Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 22 өкіміне "Алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы" өзгеріс енгізу туралы

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 18 өкімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 16 шілдеде № 19031 болып тіркелді

      1. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 22 өкіміне "Алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8894 болып тіркелген, 2013 жылғы 28 қарашадағы № 325 (27599) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 40-бабы, "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 184-2-бабы, "Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2–бабы, "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-11-бабы, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабы, "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-2-бабын іске асыру мақсатында":".

      2. Осы өкім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
А. Шәкіров