеке инвестициялық келісімдерді жасасу тәртібі.".

      4-тарауда:

      2-параграф мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған жеке инвестициялық келісімдерді оңайлатылған тәртіпте жасасу.".

      16, 17, 18, 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Уәкілетті органмен келісімдер жасасқан және шекті тарифтің инвестициялық құрамдасынан басқа шығын көзі айтарлықтай қосымша сыртқы қаржыландыру (кредиттер, қарыздар), сондай-ақ кредиттер (қарыздар), даму бағдарламаларына енгізілген, жергілікті атқарушы органдар бекіткен жобалар бойынша бұрын тартылған міндеттемелердің негізгі қарызын қайта қаржыландыру және өтеу мақсатында алынған өзгелей ақша қаражаты болып табылған электр энергиясына шекті тарифтер бағдарламасының қолданылу кезеңіндегі 2009-2015 жылдар аралығында ауқымды инвестициялық бағдарламаларды іске асырған энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен оңайлатылған тәртіппен жеке инвестициялық Келісімдер жасасады.

      17. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған жеке инвестициялық келісімдерді жасаудың оңайлатылған тәртібі 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін тиісті энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органға мына материалдар мен ақпаратты ұсынған жағдайда, инвестициялық бағдарламаларды уәкілетті органға қарауға жіберместен және рұқсат беру мен іріктеу рәсімдерін өтпестен осы Келісімдердің жасалуын білдіреді:

      1) 2009-2015 жылдар аралығындағы кезеңде оны (оларды) сатып алуға (жүзеге асыруға) қосымша сыртқы қаржыландыру (кредиттер, қарыздар) тартылған объектінің (объектілердің) пайдалануға енгізу актісі (актілері);

      2) 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша өтелмеген қарыздардың болуын растайтын құжаттар;

      3) жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған тиісті инвестициялық жеке келісімді жасасу үшін осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген қарыздар және объектілер туралы қажетті ақпарат.

      Кредиттер (қарыздар), даму бағдарламаларына енгізілген, жергілікті атқарушы органдар бекіткен жобалар бойынша бұрын тартылған міндеттемелердің негізгі қарызын қайта қаржыландыру және өтеу мақсатында алынған өзгелей ақша тартқан энергия өндіруші ұйымдар үшін жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық жеке келісімдерді жасаудың оңайлатылған тәртібі 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тиісті энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органға мына материалдар мен ақпаратты ұсынған жағдайда, инвестициялық бағдарламаларды уәкілетті органға қарауға жіберместен және рұқсат беру мен іріктеу рәсімдерін өтпестен осы Келісімдердің жасалуын білдіреді:

      1) 2009-2015 жылдар аралығындағы кезеңде жергілікті атқарушы органдар бекіткен даму бағдарламаларына енгізілген жобалар бойынша бұрын тартылған міндеттемелердің негізгі борышын қайта қаржыландыру және өтеу мақсаттары үшін алынған өзге де ақша, кредиттер (қарыздар) тартқан энергия өндіруші ұйымдардың объектісін (объектілерін) пайдалануға беру актісі (актілері);

      2) уәкілетті органға ақпарат берілген күнгі жағдай бойынша өтелмеген қарыздардың болуын растайтын құжаттар;

      3) жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған тиісті жеке инвестициялық келісімді жасасу үшін осы тармақтың екніші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген қарыздар және объектілер туралы қажетті ақпарат.

      18. Оңайлатылған тәртіпте жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған жеке инвестициялық келісімдер жасасатын энергия өндіруші ұйымдардың тізімін уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында уәкілетті органға осы Қағидалардың 17-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген материалдарды және ақпаратты ұсынған күннен бастап күнтізбелік қырық күннен кешіктірмейтін мерзімде жариялайды.

      19. Осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған тізімге енгізілген энергия өндіруші ұйымдар осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған жеке келісімдерге жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қол қояды.

      20. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған жеке келісімдерде бекітілген жеке тарифтер, қызмет көлемі және қызметті сатып алу мерзімі ұлғайту жағына қарай түзетуге жатпайды.";

      мынадай мазмұндағы 3-параграфпен толықтырылсын:

      "3-параграф. Оңайлатылған тәртіпте электр станциялары бойынша пайдалануға енгізілген жеке инвестициялық келісімдерді жасасу".

