"Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Рес

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 мамырдағы № 81 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 10 маусымда № 18820 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 5 маусымдағы № 141 (28080) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының резиденттері - заңды тұлғалар үшін - Standard & Poors рейтингілік агенттігінің "В-" немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген осындай деңгейдегі рейтингтен төмен емес;";

      1-қосымшаға сәйкес Рейтингілердің салыстырмалы кестесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жазылсын.

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті (Сәлімбаев Д.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк Төрағасы Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 31 мамырдағы
№ 81 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 385 қаулысына
1-қосымша

Рейтингілердің салыстырмалы кестесі

Standard & Poors

Moody's Investors Service

Fitch

1.

ААА

Ааа

ААА

2.

АА+

Aa1

АА+

3.

АА

Аа2

АА

4.

АА-

Аа3

АА-

5.

А+

A1

А+

6.

А

А2

А

7.

А-

A3

А-

8.

ВВВ+

Baa1

ВВВ+

9.

ВВВ

Ваа2

ВВВ

10.

ВВВ-

Ваа3

ВВВ-

11.

ВВ+

Ba1

ВВ+

12.

ВВ

Ва2

BB

13.

ВВ-

Ва3

ВВ-

14.

В+

В1

В+

15.

В

В2

В

16.

В-

В3

В-