БҰЙЫРАМЫН:
1. "Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 200 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17094 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларында:
"Көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауы учаскелерін консервациялау бойынша және (немесе) көмірсутектерді барлау мен өндіру және уранды өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар" атты 5-қосымшада:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Консервациялау және (немесе) жою жобасын жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалану келісімшарты бойынша оператор, сенімгерлік басқарушы) немесе жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға бекіткен техникалық тапсырмаға сәйкес тиісті қызмет түріне лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлейді.
4. Консервациялау немесе жою жобасын жер қойнауын пайдаланушы бекітеді.
Консервациялау және (немесе) жою жобасы Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, өндірістік қауіпсіздік, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, жер қатынастарын реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес келісіледі және (немесе) сараптамадан өтеді.
Егер консервациялау немесе жою жобасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін салу көзделген жағдайда, онда мұндай жобалар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес сараптауға жатады.
Жер қойнауы учаскесін консервациялау және (немесе) теңізде және (немесе) ішкі су айдындарында жер қойнауын пайдалану салдарын жою жүргізілген жағдайда консервациялау немесе жою жобасы осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген келісулерден және (немесе) сараптамалардан басқа, Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы заңнамасына сәйкес келісіледі және (немесе) сараптамадан өтеді.";
"Көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде технологиялық объектілерді консервациялау немесе жою бойынша жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар" атты 8-қосымшада:
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Технологиялық объектілерді консервациялау немесе жою жобасын жер қойнауын пайдаланушы бекіткен техникалық тапсырмаға сәйкес тиісті қызмет түріне лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлейді.
7. Консервациялау немесе жою жобасын жер қойнауын пайдаланушы бекітеді.
Технологиялық объектілерді консервациялау және жою жоспары Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, жер қатынастарын реттеу салаларындағы заңнамаға сәйкес келісіледі және (немесе) сараптамадан өтеді.
Егер консервациялау немесе жою жобасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін салу көзделген жағдайда, онда мұндай жобалар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес сараптауға жатады.
Жер қойнауы учаскесін консервациялау немесе теңізде және (немесе) ішкі су айдындарында жер қойнауын пайдалану салдарын жою жүргізілген жағдайда консервациялау немесе жою жобасы осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген келісулерден және (немесе) сараптамалардан басқа, Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы заңнамасына сәйкес келісіледі және (немесе) сараптамадан өтеді.".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі