Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2019 жылғы 22 мамырдағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 23 мамырда № 18720 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағы және 46-бабының 1-тармағына 4-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің м.а.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрінің м.а.
2019 жылғы 22 мамырдағы
№ ҚР ДСМ-84 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1) "Сараптама жүргізу үшін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың үлгілерін алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 701 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5880 болып тіркелген, "Юридическая газета" газеті 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 198 (1795) жарияланған);

      2) "Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қарашадағы № 762 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5900 болып тіркелген "Юридическая газета" газеті 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 10 (1806) жарияланған);

      3) "Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрінің 2009 жылғы 23 қарашадағы № 762 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 402 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11463 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 17.07.2015 ж. жарияланған);

      4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қарашадағы № 762 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 674 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15820 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 13.10.2017 ж.);

      5) "Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілердің үлгілік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 535 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11801 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 02.09.2015 ж. жарияланған).