"Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, маз

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 510 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 5 маусымда № 18793 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16444 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 12 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларында:

      21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркалардың іс жүзінде есептен шығарылғаны және жойылғаны туралы осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жойылған есепке алу-бақылау маркаларының сериясы, нөмірлерінің диапазоны, түрі мен саны, ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларын есептен шығару және жою туралы актісі (бұдан әрі – акт) екі данада жасалады. Актінің әрбір данасына комиссия мүшелері мен субъектінің уәкілетті өкілі қол қояды, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органының мөрімен куәландырылады.

      Актінің бір данасы мемлекеттік кірістер органында қалады, актінің екінші данасы субъектіге беріледі.

      22. Ескі үлгідегі акциздік маркалардың іс жүзінде есептен шығарылғаны және жойылғаны туралы осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ескі үлгідегі акциздік маркалардың түрі мен саны көрсетілетін ескі үлгідегі акциздік маркаларды есептен шығару және жою туралы актісі (бұдан әрі – акт) екі данада жасалады. Актінің әрбір данасына комиссия мүшелері мен субъектінің уәкілетті өкілі қол қояды, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органының мөрімен куәландырылады.

      Актінің бір данасы мемлекеттік кірістер органында қалады, актінің екінші данасы субъектіге беріледі.";

      1 және 2-қосымшалар осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2019 жылғы 30 мамырдағы
№ 510 бұйрығына
1-қосымша
  Шарап материалын, сыра мен
сыра сусынын қоспағанда,
алкоголь өнімін есепке алу-
бақылау маркаларымен және
темекі бұйымдарын акциздік
маркалармен таңбалау (қайта
таңбалау) қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларын есептен шығару және жою туралы
акті

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20 жылғы "__" № бұйрығына сәйкес біз,

      мынадай құрамдағы комиссия:

      _______________________________________________________________

      саны:

      __________________________________________ данадағы ескі үлгідегі есепке алу – бақылау маркаларын, оның ішінде:

      ______________________________________________________________

      (сериясы және нөмірінің диапазондары, саны жазумен)

      данада есептен шығаруды және жоюды жүргіздік.

      Комиссия төрағасы:

      1) _____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы)

      Комиссия мүшелері:

      2) _____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы)

      3) _____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы)

      Ұйымның өкілі: _________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы)

      Мөр орны

      (мемлекеттік кірістер органдары үшін)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2019 жылғы 30 мамырдағы
№ 510 бұйрығына
2-қосымша
  Шарап материалын, сыра мен
сыра сусынын қоспағанда,
алкоголь өнімін есепке алу-
бақылау маркаларымен және
темекі бұйымдарын акциздік
маркалармен таңбалау (қайта
таңбалау) қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Ескі үлгідегі акциздік маркаларды есептен шығару және жою туралы
акті

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20 жылғы "__" _________ № бұйрығына

      сәйкес біз, мынадай құрамдағы комиссия:

      _______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      саны:

      __________________________________________ данадағы ескі үлгідегі акциздік маркаларын

      есептен шығаруды және жоюды жүргіздік.

      Комиссия төрағасы:

      1) ____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы)

      Комиссия мүшелері:

      2) ____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы)

      3) ____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы)

      Ұйымның өкілі:

      ______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы)

      Мөр орны

      (мемлекеттік кірістер органдары үшін)