Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 29-9 "Батыс Қазақстан облысында жылыту маусымына дайындық және өткізу Қағидасын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 18-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 шілдеде № 5277 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңдарын басшылыққа ала отырып Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы №29-9 "Батыс Қазақстан облысында жылыту маусымына дайындық және өткізу Қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4236 тіркелген, 2016 жылғы 23 қаңтардағы "Орал өңірі" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы И. Илимисов
      Облыстық мәслихат хатшысы М. Құлшар