Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 "Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 146 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 28 ақпанда № 18354 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16689 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 сәуірде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органның ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ішкі мемлекеттік аудит, Заңның 18 бабына сәйкес қалыптастырылған ішкі аудит қызметтерінің тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің (бұдан әрі – мемлекеттік аудит объект) тізбесі (бұдан әрі – мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі) негізінде жүргізіледі.

      Уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жоспардан тыс аудитті Заңның 18-бабының 5-рамағына сәйкес жүргізеді.

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 желтоқсанда № 12599 болып тіркелді) сәйкес жіберілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны мемлекеттік аудит объектісімен орындағаннан кейін тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымдары бойынша уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен жоспардан тыс аудит жүргізіледі.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Мемлекеттік аудит тобы аудиторлық іс-шараға дайындық кезеңінде:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік аудит объектісінің қызметін алдын ала зерделеу барысында уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен Болжамды мәселелер тізбесіне сәйкес мемлекеттік аудит объектісінің қызметін алдын ала зерделеу үшін ақпарат көздерін талдауды жүргізеді;

      2) қолжетімді көздерден, Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқордан ақпарат жинақтауды жүзеге асырады және мемлекеттік аудит объектісін алдын ала зерделеу үшін қосымша мәліметтер, ақпараттар, құжаттар (материалдар) сұратады.";

      80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Мемлекеттік аудит объектісін алдын ала зерделеу мақсатында дайындық кезеңінде мемлекеттік аудит тобының жетекшісі және қатысушылары ақпарат жинауды және мемлекеттік аудит объектілеріне жетпейтін ақпаратты ұсынуға арналған сұрау салуды жібереді.";

      92-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "92. Мемлекеттік аудит жүргізілген мемлекеттік аудит объектілерінің әрқайсысы бойынша аудиторлық іс-шара нәтижелері аудиторлық есеппен немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есеппен ресімделеді.

      Аудиторлық есепке:

      1) ішкі мемлекеттік аудит объектісінің мәліметтерді, ақпаратты, құжаттарды (материалдарды) ұсынуы жөніндегі талап;

      2) ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер тізілімі;

      3) анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер фактілерін растайтын құжаттардың, анықтамалардың, кестелердің, фотосуреттердің түпнұсқалары немесе тиісінше куәландырылған көшірмелері;

      4) функционалдық және лауазымдық міндеттері негізінде жіберілген бұзушылықтарға қатысы бар тұлғалардың жазбаша түсініктемелері (қажет болғанда);

      5) бақылау өлшемдері мен қарап тексеру актілері (олар жасалған жағдайда);

      6) зерттеулердің (сынақтардың және тағы басқалар), сараптамалардың қорытындылары, хаттамалардың көшірмелері, ішкі мемлекеттік аудит нәтижелерімен байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері (олар жасалған жағдайда);

      7) мемлекеттік органдар мамандарының, сарапшылардың (олар тартылған жағдайда) сараптамалық қорытындылары;

      8) ішкі мемлекеттік аудитке ұшыраған құжаттар тізбесі, олардың деректемелері және аудиторлық іріктеудің негіздемесі көрсетіле отырып, олардың негізінде қалыптастырылған қорытындылар;

      9) және басқа да құжаттар қоса беріледі.

      Қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке:

      1) ішкі мемлекеттік аудит объектісінің мәліметтерді, ақпаратты, құжаттарды (материалдарды) ұсынуы жөніндегі талап;

      2) стандарттарында көзделген қосымшалар;

      3) ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер тізілімі;

      4) анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер фактілерін растайтын құжаттардың, анықтамалардың, кестелердің, фотосуреттердің түпнұсқалары немесе тиісінше куәландырылған көшірмелері;

      5) функционалдық және лауазымдық міндеттері негізінде жіберілген бұзушылықтарға қатысы бар тұлғалардың жазбаша түсініктемелері (қажет болғанда);

      6) бақылау өлшемдері мен қарап тексеру актілері (олар жасалған жағдайда);

      7) зерттеулердің (сынақтардың және тағы басқалар), сараптамалардың қорытындылары, хаттамалардың көшірмелері, ішкі мемлекеттік аудит нәтижелерімен байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері (олар жасалған жағдайда);

      8) сарапшылардың (олар тартылған жағдайда) сараптамалық қорытындылары;

      9) ішкі мемлекеттік аудитке ұшыраған құжаттар тізбесі, олардың деректемелері және аудиторлық іріктеудің негіздемесі көрсетіле отырып, олардың негізінде қалыптастырылған қорытындылар;

      10) басқа да құжаттар қоса беріледі.";

      101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "101. Аудиторлық есеп немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке ассистентті қоспағанда, мемлекеттік аудит тобының барлық мүшелері, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінде аудиторлық іс-шара аяқталған күннен кешіктірмей мемлекеттік аудит объектісінің басшысы немесе оның орнындағы тұлға қол қояды.

      Аудиторлық іс-шара нәтижелерімен келіспеген кезде аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке мемлекеттік аудит объектісінің басшысы қарсылықтардың бар екені туралы ескертпемен қол қояды.

      Аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке мемлекеттік аудит объектісі қарсылықты уәкілетті органның жанындағы апелляциялық комиссияға қол қойылған аудиторлық есеп немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есеп ұсынылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы Қағидаларға 12-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі.";

      103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "103. Аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке келіп түскен қарсылықтар уәкілетті органның жанындағы апелляциялық комиссиясымен Заңның 11-1-тарауында айқындалған тәртіппен қаралады.

      Мемлекеттік аудит объектісінен қарсылықтар келіп түскен жағдайда аудиторлық септе немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепте көрсетілген бұзушылықтардың анықталған күні қарсылықты қарау нәтижелері бойынша шешім қабылдау туралы құжаттың күні болып есептеледі.";

      122-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "122. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттарға шағым жасау кезінде туындайтын дауларды апелляциялық реттеу Заңның 58-6-бабына сәйкес міндетті болып табылады.";

      125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "125. Аудит тобының жетекшісі мемлекеттік аудит объектісінен ақпаратты (растаушы құжаттарды) алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісінің ұсынымдар мен нұсқамаларды орындау толықтығына талдау жүргізеді.

      Аудиторлық іс-шаралар негізінде сот тәртібінде қарау және (немесе) қылмыстық іс жүргізу немесе өзге аудит объектісіне байланысты емес негіздер бойынша жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, нұсқамалардың тармақтарын орындау мерзімін мемлекеттік аудит объектісінің дәлелденген негіздемелері болған кезде екі реттен асырмай ұзартуға жол беріледі.

      Ұсынымдар мен нұсқамалар толық орындалған жағдайда осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудиторлық іс-шараның аяқталғаны туралы анықтама жасалады.";

      130-тармағының төртінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік аудит объектісінің басшысымен немесе оның орнындағы тұлғамен аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке қарсылықтар жіберген жағдайда сапаны бақылау Заңның 11-1-тарауында белгіленген тәртіппен қарсылықты қарау қорытындылары бойынша шешім шыққаннан кейін жүргізіледі.";

      133-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "133. Аудиторлық есепке, қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке қарсылықтар келіп түскен жағдайда уәкілетті органның құрылымдық немесе аумақтық бөлімшелері оларды қарау бойынша дәлелдерді, растайтын құжаттарды уәкілетті органның жанындағы апелляциялық комиссияға үш жұмыс күні ішінде Заңмен белгіленген тәртіппен қарау үшін беріледі.

