Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын міндеттердің орындалуы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректер тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 234 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 14 маусымда № 18843 болып тіркелді.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын міндеттердің орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 17-1/458 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8862 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 қаңтарда № 8 (28232) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

  Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы министрінің
  2019 жылғы 11 маусымдағы
  № 234 бұйрығымен
  бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын міндеттердің орындалуы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректер тізбесі

р/с №

Дербес деректердің атауы

1

Аты

2

Әкесінің аты (бар болса)

3

Тегі

4

Атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстырғаны туралы мәліметтер

5

Тегі мен атының транскрипциясы

6

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

7

Туған күні, айы, жылы және туған жері

8

Ұлты

9

Жынысы

10

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:
құжаттың атауы;
құжаттың нөмірі;
құжаттың берілген күні;
құжаттың қолданылатын мерзімі;
құжатты берген орган

11

Азаматтығы туралы деректер:
азаматтығы (бұрынғы азаматтығы);
Қазақстан Республикасы азаматтығын алған күні;
Қазақстан Республикасы азаматтығын алу негіздері;
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан күні;
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту негіздері;
Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтірген күні;
Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру негіздері

12

Портреттік бейнесі (цифрландырылған фотосурет)

13

Қолтаңбасы (оның ішінде электрондық цифрлық (бар болса))

14

Тұрғылықты жерінің мекенжайы, тұрғылықты жері бойынша немесе келген жері бойынша тіркелген күні

15

Байланыс телефондары жұмыс, үй, ұялы телефоны (бар болса)

16

Электрондық пошта (бар болса) мекенжайы

17

Еңбек кітапшасының мәліметтері:
нөмірі;
сериясы;
берілген күні;
ондағы жазбалар

18

Мемлекеттік және ведомстволық наградалар, грамоталар, алғыс хаттар туралы мәліметтер;
Награданың атауы немесе аты;
Наградтау туралы нормативтік актінің күні және түрі

19

Медициналық қорытынды нәтижелері туралы мәліметтер

20

Әлеуметтік жеңілдіктер мен әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтер:
жеңілдіктер мен мәртебе беруге негіз болып табылатын құжатты берген органның атауы;
құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні;
мүгедектіктің себебі, мүгедектік тобы;
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамға берілетін жеңілдікке құқықты растайтын куәлік;
Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен адамға берілетін жеңілдікке құқықты растайтын куәлік

21

Ағымдағы еңбек қызметі туралы деректер:
лауазымын, құрылымдық бөлімшесін, ұйымды, оның атауын толық көрсету;
жалпы және үздіксіз жұмыс өтілі;
бұрын жұмыс істеген ұйымдарының мекенжайы мен телефондары, сондай-ақ сол ұйымдарда атқарған лауазымдарының толық атауы мен жұмыс істеген уақыты және басқа да деректемелер

22

Білімі, біліктілігі және арнайы білімінің немесе арнайы дайындығының бар-жоғы туралы мәліметтер:
оқу орнына түскен (оқу орнынан шығарылған) күні;
дипломның, куәліктің немесе білім беру мекемесін аяқтағаны туралы басқа да құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні;
білім беру мекемесінің атауы және орналасқан жері;
факультеті немесе бөлімшесі, білім беру мекемесін аяқтағаннан кейінгі біліктілігі және мамандығы;
ғылыми дәрежесі;
ғылыми атағы;
шет тілдерді білуі

23

Біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтер:
біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні;
білім беру мекемесінің атауы және орналасқан жері;
білім беру мекемесін аяқтағаннан кейінгі біліктілігі және мамандығы

24

Жеке табыс салығы бойынша декларация тапсырғаны туралы мәліметтер

25

Әскери міндетті адамдардың және әскери қызметке шақырылатын адамдардың әскери есепке алынғаны туралы мәліметтер:
әскери билеттің сериясы, нөмірі, берілген (тапсырылған) күні:
әскери билетті берген органның атауы;
әскери-есепке алу мамандығы;
әскери атағы;
есепке қабылданғаны/алынғаны туралы деректер;
әскери қызметтен босатуға негіз

26

Отбасылық жағдайы туралы мәліметтер:
некеде тұруы;
некеге тұрғаны туралы куәліктің деректері;
некені бұзғаны туралы куәліктің деректері;
ерінің (зайыбының) аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;
ерінің (зайыбының) жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;
туысқандық дәрежесі;
отбасының басқа да мүшелерінің, асырауындағылардың аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және туған күндері;
балаларының (оның ішінде асырап алынған, қамқорындағы) бар-жоғы және олардың жасы

27

Сотталғаны (сотталмағаны) туралы мәліметтер