"Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 178 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 9 сәуірде № 18476 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген, 2015 жылы 15 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларында:

      10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) дербес немесе басқа мамандарды тарта отырып, салынуы белгіленген объектіні жобалауға арналған тапсырманы дайындайды.

      Жобалауға арналған тапсырма жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу жөніндегі тапсырысты орындау шартының ажырамас бөлігі және оны тапсырыс беруші бекіткен сәттен бастап тараптар үшін міндетті болып табылады.

      Құрылыста мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыланатын объектілерді жобалауға арналған тапсырмада тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорына қосылған, "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1107 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12767 болып тіркелген) бекітілген Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған қазақстандық өндірістің құрылыс материалдарын, жабдықтарын, бұйымдары мен конструкцияларын қолдану міндетті талап болып табылады.

      Жобалауға арналған тапсырмада Заңның 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес бекітілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес мүгедектер және басқа да халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімді жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ "Мүгедектің жұмыс орны стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 519 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13913 болып тіркелген) сәйкес еңбек жағдайларын жасау міндетті талап болып табылады.

      Жобалау процесінде тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша жобалауға арналған тапсырма түзетіледі және нақтыланады. Егер тапсырыс берушінің бастамасы бойынша жобалауға арналған тапсырмаға енгізілген түзетулер жобалау алдындағы немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының әзірленген бөлімдерін қайта өңдеуді қажет ететін болса, онда орындалған жұмыс көлемін ескере отырып, шартқа қосымша келісім жасалады.";

      12-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) бухгалтерлiк және статистикалық есепке алуды ұйымдастырады және жүргiзедi, сондай-ақ:

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес орындалған жұмыстар актісіне;

      осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес орындалған жұмыстар актісіне;

      осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес орындалған құрылыс жұмыстары (базалық-индекстік әдіс бойынша) мен шығындар құны туралы анықтамаға;

      осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес орындалған құрылыс жұмыстары (ресурстық әдіс бойынша) мен шығындар құны туралы анықтамаға қол қояды.

      Орындалған жұмыстарды қабылдаудың, құрылыс үдерісінде орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстар үшін есеп айырысудың тәртібі мен мерзімдері шарттық (жекелеген) бағалар каталогы негізінде тараптардың келісімі бойынша мердігерлік шартпен белгіленеді және олар үшін ай сайынғы есеп айырысулар тапсырыс беруші мен мердігер арасында келісілген нысан бойынша жүргізіледі.

      Орындалған құрылыс-монтаждау және құрылыс-жөндеу жұмыстары үшін тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы есеп айырысудың шарттық (жекелеген) бағалар каталогын қалыптастыру кезінде конструктивтік элементтер (осы элементтердің техникалық дайындық пайызы), шартта көрсетілген кезеңдер бойынша жеке-жеке немесе шарт бойынша барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін жүзеге асыруға рұқсат етіледі.

      Бұл ретте, шарттық (жекелеген) бағалар каталогын қалыптастыру, орындалған жұмыстарды қабылдау, есептесулерді жүзеге асыру тапсырыс берушінің қаржыландыру, есепке алу және есеп беру саласындағы функцияларын толық көлемде орындауын қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік емес инвестициялар есебінен объектінің құрылысын жүзеге асырған кезде орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін ай сайынғы есептесу тапсырыс беруші мен мердігер арасында келісілген нысандар бойынша жүргізіледі.";

      3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      3-1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      4-1-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және инфрақұрылымдық
      даму министрі Р. Скляр

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 2 сәуірдегі
№ 178 бұйрығына
1-қосымша
  Тапсырыс берушінің
(құрылыс салушының) қызметін
ұйымдастыру және
функцияларын
жүзеге асыру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

      Тапсырыс беруші:

      _____________________________________________________________________

      (толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі,

      мекенжайы, байланыс құралдары туралы деректер)

      Мердігер:

      _____________________________________________________________________

      (толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі,

      мекенжайы, байланыс құралдары туралы деректер)

      Құрылыс:

      _____________________________________________________________________

      (атауы, мекенжайы)

      Объект:

      _____________________________________________________________________

                                    (атауы)

      _______________ № _______ мердігерлік шарт (келісімшарт)

Орындалған жұмыстар актісі

      ____________

      (жылы, айы)

      ________ жұмыстары үшін

      Негіздеме:

      2001 жылғы бағада жасал(ды)ған

Нөмірі

Норматив позициясының шифры

Жұмыстар мен шығындардың атауы, өлшем бірлігі

Саны

Бірліктің құны, теңге

Жалпы құны, теңге

Үстеме шығыстар, теңге

Еңбек шығындары, адам-сағат, құрылысшы жұмысшылар

Жасалған елі

Реттік саны

Смета бойынша

Барлығы

Машиналарды пайдалану

Барлығы

Машиналарды пайдалану

%

Құрылысшы- жұмысшылардың жалақысы

о.і.машинистердің жалақысы

Құрылысшы- жұмысшылардың жалақысы

о.і.машинистер-дің жалақы-сы

Машиналарға қызмет етуші жұмысшылар

бірлігі

барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13














      Барлық тікелей шығындар

      оның ішінде мыналардың құны:

      материалдар, бұйымдар және конструкциялар

      жабдықтар

      өзге де шығындар

      Үстеме шығыстар:

      жалақы

      еңбек сыйымдылығы

      Нормаланбаған және күтпеген шығындар

      ...

