ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бағалау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 436 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10562 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 23 тамызда электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бағалау жөніндегі қағидаларында:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
3) азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғысын бағалау – нақты біліктілік деңгейі үшін белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігін анықтау үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүргізетін сараптама;";
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) тренажерлік даярлық – авиация персоналын кәсіби даярлау процесі, одан өту кезінде білім алушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым бекіткен имитациялаудың құрылығыларының көмегімен практикалық дағдылары мен машықтарын алады, ұстап тұрады және жетілдіреді;";
5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Тренажерді пайдаланушыны бастапқы, кезеңдік және арнайы бағалау жүргізу үшін, уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғысын бағалауды жүргізуге (бұдан әрі – өтінім) өтінімді ұсынады. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:";
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Тренажерді бағалаудың жалпы мерзімі уәкілетті ұйым өтінімді тіркеген сәттен бастап 42 (қырық екі) жұмыс күнінен аспайды.
7. Уәкілетті ұйым ұсынылған құжаттарды өтінім тіркелген күннен бастап 21 (жиырма бір) жұмыс күннен аспайтын мерзімде қарайды.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Уәкілетті ұйым өтінімді қарағаннан кейін, оны тіркеген сәттен бастап жиырма бес күннен аспайтын мерзімде, тренажерді бағалауды өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Тренажерді бағалау аяқталғаннан кейін уәкілетті ұйым он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нәтижелер бойынша қорытынды (бұдан әрі - Қорытынды) жасайды.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Оң қорытындының негізінде, уәкілетті ұйым Қорытындыға қол қойылғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде тренажердің сәйкестік сертификатын (бұдан әрі – Сертификат) береді.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Теріс қорытындының негізінде уәкілетті ұйым Қорытындыға қол қойылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде бас тартудың себебін негіздей отырып, тренажердің пайдаланушысына хат жолдайды.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Пайдаланушының атауы немесе ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда, пайдаланушы осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті ұйымға Сертификатты ауыстыруға өтінім жолдайды.
Уәкілетті ұйым пайдаланушы ұсынған құжаттарды 15 (он бес) жұмыс күнінде қарайды, оның қорытындысы бойынша тренажерлік құрылғыларды бағалауды жүргізбей, жаңа Сертификат береді.
Бұл ретте бұрын берілген Сертификат уәкілетті ұйымға қайтаруға және оны жоюдың тәсілін көрсете отырып, еркін нысандағы жою актісіне сәйкес жоюға жатады.";
4 және 5 қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2 қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Р. Скляр |
Тренажерлік құрылғыларды бағалау нәтижелері жөніндегі қорытынды
___________________________________________
(уәкілетті ұйымның атауы)
20__ жылғы "__" _______ № ____ бұйрығына сәйкес
_________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) лауазымы)
_________________________________________ тренажерді бағалауды жүргізді
(ұйымның атауы)
Қорытындының мәтіні
__________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Тұжырымдар:
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Комиссия:
Комиссия төрағасы:
__________________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (лауазымы) (қолы)
Комиссия мүшелері:
__________________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (лауазымы) (қолы)
Азаматтық авиация ұйымының басшысы ______________________
(Т.А.Ә. (лауазымы) (қолы)
Мөрдің орны (болған жағдайда). күні
Рәміз Уәкілетті ұйымның атауы Уәкілетті ұйымның мекенжайы Тренажердің сәйкестік сертификаты № ________
Заңды тұлғаның тұрғылықты мекенжайы
20__ жылғы "___" _________ берілді.
Осы сертификат _________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
тренажері (АОО, ұйымның, құрылымдық бөлімшенің атауы)
__________________________________________________________________________
___________________________________________
Қазақстан Республикасы белгілеген талаптарға, ИКАО стандарттарына және
ұсынатын практикасына сәйкес келетінін куәландырады..
Сертификат тренажерді тексерудің нәтижелері жөніндегі қорытындының негізінде
20___жылғы "___" ___________________ берілді.
_________________________________________________________________________
______ (уәкілетті ұйымның атауы) ___________________
Инспекциялық бақылауды
________________________________________________________________________
(уәкілетті ұйымның атауы)___________________ жүзеге асырады.
Сертификаттың жарамдылық мерзімі 20 __ жылғы "___" _________ дейін
Басшы _____________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда, лауазымы) (қолы)