Ақтөбе облысының Алға ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы

Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 30 мамырдағы № 232 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Алға аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 19 маусымда № 3-3-163 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысының Алға ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қауылының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Алға ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 504 "Алға ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4696 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 01 ақпанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Алға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Алға ауданының әдiлет басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Т. Бисеновке жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н.С. Алдияров
      Келісілді:
"Ақтөбе облысының жолаушылар
көлiгi және автомобиль жолдары
басқармасы" мемлекетік
мекемесінің басшысы
30 мамыр 2018 ж.
А. К. Османғалиев

  Алға ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 мамыр № 232 қаулысына қосымша

Ақтөбе облысының Алға ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдалымдағы автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері

№ р/с

Автомобиль жолының индексі

Автомобиль жолының атауы

Жалпы ұзындығы, шақырым

1

KD-AL-19

Алға-Құмсай-Сарықобда

70,15

2

KD-AL-20

Болгарка-Қарабұлақ-Әскери бөлімше

63,010

3

KD-AL-21

Үшқұдық-Алға-Тоқмансай

113,495

4

KD-AL-22

Маржанбұлақ ауылына кіре беріс

0,66

5

KD-AL-23

Ақай ауылына кіре беріс

13,815

6

KD-AL-24

Есет ата мемориалды кешеніне кіре беріс

4,26

7

KD-AL-25

Алға ауданының Автожолына кіре беріс

0,88

БАРЛЫҒЫ:

266,27