      2001 жылғы базалық құнының жиыны:

      Сметалық жалақысы

      Нормативтік еңбек сыйымдылығы

      Ағымдағы бағалардың жиыны:

      Салықтар, алымдар, міндетті төлемдер

      Жиыны:

      Қосылған құн салығы:

      Барлығы:

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Техникалық қадағалау

      сарапшысы(лары):

      ________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда), жеке

      сәйкестендіру

      нөмірі, аттестат №, қолы)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Құрылыс жобасын әзірлеушілер

      немесе авторлық қадағалау

      сарапшысы(лары):

      ________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда), жеке

      сәйкестендіру нөмірі, бұйрық

      немесе аттестат №, қолы)

Тапсырды (Мердігер)

Қабылдады (Тапсырыс беруші)

______________________________
(ұйымның атауы, бизнес
сәйкестендіру нөмірі
немесе жеке сәйкестендіру нөмірі)
 

__________________________
(ұйымның атауы, бизнес
сәйкестендіру нөмірі
немесе жеке сәйкестендіру нөмірі)
 

_____________________________
(лауазымы, қолы, қолтаңбаның
толық жазылуы)
Мөр орны (бар болған жағдайда)

___________________________
(лауазымы, қолы, қолтаңбаның
толық жазылуы)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
 

      Ескертпе:

      1. Нысан базалық-индекстік әдісті пайдалану арқылы құрылған сметалар бойынша орындалған жұмыстар актілері үшін қолданылады.

      2. 13-бағанда, орындалған жұмыстардың актісінде бөлек жолақта ескерілген сол материалдық ресурстар және жабдықтардың мәліметі көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 2 сәуірдегі
№ 178 бұйрығына
2-қосымша
  Тапсырыс берушінің
(құрылыс салушының) қызметін
ұйымдастыру және
функцияларын
жүзеге асыру қағидаларына
3-1-қосымша
  Нысан

      Тапсырыс беруші:

      _____________________________________________________________________

      (толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі,

      мекенжайы, байланыс құралдары туралы деректер)

      Мердігер:

      _____________________________________________________________________

      (толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі,

      мекенжайы, байланыс құралдары туралы деректер)

      Құрылыс:

      _____________________________________________________________________

                              (атауы, мекенжайы)

      Объект:

      _____________________________________________________________________

                              (атауы)

      _______________ № _______Мердігерлік шарт (келісімшарт)

Орындалған жұмыстар актісі

      ____________

      (жылы, айы)

      ________ жұмыстары үшін

      Негіздеме:

      20___ жылғы ағымдағы бағада жасал(ды)ған тенге

Нөмірі

Норматив позициясының шифры

Жұмыстар мен шығындардың атауы, өлшем бірлігі

Өлшем бірлігі

Саны

Бірліктің құны

Орындалған жұмыстар

Үстеме шығыстар

Реттік саны

Смета бойынша

Барлығы

Машиналарды пайдалану

Барлығы

Машиналарды пайдалану

Материалдар

сметалық пайда

құрылысшы жұмысшылардың жалақысы

машинистердің жалақысы

құрылысшы жұмысшылардың жалақысы

машинистердің жалақысы

жабдық, жиһаз, мүкәммал

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













      кестенің жалғасы

ҮШ жэне СП құнының жиынтығы, теңге

Жасалған елі

13

14




Тапсырды (Мердігер)

Қабылдады (Тапсырыс беруші)

____________________________________________________
(ұйымның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру
нөмірі)

__________________________
(ұйымның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі
немесе жеке сәйкестендіру нөмірі)

_________________________________
(лауазымы, қолы, қолтаңбаның толық жазылуы)
Мөр орны (бар болған жағдайда)

___________________________
(лауазымы, қолы, қолтаңбаның толық жазылуы)
Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Техникалық қадағалау сарапшысы(лары): _______________________________________

                                    (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),

                                    жеке сәйкестендіру нөмірі, аттестат №, қолы)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Құрылыс жобасын әзірлеушілер немесе авторлық қадағалау

      сарапшысы(лары): _____________________________________________________________

                              (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке

                              сәйкестендіру нөмірі, бұйрық немесе аттестат №, қолы)

      Ескертпе:

      1. Нысан ресурстық әдісті пайдалану арқылы құрылған сметалар бойынша орындалған жұмыстар актілері үшін қолданылады.

      2. 14-бағанда, орындалған жұмыстардың актісінде бөлек жолақта ескерілген сол материалдық ресурстар және жабдықтардың мәліметі көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 2 сәуірдегі
№ 178 бұйрығына
3-қосымша
  Тапсырыс берушінің
(құрылыс салушының) қызметін
ұйымдастыру және
функцияларын
жүзеге асыру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

      Тапсырыс беруші:

      Мердігер:

      Құрылыстың атауы және онызмекенжайы:

Орындалған құрылыс жұмыстарының құны және шығындары туралы анықтама (базалық-индекстік әдіс бойынша)

      20__жылғы ____________

Код

Код

Шарт

Қаржыландыру көзі

Ұйымдастыру-құқықтық нысаны

тапсырыс беруші

мердігер

нөмірі

күні

атауы

коды

атауы

коды

Іске қосу кешендерінің, объектілердің атауы

Орындалған жұмыстардың құны және шығындар, мың теңгеде

ҚҚС

Барлығы төлемге

ҚҚС қоса алғанда, жылдың басынан бастап есептіқ айға дейін

ҚҚС-сыз есепті айда (____ үшін)

1-бағаннан

2001 жылғы базалық баға деңгейіндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны

оның ішінде

2001 жылғы базалық баға деңгейіндегі ҚМЖ құрамына кірмейтін өзге де шығындар-дың құны

қосымша шығындар

есепті айда

жабдықты монтаждау бойынша

материалдарды сатып алуға

басқа қосымша шығыстар

А

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Тапсырыс беруші___________________________________________________________

                        (лауазымы, аты-жөні, қолы, бизнес сәйкестендіру нөмірі

                        немесе жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Мердігер _______________________________________________________________

                        (лауазымы, аты-жөні, қолы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе

                        жеке сәйкестендірунөмірі)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Құрылыс жобасын әзірлеушілер

      немесе авторлық қадағалау жөніндегі

      сарапшы(лар): _____________________________________________________________

                        (лауазымы, аты-жөні, қолы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке

                        сәйкестендіру нөмірі, бұйрық немесе аттестат №)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Техникалық қадағалау жөніндегі

      сарапшы(лар): _____________________________________________________________

                        (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке

                        сәйкестендіру нөмірі, аттестат №, қолы)

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 2 сәуірдегі
№ 178 бұйрығына
4-қосымша
  Тапсырыс берушінің
(құрылыс салушының) қызметін
ұйымдастыру және
функцияларын
жүзеге асыру қағидаларына
4-1-қосымша
  Нысан

      Тапсырыс беруші:

      Мердігер:

      Құрылыстың атауы және мекенжайы:

Орындалған құрылыс жұмыстарының құны және шығындары туралы анықтама (ресурстық әдіс бойынша)

      20__жылғы ____________

Код

Код

Шарт

Қаржыландыру көзі

Ұйымдастыру-құқықтық нысаны

тапсырыс беруші

мердігер

нөмірі

күні

атауы

коды

атауы

коды

Іске қосу кешенде-рінің, объектілердің атауы

Орындалған жұмыстардың құны және шығындар, мың теңге

ҚҚС (1-баған бойынша)

Төлемге барлығы

ҚҚС қоса алғанда, жылдың басынан бастап есепті айға дейін

ҚҚС-сыз есепті айда (____ үшін)

1-бағаннан

Сметалық баға деңгейіндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны

оның ішінде

20__ жылғы базалық баға деңгейіндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының құрамына кірмейтін өзге де шығындардың құны

қосымша шығындар

есепті айда

жабдықты монтаждау бойынша

материалдар сатып алуға

басқа қосымша шығыстар

А

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












      Мөр орны(бар болған жағдайда)

      Тапсырыс беруші___________________________________________________________

                        (лауазымы, аты-жөні, қолы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке

                        сәйкестендіру нөмірі)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Мердігер __________________________________________________________________

                        (лауазымы, аты-жөні, қолы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке

                        сәйкестендіру нөмірі)

      Мөр орны(бар болған жағдайда)

      Құрылыс жобасын әзірлеушілер

      немесе авторлық қадағалау

      сарапшысы(лары): __________________________________________________________

                        (лауазымы, аты-жөні, қолы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке

                        сәйкестендіру нөмірі, бұйрық немесе аттестат №)

      Мөр орны(бар болған жағдайда)

      Техникалық қадағалау

      сарапшысы (лары): _________________________________________________________

                              (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке

                              сәйкестендіру нөмірі, аттестат №, қолы)