"Жобалау-іздестіру қызметіне лицензиялар беру" мемлекеттік қызметтер көрсету регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2010 жылғы 4 қарашадағы № 486 және Қазақстан Республи

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 12 маусымдағы № 390 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 14 маусымдағы № 220 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 20 маусымда № 18875 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Жобалау-іздестіру қызметіне лицензиялар беру" мемлекеттік қызметтер көрсету регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2010 жылғы 4 қарашадағы № 486 және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің міндеті атқарушының 2010 жылғы 5 қарашадағы № 283-ө бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6677 болып тіркелген, 2011 жылғы 2 сәуірде "Егемен Қазақстан" газетінің № 124-127 (26529) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
____________ Р. Скляр
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
____________ Қ. Бозымбаев