Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 17 шілдедегі № 737 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 шілдеде № 19052 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналардың:

      1) "Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлікті алуға арналған сауалнама нысандарын, уәкілетті экономикалық операторлар тізілімін, уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлікті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 26 шілдедегі № 372 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6383 болып тіркелген, "Казахстанская правда" № 218 (26279) газетінде 2010 жылғы 18 тамызда жарияланған);

      2) "Уәкілетті экономикалық операторлардың сауалнамасын, тізілімін және тізілімге енгізу туралы куәлігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 26 шілдедегі № 372 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 234 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10909 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының "Әділет" нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі