Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.01.2021 № ҚР ДСМ-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 69-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Дәрілік заттарды рецептімен босатуға жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 288 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11233 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дәрілік заттарды рецептімен босатуға жатқызу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы (бұдан әрі – мемлекеттік орган) - дәрілік затты мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, олардың тіркеу құжатына өзгерістер енгізу кезінде сараптама жүргізу нәтижелері бойынша берілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы сараптама ұйымының (бұдан әрі – сараптама ұйымы) қорытындысының негізінде дәрілік затты рецептімен босатуға жатқызу жөнінде шешім қабылдайды.";
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Дәрілік затты рецептімен босатуға жатқызу қажеттілігін белгілеу үшін сараптама ұйымы дәрілік заттың мамандандырылған сараптамасы сатысында бағалауды жүргізеді:";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Дәрілік заттың мамандандырылған сараптамасының нәтижелері бойынша рецептімен босатуға немесе рецептісіз босатуға жатқызу жөніндегі қорытынды жасалады және босату шарты көрсетіле отырып дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту үшін мемлекеттік органға ұсынылады.".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.