"Алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтердің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 273 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 644 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 28 маусымда № 18930 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтердің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 273 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16544 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер" нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қаржы министрінің
2019 жылғы 27 маусымдағы
№ 644 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы "23" ақпандағы
№ 273 бұйрығымен
бекітілген
нысан

      Мәліметті беруші уәкілетті мәмлекеттік органның немесе азаматтық авиация саласындағы

      уәкілетті ұйымның атауы _______________________________________________

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі _________________________

Алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер

р/с №

Оларды жүзеге асыру кезінде алымдардың алуы қарастырылған, олардың мүдделерінде уәкілетті мемлекеттік органдары әрекет жасайтын заңды тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің атауы немесе жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Бизнес сәйкестендіру нөмірі / жеке сәйкестендіру нөмірі (болған кезде)

Заңды мекен-жайы немесе тұрғылықты мекен- жайы

Тіркеу әрекетінің түрі және (немесе) алым көзделген құжаттың немесе телнұсқасының түрі

Алым ставкасы (айлық есептiк көрсеткiш)

Бюджетке енгізуге жататын алым сомасы (теңге)

Бюджетке енгізілген алым сомасы (теңге)

Алымның бюджетке төленгенін растайтын төлем құжатының нөмірі және күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9











ЖИЫНЫ:









_____________________________________________________________________
(Бірінші басшының (оның міндетін атқарушы адамның) немесе уәкілетті
мемлекеттік органның немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті
ұйымның оқшауланған бөлiмшесiнің басшысының (оның міндетін атқарушы
адамның) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_____________________________________________________________________
(Мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған кезде)
Мәліметтер жасалған күні 20__ жылғы "___"__________________

__________ (қолы)
__________ (қолы)

  "Алымды төлеушілер
және салық салу
объектілері туралы мәліметтер"
нысанына
қосымша

"Алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      1. Нысан 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексi) 550-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Нысанды мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды тұлға толтырады.

      3. Нысанға мәліметтерді беретін уәкілетті мемлекеттік органның немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бірінші басшысы (оның міндетін атқарушы адам) немесе уәкілетті мемлекеттік органның немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның оқшауланған бөлiмшесiнің басшысы (оның міндетін атқарушы адам) және мәліметті жасауға жауапты лауазымды тұлға қол қояды.

      4. "Уәкілетті мемлекеттік органның немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атауы" деген жолда мәліметтерді табыс ететін уәкілетті мемлекеттік органның немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атауы көрсетіледі.

      5. "Бизнес сәйкестендіру нөмірі" деген жолда мәліметті табыс ететін уәкілетті мемлекеттік органның немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      6. 1-бағанда реті бойынша нөмірі көрсетіледі. Кейінгі мәлімет реті бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс.

      7. 2-бағанда оларды жүзеге асыру кезінде алымдардың алуы қарастырылған, олардың мүдделерінде уәкілетті мемлекеттік органдар немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның әрекет жасайтын заңды тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің толық атауы немесе жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.

      8. 3-бағанда 2-бағандағы көрсетілген заңды тұлғаның (жеке тұлғаның) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі, ол болған кезде. Егер 2-бағанда көрсетілген тұлға Қазақстан Республикасының резиденті болып табылған жағдайда 3-баған толтырылуға міндетті.

      9. 4-бағанда 2-бағанда қөрсетілген заңды тұлғаның мекен-жайы немесе тұлғаның тұрғылықты мекен-жайы, облыс, қала, көше, үйдің, пәтердін нөмірі көрсетіледі.

      10. 5-бағанда Салық кодексінің 553 және 554-баптарына сәйкес тіркелу әрекетінің және (немесе) алым көзделген құжаттың немесе құжаттың телнұсқасының түрі көрсетіледі.

      11. 6-бағанда республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштің мөлшерінен шыға отырып, Салық кодексінің 553 және 554-баптарына сәйкес алымдарды төлеу күнiне қолданылатын алым мөлшерлемесі көрсетіледі. Уәкілетті мемлекеттік органның немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ведомстволық ақпараттық жүйесінде, осындай ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы мәліметтерді қалыптастыру кезінде аталған көрсеткіш болмаған жағдайда бұл бағанды толтыру міндетті болып табылмайды.

      12. 7-бағанда бюджетке теңгемен төленуге жататын алым сомасы көрсетіледі.

      13. 8-бағанда бюджетке теңгемен төленген алымның сомасы көрсетіледі.

      14. 9-бағанда бюджетке алымның төленгенін растайтын төлем құжатының нөмірі және күні көрсетіледі.