Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 14.07.2020 № 514 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 113 бұйрығына 1-қосымша |
"Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-тарау . Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 961 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18156 болып тіркелді) (бұдан әрі – стандарт) сәйкес әзірленді.
2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсының "Ішкі істер органдарының қызметі туралы" бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыру;
2) заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің қолдаухатының бірінші данасына мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті қызметкердің қолымен куәландырылған және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен бекітілген келісу нөмірін қою арқылы Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келісу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағына көзделген құжаттар тізбесін ұсынуы болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушыдан тапсырған құжаттарды қабылдау, ұсынылған құжаттардың толықтығын және шынайлығын, стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес келуін жиырма минут ішінде тексеру;
2) мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен күні он минут ішінде тіркеу;
3) Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен күні он минут ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшылығының орындаушыны таңдауы;
4) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарымен (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы ҰҚК) келісу үшін көрсетілетін қызметті беруші орындаушысының көрсетілетін қызметті алушы және шақырылатын адам туралы ақпаратты "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесінің "Бүркіт-ІІМ" кіші жүйесіне Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен күні бір сағат ішінде енгізу;
5) Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен күні бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушы мен шақырылатын адамды стандарттың 10-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздердің бар-жоғына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық деректер базасы (бұдан әрі – АДБ) арқылы қашықтықтан қолжеткізу арқылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тексеруі;
6) материалдарды Қазақстан Республикасы ҰҚК-мен келісу "Бүркіт-ІІМ" жүйесі арқылы үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы ҰҚК-ның жазбаша сұрау салуы бойынша көрсетілген мерзім күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартылады.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді ұзартудың себептері мен мерзімін көрсете отырып көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша хабардар етеді, ал көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін ұзарту туралы хабарлама үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға кейін көрсетілетін қызметті алушыны ақпараттандыру үшін жолданады;
7) орындаушының АДБ арқылы тексеру нәтижелерінің негізінде Қазақстан Республикасы ҰҚК-ден келіп түскен күні бір сағат ішінде:
жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруды;
Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша шақыруды не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеуі және Қазақстан Республикасы ҰҚК-мен келісуі;
8) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы Қазақстан Республикасы ҰҚК-ден келіп түскен күні он минут ішінде:
жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруға;
Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша шақыруды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты келісуге қол қояды және елтаңбалы мөрмен куәландырады;
9) орындаушының Қазақстан Республикасы ҰҚК-ден келіп түскен күні бір сағат ішінде:
жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақырудың;
Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша шақырудың тіркеу нөмірі, берілген күні мен жарамдылық мерзімі туралы деректерді "Бүркіт-ІІМ" жүйесіне енгізуі;
10) көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасы ҰҚК-ден келіп түскен күні үш сағат ішінде:
жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруды;
Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша шақыруды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беруі немесе Мемлекеттік корпорацияға жіберуі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөліністер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау:
1) жиырма минут ішінде құжаттарды қабылдау, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығы мен шынайылығын тексеру;
2) қағаз тасымалдағышта көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен мемлекеттік қызметті алуға өтінішті он минут ішінде келіп түскен күні тіркеу;
3) он минут ішінде басшының орындаушыны таңдауы;
4) үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы (көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілі) ұсынған құжаттарды тексеруі және Қазақстан Республикасы ҰҚК-мен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздердің болмауын келісуі;
5) орындаушының тексеру және келісу нәтижелерінің негізінде Қазақстан Республикасы ҰҚК-ден келіп түскен күні бір сағат ішінде:
жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруды;
Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша шақыруды не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеуі;
6) Қазақстан Республикасы ҰҚК-ден келіп түскен күні он минут ішінде көрсетілетін қызметті беруші бастығының:
жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруға;
Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша шақыруға не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа келісуге қол қоюы;
7) Қазақстан Республикасы ҰҚК-ден келіп түскен күні бір сағат ішінде жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақырудың;
Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша шақырудың тіркеу нөмірін, берілген күні мен жарамдылық мерзімі туралы деректерді "Бүркіт-ІІМ" жүйесіне енгізуі.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
9. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызмет алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы:
1) жиырма минут ішінде Мемлекеттік корпорация қызметкерінің құжатында көрсетілген мәліметтердің шынайлығын, сондай-ақ стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексеруі.
Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға стандарттың 7-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
2) Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді;
3) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен сақталатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады;
4) қабылданған құжаттар қарау үшін көрсетілетін қызметті берушіге бір жұмыс күні ішінде жолданады;
5) қабылдаған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жеткізгеннен кейін мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдарының тәртібі осы регламенттің 2-тарауы 6-тармағының 1)-9) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылады;
6) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші қызметкері Мемлекеттік корпорацияға стандартта көзделген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталарға дейін бір күн бұрын кешіктірмей жолдайды.
10. Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруды;
Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша шақыруды не көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беруді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде күн сайын "терезе" арқылы жүзеге асырады.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасасу рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігінің толық сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
"Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |
"Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесінің анықтамалығы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 113 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) "Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 496 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11570 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 шілдеде жарияланған);
2) "Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 496 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 176 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13535 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 1 сәуірде жарияланған);
3) "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 452 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15366 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
4) "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 452 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 177 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16666 болып тіркелген, 2018 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
5) "Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 496 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 178 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16653 болып тіркелген, 2018 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);