"Жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 16-02/701 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 239 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 маусымда № 18870 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 16-02/701 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10183 тіркелген, 2015 жылғы 13 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарларға қарау қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Асыл тұқымды малдарды қоса алғандағы, ауыл шаруашылығы, үй және жабайы жануарларына қарау тәртібі";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Өндірістегі, тестілеудегі, оқу мақсатындағы және ғылыми– зерттеулердегі, сонымен қатар биологиялық препараттардың өндірісіндегі жануарларға қарау тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Спорттық шараларда, ойындарды ұйымдастыруда пайдаланылатын жануарларға қарау тәртібі";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Тасымалдау кезінде жануарларға қарау тәртібі";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Қараусыз қалған, қамқорлықсыз қалған тастанды, қаңғыбас, жануарларды және тағыланған үй жануарларына қарау тәртібі";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Адам күтіп-бақпайтын, бірақ адам қызметімен жартылай немесе толық жасалатын жағдайда мекендейтін жануарлардың санын реттеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 480 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16115 болып тіркелген) бекітілген Жануарлардың санын реттеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады және биостерилизация әдістерімен немесе биологиялық әдістермен, ал оларды қолдану мүмкін болмаған жағдайда, эвтаназия әдістерімен жүргізіледі.";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Жануарларды жансыздандыру кезінде мейіріммен қарау".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров