Текелі қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 маусымдағы № 26-167 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 4 шілдеде № 4757 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Текелі қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Менисов Бакытжан Запировичқа жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қалалық мәслихатының
      сессия төрағасы Э. Иманбердиева
      Текелі қалалық
      мәслихатының хатшысы Н. Калиновский

  Текелі қалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 маусымдағы № 26-167 шешіміне қосымша

Текелі қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Текелі қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 44-289 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3683 тіркелген, 2016 жылдың 8 ақпанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2. "Текелі қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 4-18 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3842 тіркелген, 2016 жылдың 2 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3. "Текелі қаласы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 27 қазандағы № 8-44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4015 тіркелген, 2016 жылдың 29 қарашасында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).