"Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 271 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 мамырда № 18733 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 286 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 № 286 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 наурызда № 10370 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 наурызда жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың 1-тармағының 1) тармақшасы орыс тілінде жаңа редакцияда жазылады, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жеке көмекшінің қызметтерін алу үшін жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер және естуі бойынша мүгедектер немесе олардың заңды өкілдері не мүгедектен нотариалды түрде куәландыруды талап етпейтін сенімхат алған адамдар (бұдан әрі – өтініш беруші) тұрғылықты жері бойынша Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына, Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына,, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына, қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөлігіне сай оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуға өтініш (бұдан әрі – өтініш) және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты береді.";

      2-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Нысан
  ____________________
  ___________________
  жергілікті атқарушы
  органының басшысына";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделуді ұсыну қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жолдамаларды облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары (бұдан әрі – облыстық басқармалар), Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (бұдан әрі – қалалық басқармалар) мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен сатып алады.";

      3-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Нысан
  ____________________
  ___________________
  жергілікті атқарушы
  органының басшысына";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Протездік-ортопедиялық көмекке мұқтаж мүгедектер немесе олардың заңды өкілдері не мүгедектен нотариалды түрде куәландыруды талап етпейтін сенімхат алған адамдар (бұдан әрі – өтініш беруші) тұрғылықты жері бойынша Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына, Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына (бұдан әрі – қалалық басқармалар) немесе қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөлігіне сай оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуға өтініш (бұдан әрі – өтініш) және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты береді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Облыстық басқармалар, қалалық басқармалар мен жұмыспен қамту бөлімдері протездік-ортопедиялық көмекке мұқтаж және осы көмекті мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен алған мүгедектердің есебін жүргізеді. Облыстық басқармалар (қалалық басқармалар) облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалаларының денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмек алуға жіберу жұмысын ұйымдастырады.

      Мүгедектерді қайта протездеуге жіберу не протездік-ортопедиялық аяқкиіммен қамтамасыз ету протездерді және басқа да протездік-ортопедиялық құралдарды ауыстырудың осы Қағидаларда белгіленген мерзімдерінде жүргізіледі.";

      93-тармақ мынадай тармақшамен толықтырылсын:

      "Міндетті гигиеналық құралдар мүгедектерге бір жылға төмендегідей мөлшерде беріледі:

      1) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектерге арналған жөргектер – 730 дана;

      2) несеп-жыныс жүйесі бұзылған мүгедектерге арналған несеп қабылдағыштар – 365 дана;

      3) ішек ауруы бар мүгедектерге арналған нәжіс қабылдағыштар – 365 дана;

      4) сіңіргіш жаймалар (жаялықтар) – 365 дана;

      5) катетер – 12 дана;

      6) Spіna bіfіda диагнозы бар мүгедек балаларға арналған бір рет қолданылатын катетерлер - 2190 дана;

      7) стоманың айналасындағы теріні қорғау және тегістеуге арналған паста-герметик – 12 дана;

      8) қорғаныш крем – 12 дана;

      9) сіңіргіш ұнтақ (опа) – 12 дана;

      10) иісті бейтараптандырғыш – 12 дана;

      11) теріні тазартқыш – 12 дана.";

      Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидаларының 1-қосымшада:

      Протездік-ортопедиялық көмек және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды ұсынуға медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер мынадай мазмұндағы 4.5-1-жолмен толықтырылсын:

      "

4.5-1

Spіna bіfіda диагнозы бар мүгедек балаларға арналған бір рет қолданылатын катетерлер

Spіna bіfіda диагнозы бар мүгедек балаларда қуықты өздігінен босатуға толық немесе жартылай қабілетсіз болған кезде


  ";

      2-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Нысан
  ____________________
  ___________________
  жергілікті атқарушы
  органының басшысына";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектерді арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Кресло-арбаларға мұқтаж мүгедектер немесе олардың заңды өкілдері не мүгедектен нотариалды түрде куәландыруды талап етпейтін сенімхат алған өзге адамдар (бұдан әрі – өтініш беруші) тұрғылықты жері бойынша Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына, Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасына, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына (бұдан әрі – қалалық басқармалар), қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері) өтініш және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты береді.";

      қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Нысан
  ____________________
  ___________________
  жергілікті атқарушы
  органының басшысына".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Б. Сапарбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі