"Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда минис

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 43 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 мамырда № 18736 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 6 тамыздағы № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6402 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарда:

      мынадай мазмұндағы 4-2-тармақпен толықтырылсын:

      "4-2. Жобаны іске асыру үшін, оның ішінде мемлекеттік кепілдік берілген бұрын тартылған мемлекеттік емес қарызды өтеу үшін мемлекеттік кепілдікпен жаңа мемлекеттік емес қарызды тарту инвестициялық жобаның ТЭН-ін түзету және жаңа ТЭН әзірлеу үшін негіз болып табылмайды.

      Бұрын мемлекеттік кепілдік берілген инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыз тартылған, сондай-ақ тиісті қорытындылар берілген инвестициялық жобаның ТЭН негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы беріледі.

      Бұл ретте, қарыз алушы мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыз тартылғаннан кейін бір ай ішінде мемлекеттік кепілдікпен бұрын тартылған қарызды толық көлемде өтеуді жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 216-бабына сәйкес бекітілетін, тиісті жылдың мемлекеттік кепілдіктерімен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесіне енгізу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы негіз болып табылады.".

      2. Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Дәленов