"Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы минис

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 511 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 31 мамырда № 18766 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 246 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.05.2025 № 359 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 502 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 36-37-38, 250-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларында:

      8-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік;";

      21-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті;".

      2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин