"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 517 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 31 мамырда № 18769 болып тіркелді

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

      126, 127 және 128-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "126. Екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда мемлекеттік мекемелерге ағымдағы шотты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шоттар, бюджет ақшаларын есепке жатқызу және оларды шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеуге пайдалану үшін сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға екінші деңгейдегі банкте валюталар түрлері бойынша ашылатын шетел валютасындағы шотты (бұдан әрі – іссапар шығыстарына арналған шот) ашу тәртібі заңнамада белгіленеді.

      127. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қолдаухатының негізінде осы Ережеге 45-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шоттар, бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шотын, іссапар шығыстарына арналған шотты ашуға үш данада рұқсат қалыптастырады, олардың екеуін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне ұсынады, ол өз кезегінде бір данасын мемлекеттік мекемеге, екіншісін - екінші деңгейдегі банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға береді.

      128. Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шоттарды ашуға рұқсат қарыздың немесе байланысты гранттың қолданылу мерзіміне беріледі.

      Іссапар шығыстарына арналған шотты ашуға рұқсат осы Ереженің 136-тармағында көзделген жағдайларда оны кері қайтарып алғанға дейін беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 130-1-тармақпен толықтырылсын:

      "130-1. Іссапар шығыстарына арналған шот бюджет қаражатын есепке жатқызу және оларды шет мемлекеттерге қызметтік іссапар шығыстарын өтеу үшін пайдалануға ғана арналған және шетел валютасында жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 132-1-тармақпен толықтырылсын:

      "132-1. Іссапар шығыстарына арналған шоттан қаражатты пайдалану уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер", "Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау" және "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 08-1-1-1/114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8438 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      Сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган екінші деңгейдегі банкте ашылған, іссапар шығыстарына арналған шоттан қаражатты пайдаланудың негізділігі мен заңдылығын қамтамасыз етеді.";

      134-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "134. Сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шот, бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылған шоты, іссапар шығыстарына арналған шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру және оларды жаңарту Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүргізіледі. Екінші деңгейдегі банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым үш күндік мерзімде шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға хабарлайды.";

      136-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) кері қайтару үшін себептерін көрсете отырып, тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шотты, іссапар шығыстарына арналған шотты ашуға берілген рұқсатты кері қайтару туралы жазбаша жүгінген;";

      149-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "149. Бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган қорытындыны осы Ереженің 66-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 3 данада жасайды.

      Бір данасын түсімдерді қайтаруға және/немесе есепке жатқызуға төлем тапсырмасын қалыптастыру үшін мемлекеттік кірістер органына мынадай мерзімдерде:

      төлеушіден есепке жатқызуға өтінім түскен күннен бастап 4 жұмыс күнінен кешіктірмей;

      төлеушіден қайтаруға өтінім түскен күннен бастап 8 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

      Қорытындының екінші данасы төлеушіге жіберіледі, үшінші данасы уәкілетті органда қалады.

      Бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган қайтаруға және/немесе есепке жатқызуға қорытынды жасаған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуын, қорытындыда қамтылған деректердің шынайылығын қамтамасыз етеді және оларды сақталмағаны/сәйкессіздігі үшін жауап береді.

      Қорытындыларды уәкілетті орган осы Ереженің 67-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджетке түсетін түсімдердің артық (қате) төленген сомасын қайтаруға және/немесе есепке жатқызуға төлем құжаттарын тіркеу журналына тіркейді.";

      156-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "156. Шетел валютасында бюджетке артық (қате) төленген соманы қайтару үшін мемлекеттік кірістер органы не бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесіне, осы Ереженің 326-тармағында көзделген құжаттарды қоса (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойған сканерленген құжаттарды тіркей отырып), осы Ереженің 73-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шетел валютасындағы ақшаны алушыны енгізуге өтінім береді.

      Шетелдік өнім берушінің бірегей коды берілгеннен кейін мемлекеттік кірістер органы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем тапсырмасын, шетел валютасын айырбастауға өтінімді, шетел валютасын аударуға өтінішті осы Ереженің 74-қосымшасына сәйкес нысан бойынша береді. Шетел валютасын айырбастау және аудару жөніндегі операциялар осы Ереженің 6-тарауының 20-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қайтару Түсімдердің жинақ шотынан оны кейіннен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның валюта түрлері бойынша шетел валютасындағы банктік шоттарға есепке жатқыза отырып, жүзеге асырылады. Құжаттарды мемлекеттік кірістер органдарына беру Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10.00-ге дейін жүзеге асырылады.

      Бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты мемлекеттік кіріс және уәкілетті орган шетел валютасында бюджетке түсетін түсімдерге қайтаруға арналған жоғарыда көрсетілген құжаттардың шынайылығына және дұрыстығына жауапты болады, аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне уақтылы берілуін қамтамасыз етеді.

      Шетел валютасында қайтару бойынша құжаттарды орындау не оларды қайтару себептерін көрсете отырып қайтару олар аумақтық қазынашылық бөлімшесіне түскен күні жүзеге асырылады.";

      314, 315 және 316-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "314. Мемлекеттік мекемелер шетел валютасында төлемдер мен ақша аударуды жүргізу үшін шетел валютасын айырбастау және аудару жөніндегі операцияларды Бюджет кодексінің 99-бабына сәйкес жүзеге асырады.";

      315. ҚР ҰБ белгілеген сомадан аспайтын сомаға валюта түрлері бойынша шетел валютасын айырбастау жөніндегі операциялар алдын ала мәлімет ұсынбастан жүзеге асырылады.

      316. ҚР ҰБ белгілеген сомадан аспайтын сомаға валюта түрлері бойынша шетел валютасын айырбастау жөніндегі операциялар мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне валюта сомасы мен түрін көрсете отырып, шетел валютасын сатып алу қажеттігі туралы хатты ұсынғаннан кейін, айырбастау күніне дейін мынадай мерзімдерде:

      АҚШ доллары, еуро, ағылшын фунт стерлингі, швейцария франкі, ресей рублі, қытай юані – үш жұмыс күні ішінде;

      жапон йені – бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.";

      326-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "326. Шетел валютасындағы ақшаны аударуды жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтінішті аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 74-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіште немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-ге дейін ұсынады (жібереді). Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде ашылған іссапар шығыстарына арналған шотқа шетел валютасын аудару үшін ағымдағы валюталау күнімен шетел валютасында ақшаны аударуға арналған өтінішті сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті орган жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00-ге дейін ұсынады. Шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініш қағаз тасығышта екі данада ұсынылады.

      Сотқа дейінгі тергеуді жүргізуші орган алып қойған шетел валютасын аудару кезінде сот шешімі бойынша мемлекеттік мекеме қосымша сотқа дейінгі тергеуді жүргізуші органның мөрімен куәландырылған сот актісінің немесе атқарушы құжатының көшірмесін ұсынады.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ-де шетел валютасында ақша аударуға өтінішті қалыптастыру кезінде сотқа дейінгі тергеуді жүргізуші органның мөрімен куәландырылған сот актісінің немесе атқарушы құжаттың түпнұсқасынан сканерленген электрондық құжаттар қоса тіркеледі.

      Шетел валютасында ақша алушы ҚБАЖ-да болмаған кезде, мемлекеттік мекеме шетел валютасындағы ақшаны алушыны енгізуге өтінімді қағаз жеткізгіште немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде осы Ережеге 73-қосымшаға сәйкес (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылған сканерленген үлгісін тіркей отырып) ақша алушының мынадай құжаттарын:

      бенефициардың, бенефициар банктің, делдал банктің (бар болса) деректемелерін ресми растайтын құжаттар жеке тұлға үшін қосымша тұлғаны растау туралы құжаттың көшірмесі;

      ақша алушының толық деректемелерін көрсете отырып, мемлекеттік мекеменің растау хатын қоса бере отырып ұсынады.

      ҚБАЖ-да ақша алушының деректемелері өзгерген (болмаған) кезде, мемлекеттік мекеме өзгерістер енгізілетін деректемелерді растайтын осы тармақта көрсетілген құжаттарды (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойылған сканерленген түрлерін тіркей отырып) қоса бере отырып, осы Ережеге 75-қосымшасына сәйкес ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге арналған өтінімді "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде береді.

      Осы Ереженің 73, 75-қосымшаларына сәйкес өтінімді толтырған кезде жеке тұлға үшін "Ақша алушының атауы" ашық жолағында жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және (немесе) бар болса жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес атауы көрсетіледі.

      Ақша алушыны енгізуге және ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге өтінімнің ресімделуінің және жасалуының шынайылығын, дұрыстығын мемлекеттік мекеме қаитамасыз етеді.";

      337-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "337. Іссапар шығыстарын төлеуге алынған пайдаланылмаған қолма-қол шетел валютасының қалдығы мемлекеттік мекеменің кассалық шығыстарын одан әрі қайта айырбастау мен қалпына келтіру не тиісті бюджет кірісіне есепке жатқызу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалының кассасына үш жұмыс күн ішінде (сыртқы саяси қызметті іске асыратын уәкілетті мемлекеттік органды қоспағанда) қайтаруға жатады.";

      397-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "397-1. ҚР ҰБ БҚШ-ғы қаражаттың қалдығына күнделікті сыйақы есептейді.".

      көрсетілген Ережеге 56, 98, 116-1 және 116-2-қосымшалары осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
__________________________
2019 жылғы "____"___________

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
__________________________
2019 жылғы "____"___________

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
__________________________
2019 жылғы "____"__________


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 30 мамырдағы
№ 517 бұйрығына
1-қосымша
  Бюджеттің атқарылуы
және оған кассалық
қызмет көрсету ережесіне
56-қосымша
  8-17-нысан
  Есеп жүргізілді:
Күні-уақыты
№-ден Х-парақ

Мемлекеттік мекемелердің шетелдік валютадағы шоттары, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттары, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына арналған шоттары бойынша үзінді

      Өңір: ______________________________

      Бюджет түрі: ________________________

      Қаржыландыру көзі __________________

      Мемлекеттік мекеме атауы: ___________

      Ерекшелігі: _________________________

      Валюта коды: _______________________

      Кезең: _____________________________

      Өлшем бірлігі: ______________________

Күні

б/шот №

Құжаттың №

Валютасы

Теңге

Төлем мақсаты

Ақша алушының атауы

Дебет

Кредит

Дебет

Кредит

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Кіріс қалдығы:







Айналымдар:







Кіріс қалдығы:







Айналымдардың барлығы:







Валютадағы қалдықтардың







барлығы:







Теңгедегі қалдықтардың барлығы:







      Жауапты орындаушы __________________

                              (қолы)

      Мөр орны

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 30 мамырдағы
№ 517 бұйрығына
2-қосымша
  Бюджеттің атқарылуы
және оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
98-қосымша
  Нысан

Бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға өтінім

      1. Шот нөмірі _____________________________________________________

      Нұр-Сұлтан қаласының Қазынашылық департаменті

      2. Өтінім нөмірі ______________________

      3. _____________________________________________ төлеуіңізді сұраймыз

      (валюта түрі) (төлеуге жататын сома санмен және жазбаша)

      Бірлесіп қаржыландыру қаражатын алу туралы өтініммен жүгінеміз және өзіміздің мыналармен келісетінімізді растаймыз:

      А. Осы өтінімде қамтылатын тауарлар мен қызметтер қарыз туралы шартқа (байланысты грантқа) сәйкес сатып алынды немесе сатып алынып жатыр.

      Б. Шығыстар келісімшарттарда немесе басқа да құжаттарда аталған тауарларға немесе қызметтерге байланысты ғана жүргізілді немесе қазірге кезде жүргізілуде.

      _____________________________________________________________________

Шығыстар сипаттамасы

Төлем нұсқаулығы

4. Мердігердің/өнім берушінің атауы және мекенжайы.

8. Төлем алушының атауы мен мекенжайы

5. Өнім беру деректемелері:
1) шарттың (келісімшарттың) немесе жеткізуге тапсырыстың нөмірі мен күні
(немесе келісімшарттық құжатқа басқа сілтемелері)

9. Қаражатты алушы банктің атауы мен деректемелері және шот нөмірі

2) шартты (қосымша келісімді) тіркеу туралы хабарламаның нөмірі және күні
(аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелген азаматтық құқықтық мәмілелерге
қатысты толтыру)

10. Төлемді алушы банк-корреспонденттің атауы мен деректемелері

3) тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің қысқаша сипаттамасы

11. Арнайы төлем нұсқаулықтары, шот-фактура туралы ақпарат

4) шарттың (келісімшарттың) валютасы және жалпы құны

12. _______________________________________
(бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының қолы)

5) өтінімде қамтылған шот-фактуралардың жалпы сомасы
(ұстап қалулардың және басқа да ұстап қалуларды есептемегенде)


6. Алуға қабылданған қаражат ерекшелігі

13. ________________________________________
(қол қойылған күні және жауапты орындаушы мөртабанының бедері)

7. _______________________________
Мөр орны (бюджеттік бағдарлама әкімшісінің/ мемлекеттік мекеменің
уәкілетті өкілінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 30 мамырдағы
№ 517 бұйрығына
3-қосымша
  Бюджеттің атқарылуы
және оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
116-1-қосымша

Уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған бас келісім

      Нұр-Сұлтан қаласы № ____ "___"_____________ 20___жыл

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, бұдан әрі "Министрлік" деп аталатын,

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен

      бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің негізінде

      әрекет ететін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі

      № 199 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

      Қазынашылық комитеті туралы ереженің негізінде әрекет ететін __________

      __________________________________________________________ бір тараптан, және

      (лауазымының атауы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      __________________________________________________________________________

      бұдан (облыстық/қалалық бюджетті атқару жөніндегі органның атауы)

      әрі "Салымшы" деп аталатын, Әкімдіктің 20__жылғы "_" ____№ __қаулысымен

      бекітілген ________

      __________________________________________________________________________

      (облыстық/қалалық бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның атауы)

      Мемлекетік мекеме туралы ереже негізінде әрекет ететін _________________________

      __________________________________________________________________________

                        (лауазымының атауы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ______________________________ екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп

      аталатындар төмендегілер туралы уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған

      осы Бас келісімді (бұдан әрі - Келісім) жасасты:

      1. Келісімнің мәні

      1.1. Екі жақты мәмілелер түрінде Тараптар арасында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі салымдарына (депозиттеріне) орналастыру үшін (бұдан әрі - ҚР Ұлттық банк салымы) уақытша бос бюджет ақшасын орналастыруды (аударуды) жүзеге асыру тәртібі Келісімнің мәні болып табылады.

      1.2. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Келісімге сәйкес Салымшы уақытша бос бюджет ақшасын береді, ал Министрлік оларды ҚР Ұлттық банк салымына орналастыруға міндеттеме алады.

      1.3. Уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру (аудару) жөніндегі әрбір операция осы Ереженің 116-2-қосымшасына сәйкес мәміле паспортымен ресімделеді, онда салымды орналастыру бойынша барлық деректер: сомасы, орналастыру мерзімі, орналастыруды бастау және аяқтау күні, сыйақы ставкасы, сыйақы сомасы, қайтарылатын салым және есептелген сыйақы сомасы, салымды мерзімінен бұрын талап ету кезінде қолданылатын сыйақы ставкасы болуға тиіс. Мәміленің барлық паспорттарына осы Ереженің 116-3-қосымшасына сәйкес Тараптардың уәкілетті лауазымды тұлғалары қол қояды және Келісімнің ажыратылмас бөлігі болып табылады.

      1.4. Келісімді орындау жөніндегі барлық қажетті шараларды Министрліктің атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті жүзеге асырады.

      2. Уақытша бос бюджет ақшасын аудару тәртібі

      2.1. Министрлік Салымшыдан келіп түсетін ақшаны есепке алу үшін қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - ҚБАЖ) № _____________ шот ашады.

      2.2. Салымшы уақытша бос бюджет ақшасын аударуға ниеті болған кезде осы Ереженің 116-4-қосымшасына сәйкес Министрлікке уәкілетті тұлға қол қойған және мөрмен растаған хабарлама жібереді.

      2.3. Министрлік хабарлама алғаннан кейін кейінгі күннен кешіктірмей Салымшының атына факсимильдік байланыс арқылы Салымшының қол қоюы және мөр бедерімен бекіту үшін қол қойылған және мөр бедерімен бекітілген мәміле паспортын жібереді (бірдей заң күші бар мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір-бір данадан).

      2.4. Салымшы Министрліктен факсимильдік байланыс арқылы мәмілелер паспортын алғаннан кейін оларға қол қояды, мөрмен бекітіледі, кейін факсимильді байланыс арқылы Министрліктің атына кері жіберіледі.

      2.5. Салымшы қол қойылған мәміле паспорты негізінде сол күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 11 сағат 30 минутта ________________ Қазынашылық департаментіне

      __________________________ Тараптар

      (облыстық немесе қалалық)

      қол қойған мәміле паспортының Салымшының түпнұсқалық қолы мен мөр бедерімен, сондай-ақ аша аударуды төлеу шотымен Министрліктің аталған деректемесіне жібереді.

      Салымшы ұсынған мәміле паспорты Қазынашылық департаментіне ұсынылады және ақша аударуға арналған негіздердің бірі болып табылады.

      2.6. Министрлік Салымшыдан ақша түскеннен кейін келесі күннен кешіктірмей Ақшаны ҚР Ұлттық банк салымдарына орналастырады.

      2.7. Министрлік қол қойылған және мөр бедерімен бекітілген мәмілелер паспортының факстық нұсқаларын алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей қол қойылған және мөр бедерімен бекітілген мәмілелер паспортының 4 (төрт) данасын салымшының қол қоюы және мөрмен бекітуі үшін почтамен жібереді.

      2.8. Салымшы Министрліктен мәмілелер паспортын алған соң оларға қол қойып және мөр бедерімен бекітіп мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данадан Министрлікке қайтарады.

      2.9. Мәміле паспортында көрсетілген ағымдағы мерзім аяқталғанға дейін толық немесе ішінара талап еткен кезде Салымшы Министрлікке 3.14-тармақта айтылған деректемелерді көрсете отырып, осы Ереженің 116-5-қосымшасына сәйкес Министрлікке берілген ақшаны қайтару туралы Министрлікке талап ұсынуға міндетті.

      2.10. Салымшы мәміле паспортында белгіленген салымды орналастырудың ағымдағы мерзімі аяқталғанға дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей Министрлікке сыйақы (мүдде) сомасын есепке алу үшін 3.1.4-тармақта айтылған деректемелерді көрсете отырып, осы Ереженің 116-6-қосымшасына сәйкес жазбаша хабарлама ұсынады.

      2.11. Министрлік салымшыдан осы Ереженің 116-6-қосымшасына сәйкес хабарлама алған күннен кейінгі күннен кешіктірместен факсимильдік байланыс арқылы салымшының қол қоюы және мөрмен бекітуі үшін 4 (төрт) данада түпнұсқалық қолы мен мөр бедерімен бекітілген мәміле паспорттарын почтамен жібереді.

      3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      3.1. Министрлік міндеттенеді:

      3.1.1. Салымшыдан хабарлама алғаннан кейін келесі күннің Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 11-ден кешіктірмей факсимильдік байланыс арқылы қол қойылған және мөртабанмен бекітілген мәмілелер паспортын қол қою үшін жіберуге.

      3.1.2. Факсимильдік байланыс арқылы қол қойылған және мөртабанмен бекітілген мәмілелер паспортын жібергеннен кейін келесі күннен кешіктірмей почтамен 4 (төрт) данада мәмілелер паспортының қол қойылған және мөртабанмен бекітілген түпнұсқаларын Салымшы қол қою және мөртабанмен бекіту үшін жіберуге.

      3.1.3. Ақша № ____________ шотқа түскеннен кейін келесі күннен кешіктірмей ҚР Ұлттық банкінің салымдарына орналастыруға.

      3.1.4. Салымның мерзімі аяқталғаннан кейін немесе Салымшының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берілген ақшаны қайтару туралы жазбаша талап етуін Келісімнің 4-қосымшасына сәйкес алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мерзімінен бұрын талап еткен кезде салымды

      ______________ облысының Қаржы басқармасы БЖК _________

      №_____________ ЖБК, бенефициардың БСН-і ________________, ал ҚР

      Ұлттық банкі есептеген сыйақыны (мүддені) ЖБК __________________,

      БЖК _______________, бенефициардың атауы мен БСН-і, кіріс коды __________

      қайтаруға міндеттенеді.

