Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 02.02.2021 № 448 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 762 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12753 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда көрсетілуге тиіс.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Автомобиль көлік құралдарына қатысты кәдеге жарату төлемақысының негізгі мөлшерлемесі және коэффициенттері
Көлік құралдарының түрлері және санаттары | Кәдеге жаратудың негізгі мөлшерлемесі | Автомобиль көлік құралдарына қатысты кәдеге жаратудың негізгі мөлшерлемесіне қолданылатын коэффициенттері |
1. М1 санатының көлік құралдары, соның ішінде G санатының жүріп өту мүмкіндігі жоғары: жеңіл автомобильдер | ||
Буданды күштік қондырғысы бар көлік құралдарынан басқа, электр қозғалтқышы бар | 50 АЕК | 3 |
Қозғалтқыштың жұмыс көлемі: | ||
1 000 см3-қа дейін | 50 АЕК | 3 |
1 001 см3-тан 2 000 см3-қа дейін | 50 АЕК | 7 |
2 001 см3-тан 3 000 см3-қа дейін | 50 АЕК | 10 |
3 001 см3-тан жоғары | 50 АЕК | 23 |
2. N1, N2, N3 санатының көлік құралдары, соның ішінде G санатының жүріп өту мүмкіндігі жоғары: жүк автомобильдері | ||
Толық салмағы: | ||
2,5 тоннға дейін | 50 АЕК | 7 |
2,5 тоннадан 3,5 тоннға дейін | 50 АЕК | 15 |
3,5 тоннадан 5 тоннаға дейін | 50 АЕК | 15 |
5 тоннадан 8 тоннаға дейін | 50 АЕК | 16 |
8 тоннадан 12 тоннаға дейін | 50 АЕК | 19 |
12 тоннадан 20 тоннаға дейін | 50 АЕК | 21 |
20 тоннадан 50 тоннаға дейін, ершікті тартқыштардан өзге | 50 АЕК | 41 |
20 тоннадан 50 тоннаға дейінгі ершікті тартқыштар | 50 АЕК | 11 |
3. М2, М3 санатының көлік құралдары, соның ішінде G санатының жүріп өту мүмкіндігі жоғары: автобустар | ||
Буданды күштік қондырғысы бар көлік құралдарынан басқа, электр қозғалтқышы бар | 50 АЕК | 8 |
Қозғалтқыштың жұмыс көлемі: | ||
2 500 см3-қа дейін | 50 АЕК | 8 |
2 500 см3-тан 5 000 см3-қа дейін | 50 АЕК | 16 |
5 000 см3-тан 10 000 см3-қа дейін | 50 АЕК | 21 |
10 001 см3 жоғары | 50 АЕК | 27 |