Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 б

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 93 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 14 ақпанда № 18307 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 10 маусымдағы № 293 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.06.2025 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2025 туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) қаулысымен.

      "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1060 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 61, 569-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Р/с №

Атауы

1

2

1. Жақсартылуы және пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншік объектілері

2. Салынуы және пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын объектілер

1.

"Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы" (ҮАААЖ) автомобиль жолын салу және пайдалану

2.

"Түркістан облысының 4 жолақты қозғалысы бар I техникалық санатты автомобиль жолдарын салу және пайдалану"

  ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев