"Хабарлама тәртібінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін құру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министр

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 2 мамырдағы № ҚР ДСМ-61 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 8 мамырда № 18640 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-139/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.10.2020 № ҚР ДСМ-139/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 29-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Хабарлама тәртібінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін құру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 12 ақпандағы № 75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік реестрінде № 8385 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 24 тамызда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Хабарлама тәртібінде медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін құру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Хабарлама тәртібінде медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін құру қағидасы бекітілсін.";

      Хабарлама тәртібінде медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін қалыптастыру қағидасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 2 мамырдағы
№ ҚР ДСМ-61 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2013 жылғы 12 ақпандағы
№ 75 бұйрығымен
бекітілген

Хабарлама тәртібінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін қалыптастыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Хабарлама тәртібінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 29-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және хабарлама тәртібінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларды мынадай негізгі ұғымдар пайдалынады:

      1) өтініш беруші – медициналық мақсаттағы бұйымдар көтерме және/немесе бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыру туралы хабарлама беретін, оның ішінде сенімхат бойынша әрекет ететін жеке немесе заңды тұлға;

      2) қабылдайтын ұйым – хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - Ведомствоның аумақтық бөлімшелері);

      3) түпкілікті қабылдаушы – медициналық бұйымдарды көтерме және/немесе бөлшек саудада өткізумен байланысты қызметті немесе белгілі әрекеттерді жүзеге асырудың басталуы (тоқтатылуы) туралы хабарлаған субъектілердің тізілімін жүргізетін ведомствоның аумақтық бөлімшелері.

2. Тізілімді қалыптастыру тәртібі

      3. Тізілімдер өтініш беруші хабарлама негізінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.

      Тізілімдер қазақ және орыс тілдерінде толтырылады және Exсel форматындағы электрондық түрде жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының сұрау салуы бойынша тізілімдерге енгізілген деректер ұсынылады.

      Ведомствоның аумақтық бөлімшелеріне жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайының, заңды тұлғаның орналасқан жерінің, хабарламада көрсетілген қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру мекенжайының, сондай-ақ тіркеу деректерінің өзгеруі туралы хабарлама түскен жағдайда тізілімге хабарлама берілген күні тиісті өзгерістер енгізіледі.

      4. Тізілім уәкілетті органның интернет-ресурсында еркін қолжеткізу режимінде орналастырылады.

      5. Дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметі немесе қызметінің жекелеген түрлері сотпен тоқтата тұрған жағдайда тізілімге тиісті мәліметтер енгізіледі.

      6. Тізілімге хабарламада көрсетілген жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің, заңды тұлғаның орналасқан орны, қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру мекенжайының, сондай-ақ хабарламада толтыру үшін міндетті болып табылатын ақпараттың, тіркеу деректерінің өзгеруі туралы деректер енгізіледі.

      7. Ведомствоның аумақтық бөлімшелері медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектілердің тізілімін жүргізеді және тоқсан сайын дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосына жібереді.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 2 мамырдағы
№ ҚР ДСМ-61 бұйрығына
қосымша
  Нысан

Хабарлама тәртібінде медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімі

Хабарламаның түскен күні мен уақыты

Заңды тұлғаның толық атауы, БСН / жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН

Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің немесе заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайлары, қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру мекенжайлары

Қызметті немесе белгілі әрекеттерді жүзеге асырудың басталуы, қызметті немесе белгілі әрекеттерді жүзеге асырудың тоқтатылуы, хабарламада көрсетілген деректердің өзгеруі туралы мәліметтер

Өтініш берушінің байланыс деректері (электрондық почта, телефон, факс)

Қызметті (белгілі бір әрекетті) жүзеге асырудың басталу уақыты мен орны

Қызметті (белгілі бір әрекетті) жүзеге асырудың тоқтатылу уақыты мен орны (егер ол Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделсе)

1

2

3

4

5

6

7

8