Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" ш

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 маусымдағы 24 сессиясының № 10 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 шілдеде № 4855 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2571 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 13 сәуірдегі № 14 "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшелерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының:

      1) 6 тармақ келесі мазмұндағы 1-1), 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;

      1-2) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні;";

      2) 9 тармақ 9) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "9) 75 жасқа толған және одан асқан зейнеткерлерге.".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж.Рахимберлинов
      Мәслихат хатшысы А.Әли