      20-1. Құрылысына 2015 жылға дейін қарыздық қаржыландыру (кредиттер, қарыздар), сондай-ақ нысаналы мақсаты электр станциясының құрылысын қаржыландыру болатын бұрын тартылған міндеттемелердің негізгі борышын қайта қаржыландыру және өтеу мақсаттары үшін алынған кредиттер (қарыздар), өзге де ақша тартылған электр станциялары 2009-2015 жылдар аралығында пайдалануға берілген және уәкілетті органмен және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен инвестициялық шарттар жасасқан энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен пайдалануға берілген электр станциялары бойынша жеке инвестициялық келісімдерді оңайлатылған тәртіппен жасасады.

      20-2. Пайдалануға берілген электр станциялары бойынша жеке инвестициялық келісімдерді жасасудың оңайлатылған тәртібі 2019 жылғы 1 қыркүйекке дейін мынадай материалдар мен ақпаратты ұсынған жағдайда, инвестициялық бағдарламаларды уәкілетті органға қарауға жіберместен және рұқсат беру мен іріктеу рәсімдерінен өтпестен осы Келісімдердің жасалуын білдіреді:

      1) құрылысына осы Қағидалардың кредиттері, қарыздары, өзге де ақша (бұдан әрі - қарыздар) тартылған объектіні (объектілерді) пайдалануға беру актісін (актілерін);

      2) уәкілетті органға ақпаратты ұсыну күніне төленбеген қарыздардың болуын растайтын құжаттарды;

      3) тиісті жеке инвестициялық келісімді жасасу үшін пайдалануға берілген электр станциялары бойынша осы тармақтың 1)-тармақшасында көрсетілген қарыздар мен объектілер туралы қажетті ақпаратты.

      20-3. Уәкілетті орган пайдалануға енгізілген электр станциялары бойынша оңайлатылған тәртіпте жеке инвестициялық келісімдерді жасасатын энегия өндіруші ұйымдардың тізімін өзінің интернет-ресурсында осы Қағидалардың 20-2-тармағында көрсетілген материалдарды және ақпаратты уәкілетті органға ұсынған күннен бастап күнтізбелік қырық күннен кешіктірмейтін мерзімде жариялайды.

      20-4. Осы Қағидалардың 20-3-тармағына сәйкес уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған тізімге енгізілген энергия өндіруші ұйымдар көрсетілген осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органмен пайдалануға берілген электр станциялары бойынша жеке инвестициялық келісімдерге жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қол қояды.

      20-5. Пайдалануға берілген электр станциялары бойынша жеке инвестициялық келісімдерде белгіленген жеке тарифтер, қызмет көлемдері және қызметтерді сатып алу мерзімдері ұлғайту жағына қарай түзетуге жатпайды.

      21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Заңның 15-4-бабының 7-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес уәкілетті орган жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйыммен Келісім жасағаннан кейін бірыңғай сатып алушы осы энергия өндіруші ұйыммен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф бойынша уәкілетті орган белгілеген көлемде және мерзімдерге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады.

      Уәкілетті орган жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйыммен оңайлатылған тәртіпте жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған жеке инвестициялық келісімді, пайдалануға берілген электр станциялары бойынша жеке инвестициялық келісімді жасағаннан кейін бірыңғай сатып алушы осы энергия өндіруші ұйыммен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф бойынша уәкілетті орган белгілеген көлемде және мерзімдерге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады.

      22. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шартты жасасу тиісті жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған жеке инвестициялық келісімге, пайдалануға беріллген электр станциялары бойынша жеке инвестициялық келісімге қол қойылған күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

      23. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт үшін жеке тарифтерді, көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін тиісті жаңғыртуға, кеңейтуге, рекоснтрукциялауға және (немесе) жаңартуға арналған жеке инвестициялық келісімге, пайдалануға берілген электр станциялары бойынша жеке инвестициялық келісімге сәйкес уәкілетті орган белгілейді.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 4-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің
2019 жылғы 26 шілдедегі
№263 бұйрығына
қосымша
  Жаңғыртудың, кеңейтудің,
реконструкциялаудың және
(немесе) жаңартудың
инвестициялық
бағдарламаларын қарауға
жіберу, оларды қарау және
іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге,
реконструкциялауға және
(немесе) жаңартуға арналған
инвестициялық келісімдерді
жасасу, электр қуатының
әзірлігін ұстап тұру бойынша
көрсетілетін қызметті сатып алу
туралы шарттарды тиісінше
жасасуды және осы шарттар
үшін электр қуатының әзірлігін
ұстап тұру бойынша
көрсетілетін қызметке жеке
тарифтерді, электр қуатының
әзірлігін ұстап тұру
бойынша көрсетілетін қызметті
сатып алу көлемдері мен
мерзімдерін белгілеу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім/ Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық жеке келісім/ Пайдалануға берілген электр станциясы бойынша инвестициялық жеке келісім

      ______________________                               "____" ___________ 20 ___ ж.

      (қол қою қаласы)                                           (жасасу күні)

      Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын

      ________________________________________________________________________,

      (мемлекеттік органның атауы)

      тұлғасында ______________________________________________________________,

      (уәкілетті адамның Т.А.Ә., лауазымы)

      ____________________________________________________ негізінде әрекет ететін,

      (ереже немесе бұйрық)

      бұдан әрі "Уәкілетті орган" деп аталатын және

      (энергия өндіруші ұйымның атауы)

      ______________________________________________________________ тұлғасында,

      (уәкілетті адамның Т.А.Ә., лауазымы)

      ____________________________________________________ негізінде әрекет ететін,

      (жарғы немесе сенімхат)

      екінші Тараптан, бұдан әрі "Энергия өндіруші ұйым" деп аталатын "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім/ жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық жеке келісім/ пайдалануға берілген электр станциясы бойынша инвестициялық жеке келісім (бұдан әрі - Келісім) жасасты.

      1. Келісімде мына түсініктемелер пайдаланылады:

      1) Қарыздар:

      2009 - 2015 жылдар аралығында электр энергиясына арналған тарифтер бағдарламасының қолданылуы кезеңінде ауқымды инвестициялық бағдарламаларды іске асыру үшін уәкілетті органмен Келісім шеңберінде энергия өндіруші ұйымының шекті тарифтердің инвестициялық құрамдас бөлігінен басқа тартылған айтарлықтай қосымша сыртқы қаржыландыру (кредиттер, қарыздар), сондай-ақ кредиттер (қарыздар), даму бағдарламаларына енгізілген, жергілікті атқарушы органдар бекіткен жобалар бойынша бұрын тартылған міндеттемелердің негізгі қарызын қайта қаржыландыру және өтеу мақсатында алынған өзгелей ақша қаражаты;

      2009-2015 жылдар аралығында пайдалануға берілген электр станцияларының құрылысы үшін 2015 жылға дейін тартылған қарыздық қаржыландыру (кредиттер, қарыздар), сондай-ақ уәкілетті органмен және табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен инвестициялық шартқа отырған энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының құрылысын қаржыландыруға мақсатты түрде бөлінген, бұрын тартылған міндеттемелердің негізгі қарызын қайта қаржыландыру және өтеу мақсатында алынған өзгелей ақша қаражаты, кредиттер (қарыздар);

      2) Объектілер - Қарыздар олардың сатып алынуына (іске асыруына) тартылған объектілер

      2. Келісім жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаласын (бағдарламаларын) жүзеге асыру бойынша Келісім Тараптарының міндеттемелері мен құқықтарын қарастырады.

      3. Энергия өндіруші ұйым:

      1) осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту бойынша инвестициялық (инвестициялық) бағдарламаның (бағдарламалардың) іс-шараларын іске асыруға;

      2) есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тәуелсіз энергетикалық сараптамамен расталған осы Келісімнің 2-қосымшасында көрсетілген көрсеткіштерге (индикаторларға) қол жеткізу туралы есепті ұсынуға міндеттенеді.

      Осы Келісімнің 3-тармағының талаптары Заңның 15-4-бабының 9 және 9-1-тармағына сәйкес энергия өндіруші ұйымдарға қолданылмайды. Бұл ретте, осы Келісімнің 1-ші және 2-қосымшасы толтырылмайды.

      4. Энергия өндіруші ұйым:

      1) Заңға және осы Келісімге сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет үшін ақы алуға;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Келісімге сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      5. Уәкілетті орган мыналарға міндетті:

      1) жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық Келісім жасасқан жағдайда осы Келісімнің 3-қосымшасына сәйкес;

      келісімге енгізілген инвестициялық бағдарламалардың сол жылдарға сәйкес орташа өлшенген мәндерімен жеке тарифі ұсынылған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифі;

      келісімге енгізілген барлық инвестициялық бағдарламалардың сол жылдарға сәйкес қызмет көлемі сомасы ұсынылған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көлемін;

      келісімге енгізілген инвестициялық бағдарламалардың барлық қызметті сатып алу мерзімі барынша көп ұсынылған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті сатып алу мерзімін белгілеуге міндетті;

      2) жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық жеке Келісім/пайдалануға берілген электр станциясы бойынша жеке инвестициялық келісім жасасқан жағдайда осы Келісімнің 3-қосымшасына сәйкес:

      2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап өтелмеген қарыздар бойынша негізгі қарыздың жылдық төлемін жабу қажеттілігіне сүйене отырып есептелетін жылдар бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұрумен байланысты көрсетілетін қызметке жеке тарифті;

      2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қайта қаржыландыру мақсатында алынған өтелмеген қарыздар бойынша негізгі қарыздың жылдық төлемін жабу қажеттілігіне сүйене отырып есептелген жылдар бойынша электр қуатын әзірлікте ұстап тұру қызметіне жеке тариф/жылдар бойынша пайдалануға берілген электр станциялары бойынша электр қуатын әзірлікте ұстап тұру қызметіне жеке тариф;

      Объектілердің қолда бар электр қуатына тең жылдар бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру қызметінің көлемі. Бұл ретте, егер осы Объектілер тек негізгі генерациялайтын жабдықты немесе негізгі генерациялайтын қондырғылардан басқа, электр энергиясының және (немесе) жылу өндірісінің технологиялық процесінің басқа да объектілерін қамтыса, жеке Келісім бойынша қызмет көлемі осы негізгі генераторлық жабдыққа сәйкес келетін электрлік қуаты болып табылады. Егер осы Объектілер негізгі генерациялайтын қондырғыны қамтымаса, жеке Келісім үшін қызмет көлемі осы объектілер пайдаланылған жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) электр станцияларының жалпы электрлік қуатын білдіреді;

      энергия өндіруші ұйымның 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап өтелмеген қарыздары бойынша негізгі қарызды өтеу бойынша қалған мерзімінің ұзақтығымен анықталатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі;

      энергия өндіруші ұйымның қайта қаржыландыру мақсаттары үшін алынған өтелмеген қарыздарының 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап негізгі қарызды өтеу бойынша қалған мерзімінің ұзақтығымен анықталатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі;

      3) Осы Келісім үшін әр жылға мына көрсеткіштер бойынша нысаналы индикаторлар белгіленеді: электр және (немесе) жылу энергиясын босатуға шартты отынның үлестік шығыстары; қолда бар электр қуаты; негізгі генерациялайтын жабдықтың жұмыс істеу мерзімі; негізгі генерациялайтын жабдықтың тозу дәрежесі; экологиялық көрсеткіштер.

      Осы тармақтың 3) тармақшасының талаптары Заңның 15-4-бабының 9 және 9-1-тармағына сәйкес энергия өндіруші ұйымдарға қолданылмайды.

      6. Уәкілетті орган:

      1) энергия өндіруші ұйымнан осы Келісім бойынша қабылданған міндеттемелерді орындауды растайтын ақпарат пен құжаттарды сұратуға және алуға;

      2) осы Келісіммен белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайда, сондай-ақ осы Келiсiмнiң 1-қосымшасында көрсетiлген жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңарудың инвестициялық (инвестициялық) бағдарлама (бағдарламалардың) іс-шараларының іске асыру мерзімдері бұзылғанда уәкілетті орган осы келісімді бұзуға не электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемі мен мерзімдерін жүйелік операторды хабардар ете отырып өзгертуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Келісімге сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      7. Келісімде реттелмеген барлық мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнаманы және азаматтық заңнаманы басшылыққа алады.

      8. Келісім бойынша даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі. Дауларды келіссөздер арқылы реттеу мүмкін болмаған жағдайда мұндай даулар сот тәртібімен шешіледі.

