Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 10.09.2021 № 464 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн аяқталғанда күшіне енеді) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 718 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12775 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру қағидаларында:
2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) өтінім беруші – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүргізу барысында ҒТҚН алған және осы Қағидаларға сәйкес грант алу үшін өтінімді қарастыруға ұсынған жеке немесе заңды тұлға;";
4-1-тармақпен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"4-1 Жобаның жалпы құнының 10%-ынан төмен емес қоса қаржыландырудың болуы конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Конкурстық құжаттаманы уәкілетті органның келісімі бойынша оператор әзірлейді және бекітеді. Конкурстық құжаттама мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) ұсынылып отырған қаржыландыру шеңберіндегі экономиканың басым секторларының атауы;
2) ҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың мақсаты;
3) жобаны іске асыру жоспары;
4) оператор бекіткен конкурстық өтінімді ұсыну нысаны;
5) бір жобаға рұқсат етілетін қаржыландыру көлемі;
6) бюджеттен тыс қаражат есебінен қоса қаржыландыру шарттары;
7) конкурс жариялаған оператордың атауы;
8) қаржыландыру сомасы.".
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Е. Сағадиев |