"Тайынша ауданы Алабота селолық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 6 тамыздағы №12 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 25 маусымдағы № 7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 шілдеде № 4796 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Тайынша ауданы Алабота селолық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 6 тамыздағы № 12 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №13-11-187 тіркелді, 2010 жылғы 27 шілдеде "Тайынша Таңы" газетінде және 2010 жылғы 27 шілдеде "Тайыншинские вести" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешiмнің қазақ тіліндегі тақырыбында және мәтіні бойынша, сонымен қатар шешімнің қосымшасында "селолық", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімнің орыс тіліндегі тақырыбы және мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Е. Қалиақпаров