"Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу тура

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 13 ақпандағы № 64 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 15 ақпанда № 18317 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11618 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 17-1)-тармақшамен толықтырылсын:

      "17-1) Қан алу жүйесі – тасымалдауға арналған және элементтерді қан алу үшін қайта пайдалануды болдырмайтын, саңылаусыз жабылған шыны түтікшеге (котейнер) тікелей қан алуды жүргізуге мүмкіндік беретін, өзара байланысқан бір реттік элементтердің қосындысы.";

      9-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) шыны бойынша қарындаш (маркер), пастер пипеткалары, шыны түтіктер, қан алу жүйесі, саптыаяқтар, стақандар, нормативтік құжаттарға сәйкес келетін диаметрі мен ұзындығы әртүрлі металл және пластмасса құбырлар;";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Зерттеу үшін іріктелген сұйық сынамаларды құрғақ таза шыны немесе полиэтиленді ыдысқа немесе біржолғы түтіктерге, сусымалы сынамаларды тығыз полиэтиленді қаптарға орналастырады.

      Шыны, полиэтиленді ыдыстарды, түтіктерді, қаптарды пергамент қағазға орайды, жіппен байлайды және мөрлейді.

      Сынамалардың оралған үлгілерін арнайы лайықталған жәшікке орналастырады, жөнелтілетін өнімнің тұтастығын қамтамасыз ету үшін қағазбен жабады.";

      1-қосымшада:

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Сұйық биологиялық материалды (қан, қан сарысуы, лимфа, жұлын сұйықтығы, өт және басқалар) диагностикалық зерттеулердің барлық кешенін жүргізуге мүмкіндік беретін көлемде бір рет қолданылатын инелер арқылы бір реттік шыны түтіктерге, қан алу жүйесіне пункция арқылы жинайды. Түтіктерді жануарлардың бірдейлендіру нөмірлерін жазып, таңбалайды.

      Бактериологиялық және вирусологиялық зерттеулер үшін сұйық патологиялық материалды (қан, ірің, зәр, өт, экссудаттар) мыналар арқылы жібереді:

      1) дәнекерленген пастер пипеткаларында, материалды алу алдында пипетканың екі шетін фламбирлейді, ал жіңішке шетін тік бұрыш етіп иеді, сындырады және күйдірілген жерден ағзаға терең енгізеді, материалды сорып алғаннан кейін пипетканың қызып кетуіне жол бермей, оны екі шетінен дәнекерлейді, кейін әр пипетканы мақтаға орайды және түтікке орналастырады;

      2) инесі бар қайнатылған шприцтің көмегімен жиналған резеңке тығынмен нығыздап жабылған стерильденген түтікте.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі