Көксу ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

Алматы облысы Көксу ауданы әкімінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 12-189 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 29 желтоқсанда № 4985 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Көксу ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көксу ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.

      2. Көксу ауданы әкімінің "Көксу ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 12-27 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3635 тіркелген, 2016 жылдың 06 қаңтарында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Бейсенбай Жанатұлына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Әділ

  Көксу ауданы әкімінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 12-189 шешіміне қосымша
 

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Алматы облысы Көксу ауданы әкімінің 30.12.2022 № 12-40 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

Көксу ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін құрылған сайлау учаскелері

      № 231 сайлау учаскесі

      Орталығы: Айнабұлақ бекеті, Ағыбаев Бартай көшесі № 11, "Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 12 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Айнабұлақ бекеті, көшелер: Рамазанов № 1-ден 37-ге дейін, Центральная № 1-ден 11-ге дейін, Ағыбаев Бартай № 1-ден 19-ға дейін, Набережная № 1-ден 8-ге дейін, Кемертоған № 1-ден 31-ге дейін; Көпір, Тауарасы жол айрықтары.

      № 232 сайлау учаскесі

      Орталығы: "№ 45-ші теміржол бөлімі" ауылы, Рысқұлов көшесі № 8, "№ 45-ші теміржол бөлімі" ауылының фельдшерлік пункті.

      Шекарасы: "№ 45-ші теміржол бөлімі" ауылы, көшелер: Рысқұлов № 1-ден 16-ға дейін, Теміржол № 1-ден 16-ға дейін, Байшапанов № 1-ден 13-ке дейін, Алдабергенов № 1-ден 13-ке дейін; Су мұнарасы, Жаман-Сарыбұлақ учаскелері.

      № 233 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алғабас ауылы, Батыржан көшесі № 27, , ауылдық Мәдениет үйі.

      Шекарасы: Алғабас ауылы, көшелер: Батыржан № 1-ден 115-ке дейін, Иманбаев № 1-ден 31-ге дейін, Ақболат № 1-ден 57-ге дейін, Көмекбай № 1-ден 90-ға дейін, Әубәкір Бостан № 1-ден 41-ге дейін, Қабдолда № 1-ден 7-ге дейін; Байбарақ, Жылыкүнгей шалғайдағы учаскелері.

      № 234 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қызылтоған ауылы, Нұрахмет көшесі № 33/А, "Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Қызылтоған орта мектебі".

      Шекарасы: Қызылтоған ауылы, көшелер: Жаңа № 1-ден 11-ге дейін, Ысқақ № 1-ден 16-ға дейін, Нұрахмет № 1-ден 34-ке дейін, Ләбілданов № 1-ден 42-ге дейін, Құмбайұлы № 1-ден 16-ға дейін; Мақпал шалғайдағы учаскесі.

      № 235 сайлау учаскесі

      Орталығы: Балпық би ауылы, Әйтеке би көшесі № 14, "КазСуШар" мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Балпық би ауылы, көшелер: Ш. Уәлиханов № 1-ден 121-ге дейін, М. Әуезов № 1-ден 74-ке дейін, Жолбарыс би № 1-ден 57-ге дейін, Р. Мыңбаев № 1-ден 39-ға дейін, Р. Дәулетов № 6-дан 56-ға дейін, М. Құрманов № 1-ден 58-ге дейін, М. Маметова № 1-ден 60-қа дейін, С. Нәдірбай № 4-тен 20-ға дейін, Р. Сатқынов № 1-ден 17-ге дейін, Қ. Ибраимов № 2-ден 24-ке дейін, Т. Қалдарбеков № 1-ден 30-ға дейін, Жетісу № 1-ден 31-гедейін, И. Жұмабек № 2-ден 57-ге дейін, Бейбітшілік № 1-ден 68-ге дейін, С. Сугурова № 2-ден 70-ке дейін, М. Темірбаев, Т. Исабаев № 1-ден 83-ке дейін (тақ жағы), № 2-ден 86-ға дейін (жұп жағы), 14-ші көше № 1-ден 5-ке дейін.

      № 236 сайлау учаскесі

      Орталығы: Балпық би ауылы, Измайлов көшесі № 17, Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы.

      Шекарасы: Балпық би ауылы, көшелер: Қазбек би № 1-ден 115-ке дейін, Әйтеке би № 1-ден 115-ке дейін, Ескелді би № 1-ден 35-ке дейін, Солтанбай № 1-ден 7-ге дейін, Б. Бакумов № 1-ден 35-ге дейін, А. Байтұрсынов № 1-ден 37-ге дейін, Нұрпейісов № 1-ден 49-ға дейін, Асан Тәжі № 3-тен 19-ға дейін, Желтоқсан № 1-ден 34-ке дейін, И. Измайлов № 4-тен 28-ге дейін, Қ. Жалайыри № 1-ден 15-ке дейін, Д. Қонаев № 1-ден 32-ке дейін, Новая № 1-ден 27-ге дейін, Т. Исабаев № 89-дан 105-ке дейін (тақ жағы), № 88-ден 134-ке дейін (жұп жағы); Шағын аудандар: Төле би № 1-ден 41-ге дейін, Т. Нүсіпов № 1-ден 14-ке дейін.

      № 237 сайлау учаскесі

      Орталығы: Балпық би ауылы, Мырзабеков көшесі № 14, аудандық Мәдениет үйі.

      Шекарасы: Балпық би ауылы, көшелер: Мырзабеков, Қабанбай № 1-ден 44-ке дейін, Балпық би № 1-ден 21-ге дейін, Т. Исабаев № 117-ден 123-ке дейін (тақ жағы), № 136-дан 164-ке дейін (жұп жағы); Шадрин шағын ауданы № 2-ден 10-ға дейін.

      № 238 сайлау учаскесі

      Орталығы: Балпық би ауылы, Амангелді көшесі № 1, "Көксу-Шекер" акционерлік қоғамының әкімшілік ғимараты.

      Шекарасы: Балпық би ауылы, көшелер: Амангелді № 1-ден 35-ке дейін (тақ жағы), № 2-ден 50-ге дейін (жұп жағы), Молдабергенов № 1-ден 46-ға дейін, Байтұрбай би № 1-ден 50-ге дейін, Шағыров № 1-ден 31-ге дейін, Орақты батыр № 1-ден 34-ке дейін, Ы. Алтынсарин № 1-ден 63-ке дейін, Ақын Сара № 1-ден 24-ке дейін, Т. Исабаев № 145-тен 185-ке дейін (тақ жағы), № 168-ден 258-ге дейін (жұп жағы).

      № 239 сайлау учаскесі

      Орталығы: Балпық би ауылы, Т. Исабаев көшесі № 247, Б. Құндақбаева атындағы орта мектебі.

      Шекарасы: Балпық би ауылы, көшелер: Наурызбай № 1-ден 63-ке дейін, Алдабергенов № 1-ден 61-ге дейін, Т. Жароков № 1-ден 95-ке дейін, Тәттібай 1-ден 67-ге дейін, Амангелді № 37-ден 165-ке дейін (тақ жағы), № 54-тен 164-ке дейін (жұп жағы), Т. Исабаев № 187-ден 335-ке дейін (тақ жағы), № 260-тан 508-ге дейін (жұп жағы).

      № 240 сайлау учаскесі

      Орталығы: Балпық би ауылы, Тазабұлақ көшесі № 1, М. Құрманов атындағы № 2 орта мектебі.

      Шекарасы: Балпық би ауылы, көшелер: Төлебаев № 1-ден 35-ке дейін, Байсейітов № 1-ден 25-ке дейін, Жансүгіров № 2-ден 66-ға дейін, Мәуленбай № 1-ден 63-ке дейін, Жангелдин № 1-ден 119-ға дейін, Байысов № 1-ден 30-ға дейін, Молдағұлова № 1-ден 77-ге дейін, М. Сеңгірбаев № 1-ден 28-ге дейін, Бақай батыр № 1-ден 44-ке дейін, Нартбай Датқа № 1-ден 30-ға дейін, Ғарышкер № 1-ден 14-ке дейін, Бақтыбай батыр № 1-ден 33-ке дейін, Жамбыл № 1-ден 20-ға дейін, Б. Момышұлы № 3-тен 49-ға дейін, Қойшыбаев № 1-ден 2-ге дейін; Тазабұлақ шағын ауданы № 2-ден 67-ге дейін.

      № 241 сайлау учаскесі

      Орталығы: Балпық би ауылы, Сейфуллин көшесі № 36, "Алпамыс" балабақшасы.

      Шекарасы: Балпық би ауылы, көшелер: Қаблиса № 1-ден 79-ға дейін, Қарынбай батыр № 1-ден 108-ге дейін, Жапсарбаев № 1-ден 85-ке дейін, Абай № 1-ден 64-ке дейін, Сейфуллин № 1-ден 35-ке дейін, Қойлық батыр № 2-ден 8-ге дейін, А. Азизбеков № 1-ден 57-ге дейін, Дарабоз Ана № 1-ден 19-ға дейін, Мәйке Ақын № 2-ден 20-ға дейін, М. Тынышбай № 1-ден 4-ке дейін.

      № 242 сайлау учаскесі

      Орталығы: Балпық би ауылы, Измайлов көшесі № 4, аудандық орталық аурухана.

      Шекарасы: Балпық би ауылы, Измайлов көшесі № 4.

      № 243 сайлау учаскесі

      Орталығы: Балпық би ауылы, Т. Исабаев көшесі № 102А, Аудандық ішкі істер бөлімі.

      Шекарасы: Т. Исабаев көшесі № 102А, Аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторы.

      № 244 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақшатоған ауылы, Калинин көшесі № 15, № 5 орта мектеп.

      Шекарасы: Ақшатоған ауылы, көшелер: Молодежная № 1-ден 10-ға дейін, Белорусская № 1-ден 25-ке дейін, Мичурин № 2-ден 51-ге дейін, Ордженикидзе № 1-ден 24-ке дейін, Виноградов № 1-ден 24-ке дейін, Калинин № 1-ден 30-ға дейін, Ерденбеков № 1-ден 15-ке дейін, Қайысбаев № 1-ден 16-ға дейін, Андызбаев № 1-ден 18-ге дейін, Тимирязев № 1-ден 18-ге дейін.

      № 245 сайлау учаскесі

      Орталығы: Теректі ауылы, Құлболдинов көшесі № 17, Т. Исабаев атындағы № 4 орта мектебі.

      Шекарасы: Теректі ауылы, көшелер: Алимамедов № 1-ден 75-ке дейін, Құлболдинов № 1-ден 35-ке дейін, Коммунистическая № 1-ден 18-ге дейін, Мамедов № 2-ден 17-ге дейін, Е. Исамберлинов № 1-ден 57-ге дейін, Б. Дүйсенбеков № 2-ден 13-ке дейін, Қойшыбеков № 2-ден 32-ге дейін.

      № 246 сайлау учаскесі

      Орталығы: З. Тамшыбай ауылы, Н. Аманбайұлы көшесі № 53, ауылдық Мәдениет үйі.

      Шекарасы: З. Тамшыбай ауылы, көшелер: Ақниет № 1-ден 40-қа дейін, Толқынбеков № 1-ден 42-ке дейін, Н. Аманбайұлы № 1-ден 51-ге дейін, Есмұратов № 1-ден 89-ға дейін, Қожабергенов № 1-ден 59-ға дейін; Ақ-там, Қарасу учаскелері.

      № 247 сайлау учаскесі

      Орталығы: Кеңарал ауылы, С. Қырықбаева көшесі № 51 А, С. Қырықбаева атындағы орта мектебі.

      Шекарасы: Кеңарал ауылы, көшелер: С. Қырықбаева № 1-ден 51-ге дейін, Бірлік № 1-ден 19-ға дейін.

      № 248 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Бесқайнар ауылы, Қайнар көшесі № 20, Бесқайнар ауылдық клубы.

      Шекарасы: Бесқайнар ауылы, көшелер: Қиялов № 1-ден 75-ке дейін, Қайнар № 1-ден 36-ға дейін, Жетісу № 2-ден 58-ге дейін.

      № 249 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қаратал ауылы, Набережная көшесі № 39, мектепке дейінгі шағын орталығы бар Қаратал бастауыш мектебі.

      Шекарасы: Қаратал ауылы, көшелер: Набережная № 1-ден 68-ге дейін, Садовая № 1-ден 59-ға дейін.

      № 250 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жарлыөзек ауылы, Абай көшесі, № 1, "Балпық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің әкімшілік ғимараты.

      Шекарасы: Жарлыөзек ауылы, көшелер: Абай № 2-ден 17-ге дейін, Медиев № 1-ден 25-ке дейін, Сейдіқожанов № 1-ден 34-ке дейін, Исабаев № 1-ден 12-ге дейін, Байжұманов № 1-ден 56-ға дейін, Ерғалиев № 1-ден 58-ге дейін, Жансүгіров № 3-ден 15-ке дейін, Қыдырәлі № 3-тен 9-ға дейін, Оразбаев № 1-ден 11-ге дейін, Идигов № 11-ден 13-ке дейін.

      № 251 сайлау учаскесі

      Орталығы: Бозтоған ауылы, Мәрден көшесі № 1, Мұсабек атындағы орта мектебі.

      Шекарасы: Бозтоған ауылы, көшелер: Бейсек № 3-тен 6-ға дейін, Мәрден № 2-ден 8-ге дейін, Мұсабек № 1-ден 36-ға дейін, Керімбаев № 1-ден 7-ге дейін, Карпиков № 2-ден 4-ке дейін, Құсайынов № 1-ден 8-ге дейін, Дөмеев № 1-ден 12-ге дейін, Сыдықов № 1-ден 16-ға дейін, Нұрпейісов № 2-ден 10-ға дейін, Идигов № 10-нан 20-ға дейін, Жапсарбаев № 1-ден 60-қа дейін.

      № 252 сайлау учаскесі

      Орталығы: Бозтоған ауылы, Б. Құндақбаева көшесі № 67, ауылдық клубы.

      Шекарасы: Бозтоған ауылы, көшелер: Құндақбаев № 1-ден 63-ке дейін, Мұқаншы № 1-ден 6-ға дейін, Шадрин № 1-ден 20-ға дейін, Алдабергенов № 2-ден 28-ге дейін, Жамбыл № 2-ден 35-ке дейін.

      № 253 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақтекше ауылы, Егінбаев көшесі № 31, ауылдық Мәдениет үйі.

      Шекарасы: Ақтекше ауылы, көшелер: Жандосов № 2-ден 35-ке дейін, Егінбаев №1-ден 35-ке дейін, Қаблиса № 1-ден 35-ке дейін, Мақұлбеков № 1-ден 50-ге дейін, Сүгүров № 1-ден 11-ге дейін; Көкбастау ауылы, көшелер: Шаған № 1-ден 12-ге дейін, Абай №1-ден 29-ға дейін, Жамбыл № 1-ден 19-ға дейін, Н. Қойшыбеков № 1-ден 27-ге дейін; Солтанай, Жылыкунгей, Қызылбұлақ, Молалы шалғайдағы учаскелері.

      № 254 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақтекше ауылы, Малайсары шалғайдағы учаскесі.

      Шекарасы: Малайсары шалғайдағы учаскесінің аумағы.

      № 255 сайлау учаскесі

      Орталығы: Мәмбет ауылы, Мәмбет көшесі № 7, ауылдық Мәдениет үйі.

      Шекарасы: Мәмбет ауылы, көшелер: Смайылов № 2-ден 32-ге дейін, Мұратбаев № 1-ден 33-ке дейін, Әбдірахманов № 1-ден 22-ге дейін, Алпысбаев № 1-ден 30-ға дейін, Кешуов № 1-ден 37-ге дейін, Жоламанов № 1-ден 10-ға дейін, Мәмбет № 1-ден 38-ге дейін, Қадырова № 1-ден 40-ка дейін, Баулықов № 3-тен 65-ке дейін, Әділбеков № 1-ден 48-ге дейін, Нартбай Датқа № 1-ден 41-ге дейін, Мамытаев № 1-ден 28-ге дейін, Жамбыл № 2-ден 23-ке дейін, Бақтыбай № 1-ден 12-ге дейін, Қыстаубаев № 1-ден 37-ге дейін, Шалбаев № 3-тен 26-ға дейін; Дача, Көксу бөгеті, Жылыжай, Бақ учаскелері.

      № 256 сайлау учаскесі

      Орталығы: Еңбекшіқазақ ауылы, Бабашев көшесі № 46, Еңбекшіқазақ орта мектебі.

      Шекарасы: Еңбекшіқазақ ауылы, көшелер: Бабашев № 1-ден 120-ға дейін, Сақмолданов № 1-ден 26-ға дейін, Алтынсарин № 1-ден 41-ке дейін, Омашбеков № 1-ден 15-ке дейін; Жол жөндеу (ДЭУ), Май зауыты, ПМК, Бақ учаскелері.

      № 257 сайлау учаскесі

      Орталығы: Мәмбет ауылы, Қақпақты шалғайдағы учаскесі.

      Шекарасы: Мәмбет ауылының шалғайдағы учаскелері.

      № 258 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жамбыл ауылы, Ғарышкер көшесі № 17, Жамбыл атындағы орта мектебі.

      Шекарасы: Жамбыл ауылы, көшелер: Есмұрзанов № 1-ден 21-ге дейін, Абай № 2-ден 46-ға дейін, Сарсенов № 3-тен 52-ге дейін, Есбосынов № 3-тен 22-ге дейін, Ғарышкер № 3-тен 26-ға дейін, Шаухаров № 2-ден 31-ке дейін, Жамбыл № 2-ден 16-ға дейін, Ауғанбаев № 1-ден 25-ке дейін; Бақ учаскесі.

      № 259 сайлау учаскесі

      Орталығы: Талапты ауылы, Абай көшесі № 24, ауылдық клуб.

      Шекарасы: Талапты ауылы, көшелер: Төлебаев № 1-ден 67-ге дейін, Абай № 1-ден 71-ге дейін, Байжұрынов № 1-ден 54-ке дейін, Абдрахманов № 1-ден 29-ға дейін; Сүт-тауар фермасы, Құс фермасы,

      № 260 сайлау учаскесі

      Орталығы: Мұсабек ауылы, Андасов көшесі № 18, Қызыларық орта мектебі.

      Шекарасы: Мұсабек ауылы, көшелер: Абай № 1-ден 25-ке дейін, Мұсабек № 1-ден 30-ға дейін, Естаев № 1-ден 25-ке дейін, Әлібаев № 1-ден 48-ге дейін, Қараулов № 1-ден 24-ке дейін, Тоққожанов № 1-ден 16-ға дейін, Андасов № 1-ден 19-ға дейін, Жамбыл № 1-ден 11-ге дейін, Найманбаев № 1-ден 10-ға дейін.

      № 261 сайлау учаскесі

      Орталығы: Мәулімбай ауылы, Смайыл көшесі № 20, Жеңіс орта мектебі.

      Шекарасы: Мәулімбай ауылы, көшелер: Керімбала № 1-ден 30-ға дейін, Смайыл № 1-ден 33-ке дейін, Хамза № 2-ден 14-ке дейін.

      № 262 сайлау учаскесі

      Орталығы: Быжы бекеті, бекет кеңсесі.

      Шекарасы: Быжы, Бақша, Мойынқұм бекеттерінің аумағы.

      № 263 сайлау учаскесі

      Орталығы: Мұқыры ауылы, Сыдықов көшесі № 12, ауылдық Мәдениет үйі.

      Шекарасы: Мұқыры ауылы, көшелер: Алтаев № 1-ден 35-ке дейін, Садовая № 3-тен 7-ге дейін, Гагарин № 4-тен 10-ға дейін, Әуезов № 1-ден 17-ге дейін, Мұсабек № 1-ден 25-ке дейін, Ешмұханбет № 1-ден 19-ға дейін, Байсейтова № 1-ден 28-ге дейін, Сейфуллин № 1-ден 27-ге дейін, Абай № 1-ден 22-ге дейін, Алдабергенов № 1-ден 27-ге дейін, Маметова № 1-ден 13-ке дейін, Мұқанов №1-ден 16-ға дейін, Сыдықов № 1-ден 16-ға дейін, Мақатаев № 2-ден 34-ке дейін, Жексенбай № 1-ден 40-ға дейін, Әбілтаев № 1-ден 81-ге дейін; Оразбай № 1-ден 11-ге дейін, Уәлиханов № 1-ден 34-ке дейін, Жандосов № 1-ден 9-ға дейін, Жамбыл № 1-ден 39-ға дейін, Жаңа № 1-ден 18-ге дейін, Алмалы, Желдіқара, Точка шалғайдағы учаскелері.

      № 264 сайлау учаскесі

      Орталығы: 10-жылдық Қазақстан" ауылы, Нұрманбетов көшесі № 23, Рахметолла Толымбекұлы атындағы орта мектебі.

      Шекарасы: "10-жылдық Қазақстан" ауылы, көшелер: Ғабдуллин № 1-ден 24-ке дейін, Оспанов № 1-ден 24-ке дейін, Нұрманбетов № 1-ден 32-ке дейін, Жансүгіров № 1-ден 18-ге дейін, Поливное № 1-ден 4-ке дейін, Сәтбаев № 3.

      № 265 сайлау учаскесі

      Орталығы: Көксу бекеті, Байтұлақов көшесі № 11, Мұқаншы орта мектебі.

      Шекарасы: Көксу бекеті, көшелер: Байшапанов № 1-ден 26-ға дейін, Жапсарбаев № 1-ден 117-ге дейін, Жансүгіров № 5-тен 21-ге дейін, Нұрпейісов № 1-ден 20-ға дейін, Абай № 1-ден 64-ке дейін, Байтұлақов № 3-тен 43-ке дейін, Рысқұлов № 1-ден 57-ге дейін, Иманов № 2-ден 35-ке дейін, Жабаев № 1-ден 19-ға дейін, Исабаев № 1-ден 28-ге дейін, Алдабергенов № 3-тен 25-ке дейін, Орақты батыр № 8-ден 53-ке дейін, Мұқанов № 2-ден 17-ге дейін.

      № 266 сайлау учаскесі

      Орталығы: Мұқаншы ауылы, Сейфуллин көшесі № 17, "Қарлығаш" денсаулық сауықтыру лагері.

      Шекарасы: Көксу бекеті, көшелер: Желтоқсан № 1-ден 36-ға дейін, Береке № 1-ден 18-ге дейін, Сейфуллин № 1-ден 15-ке дейін, Молдағұлова № 1-ден 2-ге дейін, Уәлиханов № 5-тен 11-ге дейін, Гагарин № 4-тен 6-ға дейін, Орақты батыр № 42-ден 61-ге дейін, 8-Март № 2-ден 68-ге дейін, Қожабергенов № 1-ден 84-ке дейін, Байсейітова № 1-ден 67-ге дейін, Қазақстан № 5-тен 81-ге дейін, Шалабаев № 1-ден 83-ке дейін, Әуезов № 2-ден 63-ке дейін, политехникалық колледж № 1-ден 8-ге дейін.

      № 267 сайлау учаскесі

      Орталығы: Нәдірізбек ауылы, Әлкенов көшесі № 15, дүкен ғимараты.

      Шекарасы: Нәдірізбек ауылы, көшелер: Әлкенов № 1-ден 26-ға дейін, Ағыбаев № 4-тен 24-ке дейін; "Өндіріс", орман шаруашылығы учаскелері.

      № 268 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жетіжал ауылы, Кәкенов көшесі № 25, Жетіжал орта мектебі.

      Шекарасы: Жетіжал ауылы, көшелер: Сәтпаев № 1-ден 28-ге дейін, Кәкенов № 2-ден 22-ге дейін, Ешкенов № 1-ден 18-ге дейін, Белғожанов № 1-ден 22-ге дейін, Байсабанов № 1-ден 20-ға дейін, Абай № 1-ден 34-ке дейін, Тоқсанбаев № 1-ден 26-ға дейін, Киров № 3-тен 41-ге дейін.