БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестіден өткізу әдістемесін және Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 4 ақпандағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4876 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 18 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестіден өткізу әдістемесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Әдістемеде мынадай терминдер мен анықтамалар:
1) пробация – санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі;
2) пробация қызметі – қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшауламай орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің органы;
3) сотқа дейінгі баяндама – күдіктінің, айыпталушының жеке басының ерекшеліктері, олардың әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасында көзделген іс-шараларды орындауы, пробация қызметінің ұсынымдарын ұстануы және оның көмегін қабылдауы туралы ақпарат;
4) сотқа дейінгі пробация – күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеуге бағытталған, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі қызмет пен шаралар жиынтығы пайдаланылады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесінде:
"5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күдікті, айыпталушы адамға қатысты пробация қызметінің қызметкері әзірлейтін сотқа дейінгі баяндама оның жеке басының ерекшеліктері, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасымен көзделген іс-шараларды орындау, олардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының тәуекелдерін бағалау туралы сотқа хабар беру үшін күдікті, айыпталушы адам туралы материалдарды жинауды көздейді";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған күдікті, айыпталушы адамға сотқа дейінгі баяндама олардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының тәуекелдерін бағалау, күдіктіге, айыпталушыға қатысты әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын іске асыру нәтижелері бойынша, сондай-ақ пробация қызметінің өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, заңды тұлғалардан сұралатын мәліметтер, анықтамалар, мінездемелер, өзге де ақпараттар негізінде дайындалады";
Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесіне қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-майоры |
Е. Тургумбаев |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 307 бұйрығына қосымша |
|
Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесіне қосымша |
|
нысан |
Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күдікті, айыпталушы адамға сотқа дейінгі баяндама
Кіріспе бөлігі
__________________________________________________________________________
(сотқа дейінгі баяндаманы жасау уақыты, күні, орны)
__________________________________________________________________________
(cотқа дейінгі баяндаманы жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(күдіктінің, айыпталушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
туған күні, айы, жылы және туған жері)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Сипаттау бөлігі

(азаматтығы, отбасылық жағдайы, айналысатын кәсібі, білімі, тұрғылықты жері,
соттылығының бар-жоғы, сипаттайтын өзге де деректер)
Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жеке бағдарламасымен көзделген
іс-шаралардың орынлалуы
__________________________________________________________________________
(Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жеке бағдарламасымен көзделген, орындалған
(орындалып жатқан) іс-шаралардың нәтижелері туралы мәліметтер)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Әлеуметтік мінездеме
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Өмір сүру жағдайлары

Отбасылық қарым-қатынастары
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Жұмыс (оқу) орны бойынша тағы әріптестермен қарым-қатынастары
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Достарымен және таныстарымен қарым-қатынастары
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестілеу нәтижелері
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Олардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау тәуекелдерін бағалау
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Қылмыстық өткені

Қылмыс жасағанға дейінгі мінез-құлқы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Қылмыс жасағаннан кейінгі мінез-құлқы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқына ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін
факторлар
Оң факторлар
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Теріс факторлар

Пробация қызметінің ұсынымдарына сүйену және оның көмегін алу
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар және күдіктіні, айыпталушыны қоғамға
қайта кіріктіру)
Ұсынымдық бөлігі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(адамға жазаны тағайындау және оны орындау кезінде пайдалануға ұсынылатын
міндеттер мен шектеулердің үлгі тізбесі)
Күдіктіге, айыпталушыға сотқа дейінгі баяндаманы пробация қызметінің бастығы
(аға инспекторы, инспекторы) жасады
________________________________________
______________________ _________________
(пробация қызметінің атауы)
________________________________________
(атағы) (қолы) (тегі, аты-жөні)
20___ж. "____" ____________
Таныстырылды қолы ______ (күдіктінің, айыпталушының аты-жөні)
қолы ______ (күдіктінің, айыпталушының заңды өкілінің аты-жөні)