      3.2. Салымшы міндеттенеді:

      3.2.1. ҚР Ұлттық банкінің салымына орналастыру үшін уақытша бос бюджет ақшасын беру ниеті болған кезде Нөр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 11-ден кешіктірмей факсимильдік байланыс арқылы Министрлікке уәкілетті тұлға қол қойған және мөрмен бекітілген хабарламаны Келісімнің 3-қосымшасына сәйкес жіберуге.

      3.2.2. Министрліктен мәмілелер паспортын алғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 11 сағат 30 минуттан кешіктірмей факсимильдік байланыс арқылы қол қойылған және мөртабанмен бекітілген мәміле паспорттарды жіберуге.

      3.2.3. Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 11 сағат 30 минутқа дейін _________________

                                                            (облыстық немесе қалалық)

      Қазынашылық департаментіне Салымшының қолының және мөртабанының түпнұсқасымен тараптар қол қойған мәмілелер паспортына, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкінің салымдарына орналастыру үшін уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған ақы төлеуге шоттың факстік нұсқасын беруге.

      3.2.4. Министрліктен мәмілелер паспортының түпнұсқаларын алғаннан кейін оларға қол қоюға, мөртабанмен бекітуге және мәмілелер паспортының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір-бір данасын Министрлікке қайтаруға.

      3.2.5. Мәмілелер паспортында белгіленген салымды орналастырудың ағымдағы мерзімі аяқталғанға дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей Министрлікке салым және сыйақы (мүдде) сомасын есепке алу үшін қажетті тиісті деректемелерді нақты көрсете отырып, салым сомасын толық көлемде мерзімінен бұрын талап еткен немесе ішінара талап еткен кезде Қазақстан Республикасының қаржы министрлігіне берілген ақшаны қайтару туралы Келісімнің 4-қосымшасына сәйкес хабарлама ұсынуға міндеттенеді.

      3.3 Министрлік құқылы:

      3.3.1. Салымшы Келісімнің 2.10-тармағына сәйкес шарттың әрекет ету мерзімін ұзартқан кезде ҚР Ұлттық банкі ұсынатын ставкаға Салымшымен келісім бойынша сыйақының (мүдденің) бастапқы белгіленген ставкасын өзгертуге құқығы бар.

      3.4. Салымшы құқылы:

      3.4.1. Салымды беру мерзімін ұзартуға.

      3.4.2. Келісімнің 2.9.-тармағына сәйкес салымдарды толық көлемде және ішінара мерзіміне дейін талап етуге құқығы бар.

      4. Тараптардың жауапкершілігі

      4.1. Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Келісім бойынша өз міндеттемелеріне жауапкершілікте болады.

      4.2. Министрлік есептелген сыйақыдан (мүддеден) салым қайтару мерзімін бұзған жағдайда, Министрлік Салымшыға Келісімнің 3.1.4-тармағында көрсетілген ҚР Ұлттық банкінен нақты алынған айыппұл сомасын төлейді.

      4.3. Министрлік Салымшының өз міндеттемелерін уақтылы орындамауының салдарынан пайда болған зиянға жауапкершілікте болмайды.

      4.4. Салымшы Келісімнің 3.2.3-тармағында көрсетілген ақшаны аударуға төлеуге шотты беру мерзімін бұзған кезде Салымшы Министрлікке соманы уақтылы аудармағаны үшін әрбір мерзімі өткен аудару күнтізбелік күніне ҚР Ұлттық банкі беретін айыппұл мөлшерінен төмен емес айыппұл төлейді.

      5. Форс-мажор

      5.1. Тараптар, егер орындамау күтпеген мән-жайлар, атап айтқанда: өрт, топан су, зілзала, індет, әскери іс-қимылдар, электр энергиясы мен телекоммуникациялық байланыстың уақытша болмауының және Келісім бойынша міндеттемелерін орындауға тікелей әсер ететін Тараптардың еркіне бағынбайтын басқа мән-жайлардың салдары болып табылатын болса, Келісім бойынша міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      Тараптардың біреуі немесе екеуі үшін Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндік бермейтін Қазақстан Республикасының заң шығарушы және атқарушы билік органдары шешімдерінің салдары үшін тараптар жауап бермейді.

      Тараптар, егер мұндай мән-жайлар болған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде және байланыс болған кезде, оның әсерінен зардап шеккен Тарап болған жағдай туралы екінші Тараптың назарына жеткізсе, сондай-ақ өз тарапынан форс-мажорлық мән-жайлардың салдарын жылдам жою үшін барлық күш-жігерін жұмсаса, өздеріне алған міндеттемелерді орындаудан босатылады.

      5.2. Форс-мажорлық мән-жайларға байланысты зиян шеккен Тарап тежеусіз күштің объектісі болған Тараптан болған оқиғаларға дәлелдер, сондай-ақ шеккен зиян көлемін есептеуге байланысты кез келген басқа құжаттаманы талап ете алады.

      6. Келісімнің қолданылу мерзімі, бұзу және өзгерту шарттары

      6.1. Келісім Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындағанға дейін әрекет етеді. Бұл ретте, Келісім облыстық (қалалық) Қазынашылық департаментінде тіркелуге жатпайды.

      6.2. Келісім Тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін. Барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша ресімделеді, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды және Келісімнің ажырамайтын бөлігі болып табылады.

      6.3. Тараптардың әрқайсысы басқа Тарапты келісімді бұзудың болжамдалған күніне дейін 3 (үш) жұмыс күнінде бұл туралы ескерте отырып және Келісім бойынша бұрын өзіне алынған міндеттемелерді орындай отырып, Келісімді бұзуға құқығы бар.

      7. Өзге де шарттар

      7.1. Тараптардың арасындағы Келісім бойынша пайда болған барлық даулар келіссөздер арқылы шешіледі. Тараптар уағдаластыққа қол жеткізбеген келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

      7.2. Келісім бірдей заң күші бар екеуі мемлекеттік, екеуі орыс тілдерінде төрт түпнұсқа данада жасалған.

      7.3. Осы Келісіммен реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

      7.4. Тараптардың біреуі немесе Тараптардың екеуі қайта ұйымдастырылған жағдайда, Келісім бойынша барлық құқықтар мен міндеттер Тараптардың құқықтық мирасқорына көшеді.

      7.5. Егер салым мерзімінің соңғы күні жұмыс күні емес күнге сәйкес келсе, салым есептелген сыйақымен (мүддемен) бірге келесі жұмыс күніне қайтарылады, бұл ретте, көрсетілген жұмыс күні емес күнге сыйақы (мүдде) есептелмейді.

      8. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен деректемелері

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Нұр-Сұлтан қаласы, индексі 100000
Мәңгілік Ел даңғылы, 8 (4 кіреберіс)
ЖБК ________________
БЖК _________________
БСН_____________
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазынашылық комитетінде
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі атынан ______
_____________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
Мөр орны

___________________________________
(бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның атауы)
индексі ___________,
_____________ қаласы ______________,
№ ____
ЖБК _________________
БЖК __________________
БСН __________________
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазынашылық комитетінде
______________________________ атынан
(бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның атауы)
______ _____________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөр орны

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 30 мамырдағы
№ 517 бұйрығына
4-қосымша
  Бюджеттің атқарылуы
және оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
116-2-қосымша

МӘМІЛЕ ПАСПОРТЫ № ____ ___ _____________ 20___жыл

      _____________________________________________________________________

      (бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның атауы)

      береді, ал Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі _____________теңге

      сомасында салым қабылдайды.

      Орналастыру мерзімі: _____________________

      Орналастырудың басталу күні: _____________

      Орналастырудың аяқталу күні: _____________

      ҚР ҰБ сыйақы ставкасы: ___________________

      ҚР ҰБ сыйақы сомасы: _____________________

      ҚР ҰБ қайтарылатын салым және есептелген сыйақы сомасы: _____________

      Салымды мерзімінен бұрын талап еткен кезде қолданылатын сыйақы

      ставкасы: ________________________________

      "__"__________20__жыл _________________________KZT

      (сомасы санмен)

      Министрлікке төлейді,

      Нұр-Сұлтан қаласы, ЖБК № ___________, БЖК ____________ БСН-і ___________

      ________________________________________________________деректемелері

                  (бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның)

      ЖБК № ________________, БЖК ________________, БСН-і _________________

      Тараптардың қолдары:

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазынашылық комитетінің атынан
___________________________
(лауазым атауы)
______ ___________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөр орны

(бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның
атауы) атынан ___________________________
(лауазым атауы)
______ ______________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөр орны