БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 219 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесі (бұдан әрі – Тізбе)
1. "Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 18-03/241 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7713 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 15 тамыздағы № 510-515 (27588) санында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасында:
1 және 2-қосымшалар Тізбеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 4-1/546 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11804 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу тәртібі";
26, 27, 28 және 29-қосымшалар Тізбеге 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Астықты сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 4-1/573 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11839 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астықты сақтау қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Астықты қабылдау және өлшеу тәртібі";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Астықты тазарту тәртібі";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Астықты кептіру тәртібі";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Астықты сақтау тәртібі";
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Астықты тиеп жөнелту тәртібі";
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"7-тарау. Астықтың сақталуын қамтамасыз ететін ұйымдастыру іс-шаралары";
79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"79. Астықты сақтаудың шекті жол берілетін мерзімдері:
1) бидай мен қара бидай үшін - 4 жыл;
2) сұлы, қарақұмық, арпа үшін - 3 жыл;
3) қауыздағы күріш, үрме бұршақ, асбұршақ, дәндік жүгері (собықта сақтау мерзімін қоса алғанда) үшін - 2 жыл;
4) тары, соя және собықтағы жүгері үшін - 1 жыл.
Астық қабылдау кәсіпорнының сақтаудың шекті жол берілетін мерзімінен асырып астықтың сандық-сапалық сақталуын қамтамасыз ету мүмкіндігі болған кезде, астық қабылдау кәсіпорны астық иесіне тиісті хабарлама бере отырып, астық сақтау қызметтерін бір және одан көп жылға көрсетуді жалғастырады.
Астық қабылдау кәсіпорнының сақтаудың шекті жол берілетін мерзімінен асырып астықты одан әрі сақтауды жүзеге асыру мүмкіндігі болмаған кезде астық қабылдау кәсіпорны астық иесін астықты сақтаудың шекті жол берілетін мерзімі басталғанға дейін жарты жыл бұрын астықты әкету немесе өткізу қажеттілігі туралы хабардар етеді.
Бұл ретте астық қабылдау кәсіпорнының техникалық не басқа себептер бойынша көрсетілген кезеңде астықты жөнелту (тиеу) мүмкіндігі болмаған жағдайда, астықты әкету немесе өткізу мерзімі астықты жөнелтуді тоқтату мерзіміне ұзартылады, оның ішінде астық қабылдау кәсіпорны астықтың сандық-сапалық сақталуын қамтамасыз етеді.".
4. "Астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі қағидаларын, астық қолхаттарының үлгілеріне және астық қолхаты жазылатын бланкілерге қойылатын талаптарды, Астық қолхаттары бланкілерін шығару, сатып алу, сақтау және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-1/620 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12092 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық қолхаттары бланкілерін шығару, сатып алу, сақтау және жою қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Астық қабылдау кәсіпорны тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 06-1/545 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7259 болып тіркелген) бекітілген астық қабылдау кәсіпорындары есептілігінің типтік нысандарына сәйкес сатып алынған, берілген, өтелген, бүлінген және таза астық қолхаттарының бланкілері туралы ақпарат береді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Астық қолхаттарының бүлінген, таза бланкілері және өтелген астық қолхаттары осы Қағидаларда белгіленген сақтау мерзімдері өткен соң жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі маманының қатысуымен (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органның маманы) астық қабылдау кәсіпорнының өкілі қол қоятын және жергілікті атқарушы органның маманы бекітетін тиісті актіні жасай отырып жойылады.".
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесіне 1-қосымша |
|
Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасына 1-қосымша |
20____жылғы "___" ______ жағдай бойынша астықты
ішкі нарықта және экспортқа тасымалдау туралы ақпарат
(ұлттық тасымалдаушының және басқа да тасымалдаушылардың атауы және мекенжайы)
Астық тасымалдау туралы мәліметтер (деректер құрамы) жағдай туындаған кезде хабарлама-сұраным түрінде мынадай көлемде беріледі:
1) identifier (ID) (жүк жөнелтудің бiрегей нөмiрі) жазба;
2) тиелген күні;
3) жүк жөнелтушiнiң коды (12 мәнді код);
4) жүк жөнелтушiнiң бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;
5) жүк жөнелтушiнiң атауы;
6) жүк алушының коды (республика ішіндегі қатынаста 12 мәнді код, халықаралық қатынаста 4 мәнді код);
7) жүк алушының бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бар болса);
8) жүк алушының атауы;
9) жөнелту станциясының коды (бірыңғай желілік белгі коды);
10) межелі станцияның коды (бірыңғай желілік белгі коды);
11) мемлекетаралық түйiсу пунктінің коды;
12) межелі елдің коды;
13) вагон нөмірі;
14) жүкқұжат нөмірі (жөнелту нөмірі);
15) жүк коды (жүктердің бірыңғай тарифтік-статистикалық номенклатурасы);
16) жүк коды (жүктердің үндестірілген номенклатурасы);
17) жүк салмағы;
18) вагон типі;
19) төлеушінің коды;
20) төлеушінің атауы.
Астық тасымалдау туралы мәліметтер бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл сипаттамасы ақпараттық жүйелердің иелері бекіткен Тиісті ақпараттық жүйелерді интеграциялау жөніндегі техникалық талаптарда келтірілген.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесіне 2-қосымша |
|
Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасына 2-қосымша |
|
Нысан |
20 __ жылғы "__" _________ астықтың орташа нарықтық бағалары
туралы ақпарат
Индексі: № 3-АОНБ.
Есепті кезең: апталық.
Ұсынатын тұлғалар тобы: ауыл шаруашылығы нарықтарының мониторингі
саласындағы мамандандырылған ұйым.
Қайда ұсынылады: астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық
тізіліміне.
Ұсыну мерзімі: жұма сайын.
Атауы | Өлшем бірлігі | Облыстар | ||||||
Ақмола | Ақтөбе | Алматы | Атырау | Батыс Қазақстан | Жамбыл | Қарағанды | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
3-сыныпты бидай | теңге/тонна | |||||||
2-сыныпты арпа | теңге/тонна |
кестенің жалғасы
Облыстар | |||||||||
Қостанай | Қызылорда | Маңғыстау | Түркістан | Павлодар | Солтүстік Қазақстан | Шығыс Қазақстан | Нұр-Сұлтан қаласы | Алматы қаласы | Шымкент қаласы |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
Басшы __________ _____________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Орындаушы ________ __________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Телефоны _________ 20 __ жылғы "__" _________
Ескертпе: Астықтың орташа нарықтық бағалары туралы ақпарат нысанын толтыру
жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Астықтың орташа нарықтық бағалары туралы ақпарат нысанына қосымша |
Астықтың орташа нарықтық бағалары туралы ақпарат нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
1. Астықтың орташа нарықтық бағалары туралы толтырылған ақпарат астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне ұсынылады, ұсыну мерзімі апта сайын, айдың әр жұмасы.
2. Астықтың орташа нарықтық бағалары туралы ақпарат нысанында:
1) нысанның 1-бағанында астықтың атауы және сыныптылығы көрсетіледі;
2) нысанның 2-бағанында өлшем бірлігі көрсетіледі;
3) 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-бағандарда облыстағы астықтың бір тонна бағасы теңгемен көрсетіледі.
Дөңгелек сүрлемдер үшін өлшеу актісі
№ | Сүрлем № | Сүрлемнің паспорттық биіктігі | Қуысты өлшеу деректері | Сүрлемнің толтырылған бөлігі (үйінді) | Жоғарғы конустық бөліктің биіктігі | Түптің конустық бөлігінің биіктігі | Астықтың ортаңғы бөлігінің биіктігі | Сүрлемдегі астықтың көлемі | Астықтың көлемді массасы, у | Сүрлемдегі астық мөлшері |
Нс | Нөлшеу | Нүйінді= Нс -Нөлшеу | Н1 = R tga, tga = 0,49 | элеватордың паспорттық деректеріне сәйкес, Н3 | Н2=Нүйінді - Н1 - Н3 | Ес= pR2 (1/3 Н1+Н2+1/3 Н3) | Астық натурасы, байқаулар журналы бойынша көлемді массаға ауыстырылған грамм/литр, тонна/текше метр | Ес = у Ес | ||
(метр) | (метр) | (метр) | (метр) | (метр) | (метр) | (текше метр) | (тонна/текше метр) | (тонна) | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесіне 4-қосымша |
|
Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларына 27-қосымша |
Сүрлемдегі астықтың орналасу схемалары
Сүрлем-жұлдызша үшін өлшеу актісі
№ | Сүрлем № | Сүрлемнің паспорттық биіктігі | Қуысты өлшеу деректері | Астық үйіндісінің биіктігі | Жоғарғы конустық бөліктің биіктігі | Түптің конустық бөлігінің биіктігі | Астықтың ортаңғы бөлігінің биіктігі | Сүрлемдегі астықтың көлемі | Астықтың көлемді массасы, у | Сүрлемдегі астық мөлшері |
Нс | Нөлшеу | Нүйінді=Нс-Нөлшеу | Н1=Rэtga, tga= 0,49 | элеватордың паспорттық деректеріне сәйкес, Н3 | Н2=Нүйінді -Н1 - Н3 | Еж =pRэ2 (1/3 Н1+Н2+1/3 Н3) | Астық натурасы, байқаулар журналы бойынша көлемді массаға ауыстырылған грамм/литр, тонна/текше метр | Еж = уЕж | ||
(метр) | (метр) | (метр) | (метр) | (метр) | (метр) | (текше метр) | (тонна/текше метр) | (тонна) | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Шаршы сүрлем үшін өлшеу актісі
№ | Сүрлем № | Сүрлемнің паспорттық биіктігі | Қуысты өлшеу деректері | Астық үйіндісінің биіктігі | Жоғарғы конустық бөліктің биіктігі | Түптің конустық бөлігінің биіктігі | Астықтың ортаңғы бөлігінің биіктігі | Сүрлемдегі астықтың көлемі | Астықтың көлемді массасы, у | Сүрлемдегі астық мөлшері |
Нс | Нөлшеу | Нүйінді=Нс-Нөлшеу | Н1=Rэtga, tga=0,49 | элеватордың паспорттық деректеріне сәйкес, Н3 | Н2= Нүйінді - Н1 - Н3 | Ес=а2 (1/3 Н1+Н2+1/3 Н3) | Астық натурасы, байқаулар журналы бойынша көлемді массаға ауыстырылған грамм/литр, тонна/текше метр | Ес=уЕс | ||
(метр) | (метр) | (метр) | (метр) | (метр) | (метр) | (текше метр) | (тонна/текше метр) | (тонна) | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |