Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.06.2020 № 142 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Оңтүстiк Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Оңтүстік Қазақстан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;
4) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Е.Садырға жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Ж.Түймебаев |
Ә.Ш.Өсербаев | |
Ә.Е.Тұрғымбеков | |
Е.Ә.Садыр | |
Ұ.Сәдібеков | |
Т.Қ.Сәрсембаев | |
Е.Қ.Тасжүреков | |
А.С.Сәбитов | |
А.Б.Тасыбаев |
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы "21" мамырдағы № 142 қаулысына қосымша |
"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - жер учаскесіне құқық беру туралы шешім (бұдан әрі - шешім) немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 151 бұйрығымен бекітілген "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
2-бөлім. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының (не оның уәкілетті өкілінің: уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) (бұдан әрі - оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынуы.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгісі бар өтініштің көшірмесін береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға ұсынады (10 минут ішінде);
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 сағат ішінде құжаттарды қарайды және құзыреті шегінде облыстың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер қатынастары саласындағы не сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөліміне (бұдан әрі – уәкілетті орган) жолдайды;
Егер өтініш жер қатынастары саласындағы органда жолданған жағдайда;
4) уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту туралы жауап дайындайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне жолдайды.
Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда, уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде тиісті жер комиссиясына (бұдан әрі – жер комиссиясы) құжаттарды дайындайды және қарауына ұсынады;
5) жер комиссиясы бес жұмыс күні ішінде қорытынды шығарады және уәкілетті органға жолдайды;
6) жер комиссиясы теріс қорытынды шығарған жағдайда, уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық табыстаудан бас тарту туралы шешім жобасын (бұдан әрі - бас тарту туралы шешім) дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады;
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы екі жұмыс күні ішінде бас тарту туралы шешімге қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды;
8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері бір жұмыс күні ішінде бас тарту туралы шешімді тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне бас тарту туралы шешімнің көшірмесін жолдайды;
9) жер комиссиясы оң қорытынды шығарған жағдайда, уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде қорытындыны көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне жерге орналастыру жобасын дайындау үшін жолдайды.
Жерге орналастыру жобасын әзірлеу кезеңі мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
10) уәкілетті орган жерге орналастыру жобасы бекітілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде шешім жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге басшысына ұсынады;
11) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жеті жұмыс күні ішінде шешімге қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды;
12) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері бір жұмыс күні ішінде шешімді тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне шешімнің көшірмесін жолдайды.
Егер өтініш сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органға жолданған жағдайда.
13) Сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган жеті жұмыс күн ішінде жер учаскесін орналастырудың ахуалдық схемасымен жер учаскесін таңдау актісін (бұдан әрі – таңдау акті) дайындайды.
14) таңдау актісін бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге және Мемлекеттік корпорацияға мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытынды дайындау үшін келісуге жолдайды, дайындау мерзімі он екі жұмыс күн;
15) оң шешім қабылданған жағдайда үш жұмыс күні ішінде сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы түпкілікті таңдау актісін қарайды және оған қол қояды.
Теріс шешім кезінде бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды;
16) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушымен келісу үшін Мемлекеттік корпорацияға түпкілікті таңдау актісін және Мемлекеттік корпорация ұсынған жер-кадастрлық жоспарды дайындауға арналған есепті (сметаны) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды – үш жұмыс күн ішінде;
17) жер қатынастары бойынша уәкілетті орган жер-кадастрлық жоспарды үш жұмыс күні ішінде бекітіледі, шешім жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге басшысына ұсынады;
18) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бес жұмыс күні ішінде шешімге қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды;
19) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері бір жұмыс күні ішінде шешімді тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне шешімнің көшірмесін жолдайды.
3-бөлім. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) уәкілетті орган;
4) жер комиссиясы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы регламенттің 2-бөлімі 5-тармағында келтірілген.
4-бөлім. Мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің қосымшасында көрсетілген.
"Сауда–саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Кеңсе қызметкері | Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы | Уәкілетті орган | Жер комиссиясы | Уәкілетті орган | Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы | Кеңсе қызметкері | Уәкілетті орган | Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы | Кеңсе қызметкері |
Құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгісі бар өтініштің көшірмесін береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға ұсынады (10 минут ішінде). | Құжаттарды қарайды және құзыреті шегінде облыстың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер қатынастары саласындағы не сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөліміне (бұдан әрі – уәкілетті орган) жолдайды (2 сағат ішінде). | Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту туралы жауап дайындайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне жолдайды (екі жұмыс күні ішінде); жер комиссиясына (бұдан әрі – жер комиссиясы) құжаттарды дайындайды және қарауына ұсынады (бес жұмыс күні ішінде). | Қорытынды шығарады және уәкілетті органға жолдайды (бес жұмыс күні ішінде). | Жер учаскесіне құқық табыстаудан бас тарту туралы шешім жобасын (бұдан әрі - бас тарту туралы шешім) дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (бес жұмыс күні ішінде). | Бас тарту туралы шешімге қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды (екі жұмыс күні ішінде). | Бас тарту туралы шешімді тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне бас тарту туралы шешімнің көшірмесін жолдайды (бір жұмыс күні ішінде). | Жер комиссиясы оң қорытынды шығарған жағдайда, қорытындыны көрсетілетін қызметті алушыға жерге орналастыру жобасын дайындау үшін жолдайды (екі жұмыс күні ішінде). | Шешімге қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды (жеті жұмыс күні ішінде). | Шешімді тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне шешімнің көшірмесін жолдайды (бір жұмыс күні ішінде). |