"2018-2020 жылдарға арналған Абай ауданының бюджеті туралы" Абай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 19/3-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 23/2-VІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 маусымдағы № 25/5-VІ шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Абай аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 9 шілдеде № 5-5-152 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 30/4-VI шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 25.12.2018 № 30/4-VI шешімімен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 49-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "2018-2020 жылдарға арналған Абай ауданының бюджеті туралы" Абай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 19/3-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 23/2-VІ шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-5-147 болып тіркелген, 2018 жылғы 16-23 мамырда "Абай елі" газетінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкі 2018 жылғы 16 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешімнің кіріспесі орыс тілінде жаңа редакцияда жазылды, мемлекеттік тілде өзгермейді.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Оразбаев
      Мәслихат хатшысы Е. Лдибаев