"Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттік авиациясының бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 91 және Қазақстан Республикасы Қо

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 4 маусымдағы № 360 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 14 маусымдағы № 467 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 20 маусымда № 18874 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттiк авиациясының бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 91 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 128 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6922 болып тіркелген, 2011 жылғы 1 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінің № 228-231(26629) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттік авиациясының бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидасында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) әуеайлақтың бақылау нүктесi - әдетте әуеайлақтың ұшу-қону жолағы орталығының географиялық орнымен (геодезиялық координаттармен) айқындалатын нүкте;";

      2-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) ұшу-қону жолағы (бұдан әрі - ҰҚЖ) - әуе кемелерінің қонуы мен ұшуына дайындалған құрылықтық әуеайлағының ұшу жолағының белгілі бір тік бұрышты учаскесі;"

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік авиацияның бірлесіп орналастыру әуеайлағын пайдалану ерекшеліктері Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 744 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16210 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды жүргізу қағидаларына сәйкес әзірленетін аэронавигациялық паспортпен айқындалады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Ұшуды жоспарлау және ұйымдастыру тәртібі";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Бірлесіп орналастыру әуеайлақтары аудандарында азаматтық авиацияның әуе кемелерінің әуе қозғалысына, сондай-ақ мемлекеттік авиацияның әскери-көліктік және (немесе) көліктік әуе кемелерінің жекелеген ұшуына және ұшып өтуіне қызмет көрсетуді ӘҚҚ органының (қызметінің) кезекші ауысымы жүзеге асырады.

      Әуе қозғалысына қызмет көрсету "Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7006 болып тіркелген) (бұдан әрі - ӘҚҰ жөніндегі нұсқаулық) сәйкес жүзеге асыралады.";

      11 және 11-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік авиацияның әуе кемелерімен жоспарлы ұшуды орындау кезінде авиациялық әскери бөлімнен (ӘҚБ органынан) ӘҚБ БТ құрамына мыналар тағайындалады:

      1) ұшу басшысы (бұдан әрі - ҰБ);

      2) ұшу басшысының көмекшісі (бұдан әрі - ҰБК);

      3) таяу аймақтың басшысы (бұдан әрі - ТАБ);

      4) қону аймағының басшысы;

      5) алыс аймақ басшысы (әскери басқару офицері) (бұдан әрі - ААБ).

      11-1. ӘҚҚ органынан (қызметінен) ӘҚБ БТ құрамына әуеайлақтық диспетчерлік орталықтың (бұдан әрі - ӘДО) немесе ӘҚҚ органының (қызметінің) кезекші ауысымының әуеайлақ ауданы диспетчерлік пунктінің (бұдан әрі - ӘАДП) персоналы кіреді. Әуе кеңістігінің құрылымына байланысты ӘҚБ БТ құрамына аралас әуе қозғалысында жауапкершілік ауданында ұшу жүргізілетін ӘҚҚ аралас пункттерінің диспетчерлері де кіруі мүмкін, олар ӘҚБ БТ басшысына жедел бағынады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Тиесілігі бойынша мемлекеттік авиацияға жататын бірлесіп орналастыру әуеайлақтарында ӘҚБ БТ басшысы:

      1) жоспарлы мемлекеттік авиация әуе кемелерінің ұшуларын және азаматтық әуе кемелерінің ұшуларын бір мезгілде жүргізу кезінде – азаматтық авиация ҰБ, мемлекеттік авиация ҰБ ӘҚБ БТ басшысының көмекшісі;

      2) азаматтық әуе кемелерінің әуе қозғалысына және олармен бірге орындалатын мемлекеттік әуе кемелерінің жекелеген ұшуына (ұшып өтуіне) қызмет көрсету кезінде - азаматтық авиация ҰБ, мемлекеттік авиация ҰБ ӘҚБ БТ басшысының көмекшісі болып табылады.

