"Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 132 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 560 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 26 маусымда № 18906 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 775 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 13.11.2020 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 132 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6175 болып тіркелген, Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың актілер жинағында 2007 жылғы 7 тамызда № 13 санымен жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі облыстардың, республикалық маңызы бар қалаларының Полиция департаменттері округтік әскери-дәрігерлік комиссияларының төрағалары өз жұмысында осы Талаптарды басшылыққа алсын.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын Талаптарда:

      1-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) I баған:

      әкімшілік функцияларды жүзеге асыратын қызметтердің басшылары;

      криминалдық полиция, жедел-іздестіру қызметтерінің, есірткі қылмысына, экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі (ашық ауада қызмет атқаратын адамдардан басқа) қызметкерлері;

      әкімшілік полиция бөліністерінің қызметкерлері;

      объектілердегі полицияның арнайы қызметтерінің (ашық ауада қызмет атқаратын адамдардан басқа) қызметкерлері;

      кезекші бөлімдердің қызметкерлері;

      қылмыстық-атқару жүйесі органдарының (мекемелерінің) қызметкерлері;

      жүргізуші-қызметкерлер (жедел автокөліктің жүргізуші - қызметкерлерінен басқа);

      жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығы бойынша нұсқаушылар;

      фельдъегерлік қызмет бөліністерінің қызметкерлері;

      әкімшілік полицияның әкімшілік практика және тіркеу-емтихан қызметтерінің қызметкерлері;

      әскери-жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс бөліністерінің қызметкерлері;

      өзіндік қауіпсіздік бөліністерінің қызметкерлері;

      кинологиялық қызмет бөліністерінің қызметкерлері;

      кавалерист полицейлер;

      көші-қон қызметі бөліністерінің қызметкерлері;

      2) II баған:

      ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бөліністердің қызметкерлері;

      арнайы бөліністердің қызметкерлері ("Сұңқар", "Арлан" жылдам қимылдайтын арнайы жасақ (бұдан әрі - ЖҚАЖ));

      азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері (өртті сөндіруге тікелей катысатын);

      полицияның патрульдік қызметінің саптық бөліністерінің (ашық ауада қызмет өткеретін) қызметкерлері;

      режимдік объектілерді күзету және арнайы жүктерге ілесіп жүру жөніндегі саптық бөліністердің қызметкерлері;

      жедел автокөліктің жүргізуші-қызметкерлері;

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің жедел ден қою, айдауылдау қызметкерлері;

      қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметінің жедел ден қою қызметкерлері;

      "Интерпол" бөліністерінің қызметкерлері;

      жедел қызметкерлер (ашық ауада қызмет атқаратын);

      жедел ден қою бөліністерінің қызметкерлері (жазғы құрам);";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) IV баған:

      кадр, штаб бөліністерінің қызметкерлері;

      екінші арнайы бөлімдердің, арнайы тасымалдау бөлімдерінің қызметкерлері;

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері (жедел ден қою, айдауылдау қызметкерлерінен басқа);

      қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері (жедел ден қою қызметкерлерінен басқа);

      барлық атаудағы техниктер.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Орталық әскери-дәрігерлік комиссия басқармасы (М.Ш. Ниязов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күні ішінде оны оны ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына жариялауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі полиция
      генерал-лейтенанты Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      2019 жылғы "___" ______________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      2019 жылғы "___" ______________