      Мемлекеттік аудит объектілерінің наразылықтарын қарау жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің негіздемелері әрбір наразылық аспектісі бөлінісінде ресімделеді және оған уәкілетті органның құрылымдық (аумақтық) бөлімшесінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – басшының міндетін атқаратын адам қол қояды.";

      мынадай мазмұндағы 134-1 тармағымен толықтырылсын:

      "134-1. Егер мынадай бұзушылықтардың бірі анықталған жағдайларда аудиторлық есеп немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есеп стандарттарға сәйкес келмейді деп танылады:

      1) ішкі мемлекеттік аудит жүргізу бағдарламасымен бекітілген кезең мен мәселелердің жалпы санының жүз пайызын толық қамтуды қамтамасыз етпеуі;

      2) бекітілген ішкі мемлекеттік аудит жүргізу бағдарламасында көзделген отыз және одан да көп пайызын толық талдауды (объективті және жан-жақты қарау) қамтамасыз етпеуі;

      3) мемлекеттік органдар мен заңды тұлғаларға осындай органдар мен заңды тұлағалардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша сұрау салуларға алынған түсіндірулер негізінде қалыптастырылған сапа бақылауының нәтижелері бойынша қорытындыларды қоспағанда, объективті, дәйекті, тиісті және жеткілікті аудиторлық дәлелдердің болмауына байланысты аудиторлық есепте немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепте көрсетілген бұзушылықтар тармақтарының (жиынтықта қаржылық және (немесе) рәсімдік сипаттағы) жалпы санының жиырма және одан да көп пайызын растамау;

      4) Заңның 18-бабының 5-тармағымен сәйкес жоспардан тыс аудит үшін негіз болған, құжатта мазмұндалған мәселелердің жалпы санының жүз пайызын толық қамтуды және талдауды (объективті және жан-жақты қарау) қамтамасыз етпеуі;

      5) сапа бақылауын жүргізу кезінде үш және одан да көп жағдайларда (фактілер) жүргізілген аудиторлық іс-шарамен анықталмаған қаржылық бұзушылықтардың анықталуы;

      6) сапа бақылауын жүргізу кезінде жүргізілген аудиторлық іс-шарамен анықталмаған, ішкі мемлекеттік аудит нәтижелеріне немесе мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мақсаттарына қол жеткізуге әсер еткен рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың анықталуы;

      7) мемлекеттік аудит көрсеткіштерінің жалпы санының отыз және одан да көп пайызында тиімділік аудитінің немесе сәйкестік аудитінің көрсеткіштеріне сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік аудит саласын немесе аудит объектісінің қызметін бағалаудың болмауы;

      8) жүргізілген аудиттің түріне байланысты жалпы және рәсімдік стандарттардың, ішкі мемлекеттік аудит жүргізуді регламенттейтін Қағидалардың, нормативтік құқықтық және құқықтық құжаттардың белгіленген талаптарын сақтамау.";

      көрсетілген қағидаларың 1-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      7-қосымшасының 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Алдыңғы мемлекеттік аудиттің (бақылаудың) және тексерістің нәтижелері туралы

      мәліметтер:

      _________________________________________________________________________

      (тек ішкі мемлекеттік аудит органы жүргізген мемлекеттік аудит нысанасымен сәйкес

      келетін бұрын басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары, құқық

      қорғау органдары және басқа бақылау және қадағалау органдары қамтыған мәселелер

      бойынша қысқаша мәліметтер, мемлекеттік аудит объектісі қабылдаған анықталған

      бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар)";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі аудит қызметтерінің ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында:

      2-тармағының 7)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) мемлекеттік аудит тобы – екі және одан көп аудиторлық іс-шараға қатысушылар (мемлекеттік аудитор (-лар), мемлекеттік аудитор ассистенті (-тері), қажет болған жағдайда тиісті бейін бойынша тартылған мамандар;";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Мемлекеттік аудит тобы аудиторлық іс-шараға дайындық кезеңінде:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік аудит объектісінің қызметін алдын ала зерделеу барысында ішкі аудит қызметтері зерделейтін мәселелердің болжамды тізбесіне сай мемлекеттік аудит объектісінің қызметін алдын ала зерделеу үшін ақпарат көздерін талдауды жүргізеді;

      2) қолжетімді көздерден, Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқордан ақпарат жинақтауды жүзеге асырады және қажет болған кезде мемлекеттік аудит объектісін алдын ала зерделеу үшін одан қосымша мәліметтер, ақпараттар, құжаттар (материалдар) сұратады.";

      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Мемлекеттік аудит жүргізілген мемлекеттік аудит объектілерінің әрқайсысы бойынша аудиторлық іс-шара нәтижелері аудиторлық есеппен ресімделеді.

      Аудиторлық есепке:

      1) ішкі мемлекеттік аудит объектісінің мәліметтерді, ақпаратты, құжаттарды (материалдарды) ұсынуы жөніндегі талап;

      2) ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер тізілімі;

      3) анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер фактілерін растайтын құжаттардың, анықтамалардың, кестелердің, фотосуреттердің түпнұсқалары немесе тиісінше куәландырылған көшірмелері;

      4) функционалдық және лауазымдық міндеттері негізінде жіберілген бұзушылықтарға қатысы бар тұлғалардың жазбаша түсініктемелері (қажет болғанда);

      5) бақылау өлшемі (қарап тексеру) актілері (олар жасалған жағдайда);

      6) зерттеулердің (сынақтардың және тағы басқалар), сараптамалардың қорытындылары, хаттамалардың көшірмелері, ішкі мемлекеттік аудит нәтижелерімен байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері (олар жасалған жағдайда);

      7) мемлекеттік органдар мамандарының сарапшылардың (олар тартылған жағдайда) сараптамалық қорытындылары;

      8) ішкі мемлекеттік аудитке ұшыраған құжаттар тізбесі, олардың деректемелері және аудиторлық іріктеудің негіздемесі көрсетіле отырып, олардың негізінде қалыптастырылған қорытындылар;

      9) басқа құжаттар қоса беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 95-1 тармағымен толықтырылсын:

      "95-1. Егер мынадай бұзушылықтардың бірі анықталған жағдайларда аудиторлық есеп стандарттарға сәйкес келмейді деп танылады:

      1) ішкі мемлекеттік аудит жүргізу бағдарламасымен бекітілген кезең мен мәселелердің жалпы санының жүз пайызын толық қамтуды қамтамасыз етпеуі;

      2) бекітілген ішкі мемлекеттік аудит жүргізу бағдарламасында көзделген отыз және одан да көп пайызын толық талдауды (объективті және жан-жақты қарау) қамтамасыз етпеуі;

      3) мемлекеттік органдар мен заңды тұлғаларға осындай органдар мен заңды тұлағалардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша сұрау салуларға алынған түсіндірулер негізінде қалыптастырылған сапа бақылауының нәтижелері бойынша қорытындыларды қоспағанда, объективті, дәйекті, тиісті және жеткілікті аудиторлық дәлелдердің болмауына байланысты аудиторлық есепте көрсетілген бұзушылықтар тармақтарының (жиынтықта қаржылық және (немесе) рәсімдік сипаттағы) жалпы санының жиырма және одан да көп пайызын растамау;

      4) Заңның 15-бабының 12)-тармақшасымен сәйкес жоспардан тыс аудит үшін негіз болған, құжатта мазмұндалған мәселелердің жалпы санының жүз пайызын толық қамтуды және талдауды (объективті және жан-жақты қарау) қамтамасыз етпеуі;

      5) сапа бақылауын жүргізу кезінде үш және одан да көп жағдайларда (фактілер) жүргізілген аудиторлық іс-шарамен анықталмаған қаржылық бұзушылықтардың анықталуы;

      6) сапа бақылауын жүргізу кезінде жүргізілген аудиторлық іс-шарамен анықталмаған, ішкі мемлекеттік аудит нәтижелеріне немесе мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мақсаттарына қол жеткізуге әсер еткен рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың анықталуы;

      7) мемлекеттік аудит көрсеткіштерінің жалпы санының отыз және одан да көп пайызында тиімділік аудитінің немесе сәйкестік аудитінің көрсеткіштеріне сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік аудит саласын немесе аудит объектісінің қызметін бағалаудың болмауы;

      8) жүргізілген аудиттің түріне байланысты жалпы және рәсімдік стандарттардың, ішкі мемлекеттік аудит жүргізуді регламенттейтін Қағидалардың, нормативтік құқықтық және құқықтық құжаттардың белгіленген талаптарын сақтамау.";

      көрсетілген қағидаларың 1-қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      7-қосымшасының 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Алдыңғы мемлекеттік аудиттің (бақылаудың) және тексерістің нәтижелері туралы

      мәліметтер:

      _________________________________________________________________________

      (тек ішкі мемлекеттік аудит органы жүргізген мемлекеттік аудит нысанасымен сәйкес

      келетін бұрын басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары, құқық

      қорғау органдары және басқа бақылау және қадағалау органдары қамтыған мәселелер

      бойынша қысқаша мәліметтер, мемлекеттік аудит объектісі қабылдаған анықталған

      бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар)".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Республикалық бюджеттің

      атқарылуын бақылау жөніндегі

      есеп комитеті

      ________________________

      "___" __________ 2019 жыл

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 28 ақпандағы
№ 146 бұйрығына
1-қосымша
  Ішкі мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау жөніндегі
уәкілетті органның ішкі
мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау жүргізу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік аудит объектісінің қызметін алдын ала зерделеу барысында уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері зерделейтін мәселелердің болжамды тізбесі

Мәселелер

Ақпарат көздері

1

2

1. Сәйкестік аудиті (жалпы мәселелер)

Мемлекеттік аудит объектісінің қызметі

Нормативтік құқықтық актілер, ақпараттық-құқықтық жүйелер

Мемлекеттік аудит объектісінің құрылтай құжаттары (Ереже, Жарғы және мемлекеттік аудит объектісінің қызметін реттейтін өзге де құжаттар)

Аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық тәуелді ұйымдарды қоса алғанда, мемлекеттік аудит объектісінің құрылымы

Құқық белгілеуші және өзге де алғашқы құжаттарды құқық қорғау органдарымен алынғандығын растайтын құжат

Алдыңғы мемлекеттік аудит (бақылау) және тексеріс нәтижелері

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, құқық қорғау органдарының және басқа да бақылау және қадағалау органдарының актілері, мемлекеттік аудит объектісін тексеру қорытындылары бойынша қабылдаған шаралар

Мемлекеттік аудит объектісінің ішкі аудит қызметінің жұмысы

Ішкі аудит қызметінің ережесі, тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі, ішкі аудит нәтижелері туралы есептер, ішкі аудит қызметінің жұмысы туралы жиынтық ақпарат

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджетті уақтылы және сапалы атқаруы

Тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша тиісті есепті жылға арналған мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп (бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар ұсынатын ақпарат, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары)

Мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәсілдері, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер номенклатурасы, бюджеттен бөлінген қаражат шегінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу мерзімдері

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары, нақтыланған мемлекеттік сатып алу жоспары (ақпараттық жүйелер)

Мемлекеттік аудит объектісі туралы жинақталған ақпарат

Тексерілетін мемлекеттік аудит объектісінің ақпараттық базасы, ресми статистикалық деректер, бұқаралық ақпарат құралдары мен басқа да көздердің деректері

Мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері (шағымдары) (болған кезде)

2. Қаржылық есептілік аудиті

Мемлекеттік аудит объектісінің қызметі

Нормативтік құқықтық актілер (ақпараттық-құқықтық жүйелер)

Құқық белгілеуші және өзге де алғашқы құжаттарды құқық қорғау органдарымен алынғандығын растайтын құжат

Мемлекеттік аудит объектісінің ішкі аудит қызметінің жұмысы

Ішкі мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша қорытынды, ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есептер, қабылданған шаралар туралы ақпарат, ішкі аудит қызметінің жұмысы туралы жиынтық ақпарат

Алдыңғы мемлекеттік аудит (бақылау) және тексеріс нәтижелері

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, құқық қорғау органдарының және басқа да бақылау және қадағалау органдарының актілері, мемлекеттік аудит объектісін тексеру қорытындылары бойынша қабылдаған шаралар

Бухгалтерлік есеп және бюджеттік бағдарламалардың атқарылуы жөніндегі есептер

Қаржылық есептілік (бухгалтерлік баланс, активтер мен міндеттемелердегі өзгерістер туралы есеп, қаржыландыру көздері бойынша шоттардағы ақша қозғалысы туралы есеп; түсіндірме жазба, қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы есеп) және басқалары

Мемлекеттік аудит объектісінің міндеттемелерді қабылдау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдер жүргізу, бюджет түсімдері мен шығыстарының орындалу болжамдарын жасау уақтылығы

Тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына мониторинг нәтижелері туралы есептері

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізуден ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарларын орындау

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есеп

Есепті қаржы жылына арналған бюджетті бекіту, нақтылау, түзету

Бекітілген, нақтыланған, түзетілген республикалық бюджет, бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданған, төленбеген міндеттемелер және (немесе) төленген міндеттемелер көрсетілген бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті және (немесе) жергілікті атқарушы органның тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептері, жүргізілген бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламаларды орындау бөлігінде жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы талдамалы есеп; экономикалық жағдай мен тиісті кезеңде облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған негізгі бағыттардың іске асырылуы туралы талдамалы ақпаратты қамтитын түсіндірме жазба

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің баланстарының есептік баптары бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек

Мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің, оның ішінде өткен жылдардың дебиторлық берешегі туралы есептер, мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің кредиторлық берешегі туралы есеп (бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың ай сайынғы ақпараты)

      Ескертпе:

      Бұл тізбе толық болып табылмайды. Ішкі мемлекеттік аудит жүргізу барысында қосымша құжаттар немесе ақпарат сұратылуы мүмкін.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 28 ақпандағы
№ 146 бұйрығына
2-қосымша
  Ішкі мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау жөніндегі
уәкілетті органның ішкі
мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау жүргізу
қағидаларына
12-1-қосымша
  Нысан
  Қарсылық
Ішкі мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау жөніндегі
уәкілетті органның жанындағы
апелляциялық комиссия
Көшірмесі: Ішкі мемлекеттік
аудит және қаржылық бақылау
жөніндегі уәкілетті органның
аумақтық бөлімшесінің атауы
_____________________
(жасалған жері)
____________ 20__ жыл

      1. _________________________________________________________________

      (тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) немесе қарсылық иесінің толық атауын,

      оның тұрғылықты жерін (орналасқан жерін) көрсетіңіз)

      2. _________________________________________________________________

      (сәйкестендіру нөмірін көрсетіңіз)

      3. Мемлекеттік аудит жүргізген ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның

      атауы:

      ____________________________________________________________________

      4. Қарсылық беретін мемлекеттік аудит объектісіөз талаптарын негіздейтін мән-жайлар

      және осы мән-жайларды растайтын

      дәлелдемелер_________________________________________________________

      5. Қоса тіркелген құжаттар тізімі:

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит объектісі өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын

      құжаттар, қарсылыққа қатысы бар өзге де құжаттар)

      Мемлекеттік аудит объектісінің басшысы:

      ___________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 28 ақпандағы
№ 146 бұйрығына
3-қосымша
  Ішкі аудит қызметтерінің ішкі
мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау жүргізу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік аудит объектісінің қызметін алдын ала зерделеу барысында ішкі аудит қызметтері зерделейтін мәселелердің болжамды тізбесі

Мәселелер

Ақпарат көздері

1

2

1. Сәйкестік аудиті (жалпы мәселелер)

Мемлекеттік аудит объектісінің қызметі

Нормативтік құқықтық актілер, ақпараттық-құқықтық жүйелер

Аудит объектісінің құрылтай құжаттары (Ереже, Жарғы және аудит объектісінің қызметін реттейтін өзге де құжаттар)

Аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық тәуелді ұйымдарды қоса алғанда, мемлекеттік аудит объектісінің құрылымы

Құқық белгілейтін және өзге де бастапқы құжаттарды құқық қорғау органдарының алып қоюын растайтын құжаттар

Алдыңғы мемлекеттік аудит (бақылау) және тексеріс нәтижелері

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, құқық қорғау органдарының және басқа да бақылау және қадағалау органдарының актілері, мемлекеттік аудит объектісін тексеру қорытындылары бойынша қабылдаған шаралар

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджетті уақтылы және сапалы атқаруы

Бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері бойынша тиісті есеп жылына арналған мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеп (бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын ақпарат, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары)

Мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәсілдері, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер номенклатурасы, бюджеттен бөлінген қаражат шегінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу мерзімдері

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары, нақтыланған мемлекеттік сатып алу жоспары (ақпараттық жүйелер)

Мемлекеттік аудит объектісі туралы жинақталған ақпарат

Тексерілетін мемлекеттік аудит объектісінің ақпараттық базасы, ресми статистикалық деректер, бұқаралық ақпарат құралдары мен басқа да көздердің деректері

Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) қатысты (болған кезде) өтініштері (шағымдары)

2. Тиімділік аудиті (жалпы мәселелер)

Мемлекеттік аудит объектісінің қызметі

Нормативтік құқықтық актілер (ақпараттық-құқықтық жүйелер)

Аудит объектісінің құрылтай құжаттары (Ереже, Жарғы және аудит объектісінің қызметін реттейтін өзге де құжаттар) (ақпараттық-құқықтық жүйе)

Құқық белгілейтін және өзге де бастапқы құжаттарды құқық қорғау органдарының алып қоюын растайтын құжаттар

Алдыңғы мемлекеттік аудит (бақылау) және тексеріс нәтижелері

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, құқық қорғау органдарының және басқа да бақылау және қадағалау органдарының актілері, мемлекеттік аудит объектісін тексеру қорытындылары бойынша қабылдаған шаралар

Мемлекеттік аудит объектісі қызметінің нәтижелері мен проблемалары

Мемлекеттік аудит объектісі дайындаған ішкі есептілік, талдамалы жазбалар мен шолулар

Ақпараттың ішкі көздері (ресми статистикалық деректер, бағдарлама нысанасына, бұқаралық ақпарат құралдарына байланысты проблемалармен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарының материалдары).
Мемлекеттік аудиттің тексерілетін объектісінің ақпараттық дерекқоры

Аумақтарды дамыту бағдарламаларын қаржылық қамтамасыз ету

Аумақты дамыту бағдарламасы

Негізгі іс-қимылдарды жүзеге асыру және бағдарламаны іске асыру шарттарын орындау/орындамау

Аумақты дамыту бағдарламасын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тиісті жылдары іске асыруы туралы есеп

Аумақты дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп

Қаржыландыру жоспарын орындау туралы есеп және бағалау нысанасына сәйкес басқа да қаржы құжаттары

Бюджеттік инвестициялық жобалар

Қаражаты есебінен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жүргізілетін бюджеттік бағдарламалар

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруы туралы есеп

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

Мемлекеттік аудит объектісінің жылдық мемлекеттік сатып алу жоспары

Басым бюджеттік инвестициялар тізбесі

Жобаны іске асыру кезеңін, мердігер ұйымдарды, сметалық және шарттық құнын, құрылыс объектілерін енгізуді, ақпараттық жүйені тәжірибелі және өнеркәсіптік пайдалануға енгізуді көрсете отырып, бюджеттік инвестициялар бойынша ақпарат

Инвестициялық жобаларды қоса алғанда басым бюджеттік инвестициялар тізбесі

      Ескертпе:

      Осы тізбе толық болып табылмайды. Ішкі мемлекеттік аудит жүргізу барысында қосымша құжаттар немесе ақпарат сұратылуы мүмкін.