      Тиесілігі бойынша азаматтық авиацияға жататын бірлесіп орналастыру әуеайлақтарында ӘҚҚ органының (қызметінің) ҰБ (аға диспетчері) ӘҚБ БТ басшысы болып табылады, ал авиациялық әскери бөлімнің (ӘҚБ органының) ҰБ ӘҚБ БТ басшысының көмекшісі болып табылады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Бірлесіп орналастыру әуеайлағы ауданында мемлекеттік және азаматтық авиация әуе кемелерiнiң бiр мезгiлдегi ұшуын орындау кезінде әуе қозғалысына қызмет көрсетуді (ұшуды басқару) олар үшін жауапкершілік аймақтарында белгіленген шекараларда ӘҚҚ (ӘҚБ) органы жүзеге асырады:

      1) ұшу және қону аймағында:

      мемлекеттік авиацияның ҰБ немесе ҰБК және азаматтық авиация ӘҚҚ органының (қызметінің) ӘДО (ӘАДП) диспетчері - көзбен көрiнетiн шекте;

      мемлекеттік авиацияның ұшу және қону аймағының басшысы мен азаматтық авиация ӘҚҚ органының (қызметінің) ӘДО (ӘАДП) диспетчері – қону бағытындағы ҰҚЖ осінен +/- 25 градус секторында және ҰҚЖ басынан 60 км қашықтықта.

      2) ұшу және қону аймағының басшысы және азаматтық авиация ӘҚҚ органының (қызметінің) ӘДО (ӘАДП) диспетчері - таяу аймақта (әуеайлақтың бақылау нүктесiнен 50-60 км радиуста) мемлекеттік авиацияның ТАБ немесе таяу аймақтың штаттық басшысы жоқ болмаған кезде;

      3) мемлекеттік авиацияның ААБ әскери басқару офицері мен азаматтық авиацияның жақындау диспетчері - алыс аймақта (әуеайлақтың бақылау нүктесінен 75 км қашықтықтан және әуеайлақ ауданында ҰЖН белгіленген шекараға дейін).

      ӘҚБ БТ құрамына кіретін ӘҚҚ органының (қызметі) диспетчерлік пункттерінің жауапкершілік аймақтары және әуе қозғалысына қызмет көрсететін қабылдау-өткізу шекарасы тиісті диспетчерлік пунктер қызметін регламенттейтін технологияға сәйкес белгiленедi.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес ӘҚБ БТ ұйымдастырылған бірлесіп орналастыру әуеайлағындағы авиациялық әскери бөлімде жоспарлы ұшу болмаған кезде және мемлекеттік авиация әуе кемелерінің (тікұшақтар мен әскери-көлік ұшақтарын қоспағанда) жекелеген ұшуы немесе ұшып өтуі ғана болған кезде авиациялық әскери бөлім атынан ӘҚБ БТ құрамына:

      1) әуе кемелерiн қабылдау және шығару жөнiндегi кезекшi;

      2) ұшу және қону аймағының басшысы немесе таяу аймақ басшысы тағайындалады.

      ӘҚҚ органынан ӘҚБ БТ құрамына ӘҚҚ диспетчерлерiнiң кезекшi ауысымы толық құрамда тағайындалады.

      ӘҚБ БТ басшысы ӘҚҚ органының ҰБ (аға диспетчер), ал әуе кемелерiн қабылдау және шығару жөнiндегi кезекшi – оның көмекшiсi болып табылады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Ұшуды әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Байланысты, ұшуды радиотехникалық және электржарықтехникалық қамтамасыз етудi ұйымдастыру тәртібі";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Ұшуды және байланысты РТҚ жер бетiндегi құралдары осы жабдықты пайдаланудың белгіленген тәртiбiне сәйкес орналастырылады.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Әуе кемелерiне инженерлік-авиациялық қызмет көрсету тәртібі";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Әуеайлақты күзету және қорғау тәртібі";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз етудi ұйымдастыру тәртібі";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Бiрлесiп орналастыру әуеайлағында мемлекеттiк авиацияның ұшуын метеорологиялық қамтамасыз ету мемлекеттік авиацияның штаттық метеорологиялық бөлiмшелерi нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпте жүзеге асырады.

      Бiрлесiп орналастыру әуеайлағында азаматтық авиацияның ұшуын метеорологиялық қамтамасыз етуді аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілер жүзеге асырады.";

      49-тармақ алып тасталсын;

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Мемлекеттік және авиацияның метеорологиялық бөлiмшелерi өзара қарым-қатынаста жұмыс iстейдi және метеорологиялық ақпаратпен тұрақты алмасуды және ҰБ мен диспетчерлерге әуе кемелерiнiң экипаждарына жiберiлетiн метеорологиялық бақылаулардың нәтижелерiн берудi жүзеге асырады. Метеорология бөлiмшелерiнiң арасында тікелей телефон не дауыс зорайтқыш байланысы орнатылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
_________________ Р. Скляр

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
_______________ Н. Ермекбаев