      9. Келісімнің ережелерін, Келісімді іске асыру процесінде кез келген Тарап алған немесе алған ақпарат Тараптардың шешімі бойынша құпиялылықты қамтамасыз етеді.

      10. Тараптардың:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сот немесе құқық қорғау органдарының сұрау салуларына ақпарат берген;

      2) ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық және өзге есептілікті алуға құқылы мемлекеттік органдарға берілетін жағдайларды қоспағанда, құпия ақпаратты басқа Тараптың келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейді.

      11. Келісімге қол қойылған күн оның күшіне енген күні болып табылады.

      12. Келісім ____ ( ) жылға жасалды.

      13. Тараптардың екі жақты келісім бойынша жазбаша нысанда қосымша келісімдер жасасу арқылы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

      14. Барлық қосымша келісімдерге Тараптардың өкілетті өкілдері қол қояды.

      15. Келісім бойынша кез келген хат алмасу төмендегі мекенжай бойынша жіберіледі: Уәкілетті орган

      ___________________________________

      Энергия өндіруші ұйым

      _________________________________

      16. Келісім:

      1) қолданылу мерзімі аяқталған;

      2) бұзылған жағдайда;

      3) сот шешкен жағдайда;

      4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында, азаматтық заңнамасында және Келісімде көзделген өзге де жағдайларда қолданылуын тоқтатады.

      17. Тараптардың заңды мәртебесінің немесе ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруі Келісімнің қолданылуын тоқтатпайды және Тараптар Келісімді бұзуға, оны өзгертуге ниет білдірген не құқық нормалары оны қайта ресімдеуді талап еткен жағдайларды қоспағанда, барлық құқықтар мен міндеттер тиісті заңды мұрагерлерге өтеді. Бұл ретте Тараптар құқықтық мәртебесінің, орналасқан жерінің және өзге де деректемелерінің өзгергені туралы 3 күн мерзімде бірін-бірі жазбаша нысанда хабардар етеді.

      18. Келісім Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде және бірдей заң күші бар екі түпнұсқа данада жасалды.

      19. Энергия өндіруші ұйымның жауапкершілігі:

      Энергия өндіруші ұйым Келісім бойынша міндіттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

Уәкілетті орган:

Энергия өндіруші ұйым:

__________________

_______________________

_________________

_______________________

  Жаңғыртуға,
реконструкциялауға, кеңейтуге
және (немесе) жаңартуға
арналған инвестициялық
келісімдер/ жаңғыртуға,
реконструкциялауға, кеңейтуге
және (немесе) жаңартуға
арналған жеке инвестициялық
келісімдер нысанына
1-қосымша
  Нысан

      Жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық бағдарламалар (әрбір инвестициялық бағдарламатөменде келтірілген нысанға сәйкес жеке ресімделеді)

      № ___ инвестициялық бағдарлама (бірліктерден бастап, реттік нөмірін көрсету қажет).

      1. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шаралармен қамтылатын электр станциясының атауы (атауы көрсетіледі).

      2. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шаралар туралы жалпы ақпарат*.

Іс-шара атауы

Іс-шараның басталу мерзімі (айы, жылы)

Іс-шараның аяқталу мерзімі (айы, жылы)

Құны, (млн. теңге)

Енгізілетін негізгі генерациялайтын жабдықтың техникалық параметрлері

Белгіленген электр қуаты, (МВт)

Белгіленген жылу қуаты, (Гкал/сағ)

1

2

3

4

5

6

7

Жұмыс істеп тұрған (бар) электр станцияның қолданыстағы негізгі генерациялайтын жабдығын айырбастау

1.







2.













Жұмыс істеп тұрған (бар) электр станцияның алдында пайдаланудан шығарылған негізгі генерациялайтын жабдығын қалпына келтіру

1.







2.













Жұмыс істеп тұрған (бар) электр станциядағы қосымша негізгі генерациялайтын жабдығын енгізу (кеңейту)

1.







2.













      Ескертпе:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәндері оныншы шегінде көрсетіледі.

      3. Инвестициялық бағдарламаны іске асыру алдында және кейінгі кезеңде электр станциясының параметрлері туралы ақпарат (атауы көрсетіледі)*.

