"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) "Нормативтік құқықтық актіге анықтама-негіздеме нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 912 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14355 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Нормативтік құқықтық актіге анықтама-негіздеме нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 912 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 1446 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17431 болып тіркелген, 2018 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы |
Э. Әзімова |