Белгіленген қуаты,

Орташа жылдық қолда бар қуат

Шартты отынның босатуға бөлінген үлестік шығыны**

Электр (МВт)

Жылу (Гкал/с)

Электр (МВт)

Жылу (Гкал/с)

Электр энергиясы (г.у.т./кВтс)

Жылу энергииясы (кг.у.т./Гкал)

1

2

3

4

5

6

7

Инвестициялық бағдарламаны іске асырғанға дейін

1.







Инвестициялық бағдарламаны іске асырғаннан кейін

2.







      Ескертпе:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәндері оныншы шегінде көрсетіледі;

      ** - электр станциясының номиналды жұмыс режимінде.

      4. Инвестициялық бағдарламаның бөлігі ретінде электр станциясына инвестицияларды қайтару туралы ақпарат (атауы көрсетіледі)*.

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жеке тарифі, млн.теңге/(МВт*ай)

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі, МВт

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі, жыл

Жыл сайынғы қажетті қайтарылым деңгейі, млн.теңге/жыл

1

2

3

4

5

1.





      Ескертпе:

      * - * - кесте параметрлерінің сандық мәндері оныншы шегінде көрсетіледі.

      5. Инвестициялық бағдарлама бойынша құжаттар мен материалдар:

      1) Растаушы материалдары бар инвестициялық бағдарлама;

      2) Тәуелсіз техникалық және қаржы аудиттердің растаушы материалдары берілген нәтижелері.

  Жаңғыртуға,
реконструкциялауға, кеңейтуге
және (немесе) жаңартуға
арналған инвестициялық
келісімдер/ жаңғыртуға,
реконструкциялауға, кеңейтуге
және (немесе) жаңартуға
арналған жеке инвестициялық
келісімдер нысанына
2-қосымша

      Жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық бағдарламалардың/жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және (немесе) жаңартуға арналған жеке инвестициялық бағдарламалардың көрсеткіштері мен тиісті мақсатты индикаторлары (әрбір электр станциялары үшін жеке толтырылады)

      Электр станциясының атауы (атауын көрсету)*

Кезеңод (жыл)

Көрсеткіштер

Электр станциясының электр энергиясын босатуға жұмсайтын шартты отынының меншікті шығынының орташа мәні (г.ш.о./кВтсағ)

Электр станциясының жылу энергиясын босатуға жұмсайтын шартты отынының меншікті шығынының орташа мәні (г.ш.о./кВтсағ)

Енгізілетін негізгі генерациялаушы жабдықтың қолда бар электр қуатының желтоқсан айы кезеңіндегі орташа мәні (МВт)

Пайдалануға берілген негізгі генерациялаушы жабдықтың жұмыс істеу мерзімі (кезеңнің аяғындағы жағдай бойынша қалғаны) (жыл)

Электр станциясының азот тотығын шығаруының кезең ішіндегі орташа меншікті мәні (мг/м3)**

Электр станциясының күкірт тотығын шығаруының кезең ішіндегі орташа меншікті мәні (мг/м3)**

Электр станциясының қатты бөлшектерді шығаруының кезең ішіндегі орташа меншікті мәні (мг/м3)**

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1.









...









...









      Ескертпе:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәндері оныншы шегінде көрсетіледі;

      ** - аталған көрсеткіштер бойынша мақсатты индикаторлар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамаларының талаптарын ескере отырып қойылуы тиіс.

  Жаңғыртуға,
реконструкциялауға, кеңейтуге
және (немесе) жаңартуға
арналған инвестициялық
келісімдер/ жаңғыртуға,
реконструкциялауға, кеңейтуге
және (немесе) жаңартуға
арналған жеке инвестициялық
келісімдер нысанына
3-қосымша

      Жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер/ жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және (немесе) жаңартуға арналған жеке инвестициялық келісімдер/Пайдалануға берілген электр станциясы бойынша жеке инвестициялық келісім бойынша электр қуатын әзірлікте ұстап тұру қызметіне жеке тариф, электр қуатын әзірлікте ұстап тұру қызметін сатып алу көлемі мен мерзімі*

Кезең, жыл

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф, мың теңге/(МВт*айына)

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі, МВт

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі, жыл

1

2

3

4

5

1.





...





...





      Ескертпе:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәндері оныншы шегінде көрсетіледі;